Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Ерекше балаларға елеулі көзқарас

Ерекше балаларға елеулі көзқарас

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Елімізде аутизм сырқатына шалдыққан балалардың саны кейінгі жылдардың бедерінде күрт өсіп отыр. Аутизм спектрінің бұзылысын ерте анықтап, емдеуге ерекше екпін салудың маңызы жоғары. Тіпті кеселдің алғашқы белгілері қылаң берген сәттен-ақ дәрігер мамандардың еміне жүгіну қатер бұлтын сейілтуге септеседі.

Сурет: turkystan.kz

Елордада жыл сайын аутизм спектрінің бұзылысы бар бала­лардың ата-аналары мен  мамандардың талқылау жиыны өтеді. Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған  іс-шарада ерекше бала күтіп-бағып отырған ата-аналар сарапшы, арнаулы  мамандармен өзекті мәселелерді ашық талқылап, өз сауалдарына жауап алды. «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында «Bolashak Charity» қоғамдық қоры ұйымдастырған  дәстүрлі шара биыл да «Amanat» партиясының қолдауымен өтті. «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек күрмеулі мәселенің түйіні шешілуіне осындай ашық талқылау мен саралаудың септігі мол екенін айтады.

«Мемлекет басшысының бастамасымен барлық азаматқа тең мүмкіндік ұсыну бағытында елеулі қадамдар жасалып отыр. Инклюзивті қоғам құру – мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. «Autism Talks» сияқты алаңдар нақты мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік береді. Әрбір баланың әлеуетін толық аш-уына жағдай жасау – басым бағыттардың бірі. «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында аутизм спектрінің бұзылысы бар балаларға арналған 13 ерте араласу және «Қамқорлық» бас-тамасымен аудандық деңгейде 6 оңалту орталығы ашылды. Бұл – инклюзияның қағаз жүзінде емес, нақты іспен жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Партия осы бағыттағы жүйелі жұмысты жалғастыра береді», деді Д.Кәрібек.

Осы жиында ерекше балалардың ата-аналары да өз ой-пікірін ортаға салып, көпшіліктің көкейіндегі сауалдарды сарапшы мамандарға жолдап, пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Іс-шараға Қарағанды қаласынан арнайы келіп қатысқан  «Batyl Jureq» қорының тең құрылтайшысы, менталдық ерекшеліктері бар балаларға арнайы бейімделген спорт жобасының жетекшісі Гауһар Әкіжанова әр баланың болашағы ата-ананың қолында екенін айтады.

«Ерекше балаларды спортқа баулып, қызықтыра білу олардың сенімділігін арттырады. Спортпен шұғылдануға әуестенген бала қозғалыс жасаған сайын жүрегінде үміт оты оянады.  «Менің де қолымнан келеді» деген сенім пайда болып, дағды қалыптасады. Менің үш қызым бар, кенжеміз 13 жаста, ДЦП диагнозымен тіркеуде тұр. Бүгінде Паралимпиада спорты саналатын боччамен шұғылданады. Елордада өткен жиында жиналған көпшілікке өзімнің тәжірибемді айттым. Әр балаға мүмкіндік берілсе, оның міндетті түрде үміті оянады, сенімі артады. Кенжеміз өмірге келгенде біздің өңірде ешқандай мүмкіндік жоқ екенін түсіндім. Ондай орта қалыптаспаған, қолдау орталығы кемшін екенін бағамдағанда өзіме өзім «мүмкіндік жоқ болса, оны өзім жасаймын» деп мақсат қойдым. Ерекше балалардың аналары бастамашы болып 6 жыл бұрын  «Batyl Jureq» қорын құрдық.  Біз өзгерісті өзіміз жасадық. Қор құрылғалы  Қарағанды облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Сауықтыру жүзуі және жеңіл атлетика» жобасын жүзеге асырып отыр», дейді Г.Әкіжанова. Жылдан-жылға қордың ауқымы кеңейіп, 250 баланы қамтып отыр. Жоба жетекшісі менталдық ауытқуы бар қыз бала алты ай бойы суға түсуге жүрексініп беттемегенін ай­тады. Ал бүгінде жеткіншек еркін жүзіп қана қоймай, жарыстарға да қатысатын көрінеді. Тағы бір аутизмге шалдыққан балақай жеңіл атлетикамен шұғылданып, 3 шақырымнан аса қашықтықты да алқынбай еңсеретін деңгейге жеткен. Мұнда баланы спортқа емес, спортты баланың икеміне қарай бейімдейді. Яғни адаптивті спорт әр баланың ерекшелігін ескеретін жеке тәсіл саналады. «Мұнда тұрақтылық маңызды, спорт балаға сенімділік ұялатады, бойын­дағы қорқынышын жеңеді. Ерекше балалардың да ішкі қуаты орасан, тек жанында қолдайтын, бағыт-бағдар беретін жанашыры болғаны дұрыс», дейді жоба жетекшісі.

Ерекше бала бағып отырған отбасыларда баланың диагнозын қабыл­дап, эмоционалдық ахуалды қадағалау маңызды. «Bolashak Charity» қорының менталдық денсаулық жобасына қатысқан Айгүл Қыналиева тағдырдың жазуына мойынсұну ерекше баланың ата-анасы екеніңді қабылдаудан басталатынын жеткізді.

«Мен де ерекше баланы өмірге әкелгеніме бірнеше жыл сене алмай, қабылдауға батылым жетпей әрі-сәрі күй кештім.  Менталдық денсаулық жобасына қатысқанда психотерапиялық топ келешекке деген сенімімді күшейтіп, үміт отын маздатып, өзгерістерге жете­леді. Ең алдымен «ерекше ата-ана» екенімді жүрегімнен өткізіп, сабырмен қабылдадым. Жоба аясында ерекше бала тәрбиелеп отырған өзге аналармен танысып, тәжірибемізді бөлісіп, пікір алмасқанда келешекке деген серпіліс артады. Мәселен, Астанада өткен «Autism Talks» жобасында да көп жайтты көкейге түйдік»,  дейді А.Қыналиева.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының ресми мәліметінде әлемде әр 100 баланың біреуінде аутизм кеселі кездеседі. Жер бетінде 75 миллион­нан астам бала аутизм спектрінің бұзы­лысымен тіркелген. Психикалық ден­саулық орталығының мәліметінше  биыл­ғы 1 сәуірдегі есепте елімізде аутизм спектрінің бұзылысы диагнозымен 18 153 адам тіркеліп, динамикалық бақылауда тұр. Оның ішінде 17 713-і – кәмелетке толмаған.

Жыл сайын ұйымдастырылып дәстүр­ге айналған «Run for Autism» жүгіру марафоны биыл да жалғасын табады. 26 сәуірде өтетін қайырымдылық шарасын «Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырады. Бұл игі бастама тек жүгіру жарысы ғана емес, сауапты іс. Бұдан бөлек қор 2015 жылдан бері «Әрбір бала мектепке лайық» жобасын да жүзеге асырады. Бағдарламаның мақсаты – аутизм, басқа да менталдық ерекшеліктері бар балалардың да қатарынан қалмай білім алуына мүмкіндік туғызу.

Елімізде аутизм спектріндегі бұзы­лысты дер кезінде анықтауға басымдық беріліп келеді. Сырқаттың салмағына мойынсұнып,  дамуы тежелген ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасына әрдайым  қолдау таныту қажет.    Аутизм – денсаулық сақтау саласында ғана емес,  әлеуметтік саясат өрісінде де күш алып тұрған шетін мәселе.  Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше елімізде аутизм спектрінің бұзылысы байқалған балаларға ерте бас-тан көмек көрсетудің бірыңғай жүйесі жолға қойылған. Баланың 2,5 жарым жасына дейін аутизмді ерте анықтау, кешенді көмек көрсету, оңалту орталықтарында дамыту, білім мен әлеуметтік бейімдеуге баса көңіл бөлінеді. Денсаулық сақтау жүйесінде диагностика M-CHAT-R скринингі арқылы жүргізіледі. Бізде  АСБ диагнозы тек 3 жастан бастап психиатр дәрігердің байламымен жазылады. Сырқаты айқын әрі  кеселдің  ауыр белгілері анықталса,  психикалық денсаулық орталықтарында дәрі-дәрмекпен емдеу және стационарлық ем көрсетіледі.

Аутизмді емдеудің әлемдегі негізгі әдісі – психологиялық-педагогикалық, сон­дай-ақ  мінез-құлықтық терапия. Науқас­­тарға медициналық оңалту көмегін 80 оңалту орталығы көрсетеді. Әлеуметтік қорғау бағытында  8 күндіз қабылдайтын орта­лық бар. Білім жүйесінде АСБ бар балаларға арналған 11 түзету орталығы жұмыс істейді. Кейінгі жылдары әрбір бала мен оның отбасы қажеттілігі ескеріліп, жеке тәсілді енгізуге баса мән берілді. Сонымен қатар  медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында да ауқымды жұмыс атқарылды.

Бір кілтипан аутизм диагнозы қойыл­ған балалардың қатарынан қалмай ба­лабақшада тәрбиеленіп,  мектепте білім алуына инклюзия кабинеттерінің саны әлі де жеткілікті емес. Бүгінде 26 қаладағы мектептерде 80 инклюзия кабинеті бар. Соның нәтижесінде 1000-нан астам ерекше бала мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Елордада жыл сайын дәстүрлі «Run for autism» марафоны өтеді. 26 сәуірге жоспарланған қайырымдылық шарасында жиналған қаражат аутизм сынды менталдық бұзылысы бар балаларға арналған инклюзия кабинеттерін жаб­дықтап ашуға жұмсалады. 2023 жылдан бері ұйымдастырылған марафонға екі жылда 3 351 адам қатысса, оның ішінде 200-ден астам ерекше бала да талабын ұштап, мүмкіндігін сынады. Осыған дейін өткен марафонға қатысушылар мен демеушілердің қолдауымен жиналған 20 миллион теңгеден астам қаржыға елордадағы балабақшаларда 10 инклюзия кабинеті ашылды. Мұның нәтижесі де уақыт күттірмей жемісін берді. Дамуы тежеліп, аутизм спектрінің бұзылысы анықталған 80-нен астам баланың балабақ­шаға баруына мүмкіндік туды. Игі бастама биыл да жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар

Бауырлас елмен байсалды байланыс

Саясат • Бүгін, 08:05

Ертіс ластанбасын деңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:00

Ұлттық рейтинг жүйесі құрылады

Саясат • Бүгін, 07:55

Ұзақмерзімді дамудың құқықтық негізі

Саясат • Бүгін, 07:50

Іргелі инфрақұрылыммен жан-жақты танысты

Саясат • Бүгін, 07:45

Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды

Заң мен Тәртіп • Кеше

Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты

Бокс • Кеше

«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан • Кеше

Ұлттық Банк АҚШ Сауда палатасымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Банк • Кеше

ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды

Аймақтар • Кеше

Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды

Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады

Президент • Кеше

Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды

Спорт • Кеше

Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді

Шаруашылық • Кеше

Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті

Үкімет • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:224
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 08:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see128

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see114

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see114

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see112

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see111

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see107

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары