Мемлекет басшысы әр облыста ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған орталықтар салуды тапсырды
Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Президенттің сөзінше, Құрылтай қос палаталы Парламент депутаттары қарап үлгермеген бірқатар заң жобасын қабылдауға тиіс. Соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау жөніндегі заңға баса назар аудару қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені бұған дейін Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен отырысында көтергенін еске салды.
"Біз ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін атаулы қолдаудың тиімді жүйесін құруымыз керек. Олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау қажет. Әсіресе медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру керек", – деді Мемлекет басшысы.
Президент осындай балаларға арналған орталықтарды әр облыста және ірі аудандардың қалаларында салу қажеттігін атап өтті. Ол демеушілер де бұл маңызды іске атсалысатынына сенім білдірді.
"Мемлекет шын мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсетуі керек. Бұл – мен үшін тұрақты ұстаным", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
21 Сәуір 2026 11:02
Ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған Samga байқауы өтті
09 Желтоқсан 2025 11:55
Әділет партиясының қолға алуымен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған республикалық фестиваль басталды
26 Қыркүйек 2026 14:56
Ерекше балаларға арналған қосымша
20 Қараша 2025 06:48
Ақтөбеде ерекше қажеттілігі бар спортшыларға арналған спорт кешені пайдалануға берілді
22 Қаңтар 2026 14:32
Көрілімдер:104
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Тамыз 2026 12:03 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















