Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ерекше балаларға арналған қосымша

Ерекше балаларға арналған қосымша

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ал 11 мыңға жуығы 6 мен 14 жас аралығындағы балалар болса, 800-ден астамы – 15 пен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 1 қыркүйектегі дерегіне сүйенсек, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың соңғы айларымен салыстырғанда 17,8 пайызға артқан. 

Алаңдатарлық статистика қазір ерекше балаларға арналған қосымша ресурстардың қажеттілігін күшейтіп отыр. Осы қажеттілікті өтеу мақсатында жас зерттеушілер INME атты мобильді қосымша әзірлеген. 

INME – ерекше балалардың әлеуетін ашуға көмектесетін платформа. Қосымша баланың эмоционалдық күйін анықтауға және басқа балалармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Аталған жобаны Алматы қаласында орналасқан жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары дайындаған. Олар осыған дейін АСБ диагнозы бар балаларға арналған мобильді қосымшасын республикалық байқауға ұсыныпты. Бірнеше кезеңнен тұратын жарыста оқушылар ойлап тапқан жоба үздік ондыққа еніп, 600 мың теңге көлемінде грант иегері атанды. 

Жақында біз жоба авторларына байланысқа шығып, өзекті жобаға қатысты бірқатар сауалымызды қойдық. Жас зерттеушілер грант қаражаты қосымшаны әрі қарай жетілдіруге және жасанды интеллект жүйелерін интеграциялауға жұмсалатынын жеткізді.

– INME идеясы ата-аналар мен тәрбиешілер үшін АСБ диагнозы бар балалардың эмоционалды жағдайын түсіну қаншалықты қиын екенін көргенде пайда болды. Шын мәнінде, көптеген бала өз сезімдерін сөзбен жеткізе алмайды, бірақ олар мұны сызбалар арқылы білдіреді. Сондықтан біз жобамызда арт-терапияны, ABA тәсілін және жасанды интеллекті біріктірдік. Қосымшаны дайындау­дағы басты мақсатымыз – ерекше балалардың әлеуметке бейімделуін жеңілдетіп, олардың  әлеуетін ашуға үлес қосу. INME жобасының басқа қосымшалардан айырмашылығы – түстерге, сызықтарға, пропорция­ларға және композицияларға сәйкес сызбаларды терең AI талдау, сонымен қатар қосарланған сурет форматы және әр балаға бейімделуінде, – деді жара­тылыстану-математика бағы­тындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Нұрзат Қасымов. 

Нұрзаттың айтуынша, қо­­сым­­шадағы алгоритмдер мен контент балалардың жеке ерекшеліктеріне қарай бейім­деледі. Бұл процестің жүзеге асуына жасанды интеллект технологиясы көмектеседі. Осылайша, әр баланың деңгейіне сәйкес түрлі әдіс қолданылады. 

– INME баланың жасын, қарым-қатынас деңгейін, анықтамаларға реакциясын, тапсырмаларды орындау жылдамдығын және қатысу дәрежесін ескере отырып, индивидуалды тәсілді қолданады. Осы параметрлерге сүйене отырып, жасанды интеллект жеке бағдарлама құрастырады. ЖИ тапсырмаларды, жаттығулар және интерфейсті баланың ерекшеліктеріне қарай бейімдейді, – деді жас зерттеуші.

Оқушылар жобаны әзірлеу барысында заманауи технология түрлері айтарлықтай ықпал еткенін алға тартты. Дәлірек айтсақ, деректерді қауіпсіз сақтауға және қосарланған сурет салу функциясын орындауға арналған Supabase, сондай-ақ балалардың суреттерін даралау және терең талдауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект алгоритмдері маңызды рөл атқарған. 

– Тапсырмаларды құру кезінде біз ғылыми дәлелді зерттеулерге сүйендік. Атап айтсақ, олардың қатарында арт-терапия материалдары, балалар суреттерін диагностикалау және талдау әдістері, түс психологиясын зерттеу және мінез-құлықты ABA талдау принциптері бар, – деді оқушы. 

Ғалымдар ұсынған деректерге назар аударсақ, кейінгі жылдары Қазақстанда аутизмнің таралу көрсеткіші артқан. Зерттеулер көрсеткендей, 2016 жылы 100 мың балаға шаққанда 16 жағдай болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 59 жағдайға дейін өскен. Осыған ұқсас үрдіс атипиялық аутизмде де байқалады. Атипиялық аутизмнің таралуы 2016 жылмен салыстырғанда 2022 жылы алты есеге көбейген. Жас зерттеушілер әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған мұндай цифрлық жобалар қоғамда маңызды рөл атқаратынын негізге алды. 

– Мұндай цифрлық шешімдер – Қазақ­стандағы аутизм диагнозы бар балалар үшін аса қажет жоба. Мобильді қосымша ата-аналарға баланың эмоционалды жағдайын жақсы түсінуге көмектеседі, ал мамандар үшін аналитикалық деректер мен жаңа әдіс-тәсілдер туралы ақпарат береді. Бұл АСБ диагнозы бар балаларды оқыту сапасын жақ­сартады және заманауи терапевтік тәжірибелерге қол жеткізуді жеңілдетеді, – деді Н. Қасымов. 

Қазір жобаның прототипі дайын. Жақын күндері ол аутизм орталықтарында тестілеуден өтеді. Команда мүшелері келешекте инвесторлар мен бизнесқауымдастық өкілдерімен кездесуді, сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлескен жобаларды іске асыруды көздеп отыр. 

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:206
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 06:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары