Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Атап айтқанда, көпшілік назарына есепті салық кезеңі ретінде 2024 жылғы деректер ұсынылған. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың жұбайы Гүлжан Абауованың кірісі 2024 жылы 1,5 млн теңге болған.
Фото: Құжаттан алындыПалата төрағасының орынбасары Дания Еспаеваның 2024 жылғы дербес салық салуға жататын табыстары туралы мәліметтері орналастырылмаған.
Фото: Құжаттан алынған скринСонымен қатар Мәжіліс төрағасының тағы бір орынбасары Альберт Раудың жұбайы Светлана Раудың аталған кезеңдегі кірісі 10,8 млн теңге болған.
Фото: құжаттан алындыДепутат Анас Баққожаевтың жұбайы Әлия Отарбаеваның табысы 4,3 млн теңге сомасында көрсетілген.
Фото: Құжаттан алындыАл Ерлан Барлыбаевтың жұбайы Ғалия Барлыбаеваның есепті салық кезеңіндегі деректерінде кіріс ретінде 528 млн теңге жазылған.
Фото: Құжаттан алындыМұнымен қоса, Бауыржан Смағұловтың жұбайы Гүлмира Дюсебекованың кірісі 48 млн теңге сомасында белгіленген.
Фото: Құжаттан алынғанАйта кетейік, Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жұбайы 2024 жылы 88 млн теңгеден астам табыс алған.
Бұған дейін Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында табыс декларациясын тапсырудың тәртібі өзгеретінін айтқан болатын.