Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Естеріңізге сала кетсек, 16 қаңтарда Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның бюро отырысында жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.
Соған орай депутаттарға «2003 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарау ұсынылады.
Хаттама арқылы «Кеген-автожолдық» (Қазақстан Республикасы) және «Қарқара-автожолдық» (Қырғыз Республикасы) өткізу пунктінің жұмыс режимін «тәуліктің жарық уақытынан» «тәулік бойы» деп өзгерту көзделген.
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті Өткізу пунктінің жұмыс режимін өзгерту Қазақстан-Қырғызстан шекара маңы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, тауар айналымын ұлғайтуға және мемлекеттердің туризм саласындағы ынтымақтастығын дамытуға ықпал ететін болады.
Сондай-ақ екі елдің шекарасында орналасқан басқа да автокөлік өткізу пункттерінде жолаушылар ағынын азайтуға септігін тигізеді.
Сонымен қатар жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына 2016 жылы 6 қазанда Монреалда қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а) және 56-баптарының өзгеруіне қатысты хаттамаларды ратификациялау туралы заң жобасы енгізілді.
Бұл құжатта Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы кеңесінің және Аэронавигациялық комиссияның сандық құрамын ұлғайту қарастырылады.