Мемлекет басшысы әр облыста ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған орталықтар салуды тапсырды

28.08.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Президенттің сөзінше, Құрылтай қос палаталы Парламент депутаттары қарап үлгермеген бірқатар заң жобасын қабылдауға тиіс. Соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау жөніндегі заңға баса назар аудару қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені бұған дейін Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен отырысында көтергенін еске салды.

"Біз ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін атаулы қолдаудың тиімді жүйесін құруымыз керек. Олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау қажет. Әсіресе медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру керек", – деді Мемлекет басшысы.

Президент осындай балаларға арналған орталықтарды әр облыста және ірі аудандардың қалаларында салу қажеттігін атап өтті. Ол демеушілер де бұл маңызды іске атсалысатынына сенім білдірді.

"Мемлекет шын мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсетуі керек. Бұл – мен үшін тұрақты ұстаным", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью