Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Мәжіліс кредиттік рейтингтердің сапасына қатысты құжатты мақұлдады

Мәжіліс кредиттік рейтингтердің сапасына қатысты құжатты мақұлдады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жаңа заң жобасы алғаш рет Қазақстандағы кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметін реттеудің құқықтық негізін белгілейді. Кредиттік рейтингтерді кредиттік тәуекелді бағалау және инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде инвесторлар, банктер және реттеушілер кеңінен қолданады. Рейтингтер - қаржы нарығы инфрақұрылымының негізгі элементі. Олар борыштық бағалы қағаздарды шығару және айналысқа жіберу, сондай-ақ эмитенттердің кредит қабілеттілігі мен қаржы құралдарын бағалау кезінде пруденциялық реттеуде кеңінен қолданылады.

- Бүгінде Қазақстан Республикасының аумағында Standard & Poor's, Moody's және Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктері рейтинг береді. Сонымен бірге шетелдік рейтингтік агенттіктерді аккредиттеу арқылы ЭКСПЕРТ РА және АКРА пруденциялық реттеу мақсатында рейтинг береді. Бұл ретте ұлттық рейтингтік бағалау жүйесі және құқықтық базасы қалыптаспаған. Рейтингтерді негізінен қаржы ұйымдары мен ірі бизнес компаниялары алады. Ұлттық рейтингтік жүйені құру шағын және орта бизнес үшін капитал нарығына шығуды жеңілдетеді. Бұл қарыз алу құнын төмендетуге, ақпараттық асимметрияны азайтуға және эмитенттердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Банктер, зейнетақы қорлары және сақтандыру ұйымдары сияқты институционалдық инвесторлар үшін инвестициялау мүмкіндігін кеңейтеді, - деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Заң жобасы 7 тараудан, 30 баптан тұрады. Ол рейтингтік қызметті мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың кешенді моделін құрайды. Ілеспе заң жобасымен 3 кодекске және 18 заңға түзетулер енгізіледі. Рейтингтік қызметті реттеудің негізгі мақсаты – рейтингті пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кредиттік рейтингтік агенттіктер қызметінің ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету.

Жаңа заңда келесі реттеу міндеттері көзделген:

1) Рейтингтік қызметтің құқықтық негіздерін белгілеу;

2) Рейтингтік қызметтің ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету;

3) Рейтингтік қызметті мониторингтеу және қадағалау;

4) Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржы нарығына деген сенімді нығайту.

Қазақстанның рейтингтік агенттігі құрылмақ

- Заң жобасы аясында рейтингтік қызметті реттеудің мынадай негізгі бағыттары қарастырылады. Осы орайда рейтингтік қызметті жүзеге асыру үшін заңнамалық негіздер құру ескерілген. Заң жобасында кредиттік рейтингтік агенттіктердің үш түрін көздейтін институционалдық модель енгізіледі. Біріншіден, тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институты ретінде Қазақстанның рейтингтік агенттігін құру. Оның акционерлері Ұлттық банк, халықаралық рейтингтік агенттік және басқа да қаржы ұйымдары болады. Ұлттық Банк агенттіктің қаржылық орнықтылығын және қаржы нарығы тарапынан сенімді қамтамасыз етеді, - деді М. Әбілқасымова. 

Екіншіден, халықаралық рейтингтік агенттіктер қамтылған. Бұл – Standard&Poor's, Moody's, Fitch агенттіктері мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының кемінде бес елі таныған басқа рейтингтік агенттіктер. Сонымен қатар рейтингтік қызметті мемлекеттік бақылау мен қадағалауды енгізу ескерілген. Заң жобасында кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметін реттеу мен қадағалаудың толық циклі қалыптастырылады. Агенттікке халықаралық және шетелдік рейтингтік агенттіктерді тану, мониторингтеу және тануды кері қайтарып алу, сондай-ақ рейтингтік қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуын бақылау өкілеттіктері беріледі.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық рейтингтік агенттік үшін жарғылық және меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар заңға тәуелді деңгейде белгіленетін болады. Жарғылық капитал шамамен 10 млрд теңгені құрайды деп қарастырылған. Бұл басқа елдердегі ұлттық рейтингтік агенттіктердің практикасына сәйкес келеді.

Кредиттік рейтинг әдіснамаларына қойылатын талаптарды белгілеу

Заң жобасында рейтингтік қызметтің негізгі элементі ретінде рейтингтерді беру әдіснамаларын реттеу қарастырылған. Рейтингтік қызмет тек бекітілген әдіснамалар негізінде жүзеге асырылады. Әдіснамаларға қойылатын талаптар белгіленеді. Олар кредит қабілетін кешенді бағалауды, тәуекелдің барлық маңызды факторын ескеруді, тарихи деректер негізінде салыстыруды және тексерілуді қамтамасыз етуге тиіс. Бұған қоса әдіснамаларды жылына кемінде бір рет тұрақты жаңартып отыру талабы енгізіледі. Әдіснамаларда қателер анықталған жағдайда, оларды ашу міндеті енгізіледі.

Бұдан бөлек, ақпараттың ашықтығына қойылатын талаптарды белгілеу қарастырылған. Заң жобасының маңызды жаңалығы - рейтингтік агенттіктер үшін ақпаратты ашу стандарттарын белгілеу.

- Барлық рейтингтік агенттіктер өздерінің интернет-ресурсында әдіснамаларды, баға белгілеу саясатын және орын алған мүдделер қақтығысын ашық жариялауға міндетті. Рейтингтер бойынша дефолт деңгейлері туралы тарихи деректерді және агенттік қызметінің ашықтығы туралы жыл сайынғы есепті жариялау туралы талап енгізіледі, - деді М. Әбілқасымова.

Оның пайымынша, ұсынылып отырған заң жобасы кредиттік рейтингтердің ашықтығын, тәуелсіздігін және сапалы болуын қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ рейтингтік қызметті реттеудің жүйелі және халықаралық стандарттарға сәйкес моделін қалыптастырады. Оны қабылдау ішкі капитал нарығын дамыту үшін институционалдық негіз болып табылады, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғауды және қаржы жүйесіне деген сенімді арттырады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, соңғы бес жылда акциялар нарығын капиталдандыру 115%-ға ұлғайып, 44,7 трлн теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 11:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see150

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see146

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see123

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see122

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары