Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Мәжіліс қазақ қырғыз шекара бекетінің жұмыс уақытына қатысты құжатты қарайды

Мәжіліс қазақ қырғыз шекара бекетінің жұмыс уақытына қатысты құжатты қарайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Естеріңізге сала кетсек, 16 қаңтарда Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның бюро отырысында жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды. Соған орай депутаттарға «2003 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарау ұсынылады.

Хаттама арқылы «Кеген-автожолдық» (Қазақстан Республикасы) және «Қарқара-автожолдық» (Қырғыз Республикасы) өткізу пунктінің жұмыс режимін «тәуліктің жарық уақытынан» «тәулік бойы» деп өзгерту көзделген.

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Өткізу пунктінің жұмыс режимін өзгерту Қазақстан-Қырғызстан шекара маңы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, тауар айналымын ұлғайтуға және мемлекеттердің туризм саласындағы ынтымақтастығын дамытуға ықпал ететін болады. Сондай-ақ екі елдің шекарасында орналасқан басқа да автокөлік өткізу пункттерінде жолаушылар ағынын азайтуға септігін тигізеді.

Сонымен қатар жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына 2016 жылы 6 қазанда Монреалда қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а) және 56-баптарының өзгеруіне қатысты хаттамаларды ратификациялау туралы заң жобасы енгізілді. Бұл құжатта Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы кеңесінің және Аэронавигациялық комиссияның сандық құрамын ұлғайту қарастырылады.

Коллаж: Kazinform

Халықаралық Азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабына түзету ИКАО Кеңес мүшелерінің санын 36-дан 40 дейін ұлғайтуды көздейді. Бастапқыда конвенцияда ИКАО кеңесі 21 мүшеден тұратындығы айтылған. Кейіннен бұл сан 1961 жылы 27 мүшеге, содан кейін 1971 жылы 30 мүшеге, 1974 жылы 33 мүшеге және 1990 жылы 36 мүшеге өзгертілді.

Ал конвенцияның 56-бабына енгізілген түзету Аэронавигациялық комиссияның мүшелік құрамын 19-дан 21 мүшеге дейін ұлғайтуды қарастырады. Бастапқыда конвенцияда аэронавигациялық комиссияның 12 мүшесі болатыны белгіленген. Кейіннен бұл сан 1971 жылы 15 мүшеге және 1989 жылы 19 мүшеге артқан.

Айта кетейік, өткен аптада өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығу тегін айқындауды реттейтін келісімді және Техникалық регламенттер талаптарының сақталуы туралы хаттаманы ратификациялады. Екі ратификациялық құжатты депутаттарға Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков таныстырды.

«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң Мәскеуде 2023 жылғы 4 желтоқсанда жасалған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімді ратификациялауға бағытталған.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— Келісім тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде олардың шығарылған жерін айқындау, куәландыру және растау тәсілдеріне құқықтық негізді қамтамасыз етеді. Осы құжат ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды, оның ішінде Қазақстан аумағынан шығарылатын тауарларды әкетуге тыйым салулар мен шектеулер белгіленген заттарды шығару кезінде тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының қолданылуын бақылау үшін тиісті мүмкіндік береді, — деді Айдар Әбілдабеков.

Ал Мәжіліс ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу хаттамасында одақ аумағында айналымда болатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпті өнім туралы хабардар ету жүйесін іске қосу көзделген.

— Одақтағы және ұлттық заңнамадағы қайшылықтарды жою және кәсіпкерлер үшін ықтимал сын-қатерді азайту мақсатында 2024 жылғы 8 мамырда Мәскеуде келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. Заң жобасының ережелері «қауіпті өнім» деген сөздерді «Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім» деген сөздермен ауыстыру секілді өзгерістерді қамтиды. Заң жобасының міндеті — заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес хаттаманы қабылдау үшін мемлекетшілік рәсімдерді жүргізу, — деп түсіндірген еді вице-министр.

Жалпы отырыс соңында мәжілісмендер мемлекеттік органдарға өзекті әлеуметтік және экономикалық тақырыптар бойынша 10 депутаттық сауал жолдады. Мәселен, депутат Нартай Сәрсенғалиев Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалында жолдағы қауіпсіздік мәселесін көтерді.

Фото: parlam.kz

Оның дерегінше, тек 2024 жылы 12,6 миллион жол ережесін бұзу фактісі тіркелсе, 2025 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 9,7 миллионға жеткен. Мас күйінде ұсталған жүргізушілер саны 16 мыңнан асады.

— Сондықтан жол ережесін бірнеше рет өрескел бұзғандарды қайта емтихан тапсыруға міндеттеу керек. Екіншіден, жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактілерін түбегейлі тоқтату керек. Интернетте «250 мың теңгеге куәлік жасап беремін» деген жарнамалар өріп жүр. Соңғы жылдары осындай 222 қылмыстық факт анықталған. Жаза қатаңдамай, бұл мәселе шешілмейді. Үшіншіден, айыппұлды көбейтіп, камера мен дронды тек жазалау құралына айналдыру дұрыс емес. АҚШ пен Еуропа елдеріндей дронды жол сапасын бақылауға пайдалану керек. Ақау анықталса, ақпарат автоматты түрде жауапты органға жіберілуі тиіс. Төртіншіден, апаттардың 30 пайызы сапасыз жолдың салдарынан, — деді депутат.

Ал Үнзила Шапақ Roblox онлайн-платформасын шектеуге қатысты ұсыныс айтты. Оның атап өтуінше, Roblox сияқты ашық онлайн-платформаларда кәмелетке толмаған балаларға қатысты қылмыстық ниеті бар адамдардың, соның ішінде педофилдер мен алаяқтардың белсенді әрекет ететіні туралы деректер бар. Алдымен ойындағы виртуалды чат арқылы баланың сеніміне кіріп, кейіннен Roblox-тан Телеграмға көшіп, құпия кездесуге шақырады және аяғы қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін.

Магеррам Магеррамов Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында елдегі алкоголь өнімдері айналымына қойылатын талаптарды қатаңдату қажеттігіне назар аудартты.

Фото: Pixabay.com

Осы ретте ол Халық партиясы фракциясы атынан Үкіметке мынадай ұсыныстар енгізді:

- алкоголь өнімдерін міндетті цифрлық таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізу;

- алкоголь сатылатын нақты сауда нүктелерін айқындап, одан басқа жерде сатуға жалпыға бірдей тыйым салу;

- сауда нысандарында алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сағат 20:00–ден кейін сатуға тыйым салу;

- ойын-сауық орындарында (кафе, мейрамхана) алкогольді сағат 22:00–ден кейін сатуға тыйым салу;

- алкоголь өнімдерін интернет арқылы сатуға тыйым салу;

- Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау министрліктеріне құқықбұзушылықтың алдын алу субъектілері ретінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында алкоголизмнің алдын алу бойынша цифрлық және медиа платформаларды пайдаланып, бірыңғай профилактикалық бағдарлама әзірлеу.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 09:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары