Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Ерекше балаларға роботтар көмектеседі

Ерекше балаларға роботтар көмектеседі

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Соңғы бес жылда елімізде ғылым саласына серпін беретін бастамалар артып, жас ғалымдарға жаңа мүмкіндіктер ашылды.

Зерттеулерге бөлінетін қаржы көлемі 28%-ға ұлғайып, инновациялық жобалар көбейді. Мамандардың әлеуметтік жағдайлары да жақсарды. Қазір елімізде 27 мыңнан аса ғалым бар. Республика күні қарсаңында тілшіміз Асылжан Құрманғали отандық ғылымның дамуына көз жүгірткен едік.

Асылжан Құрманғали, тілші:

- Арнайы жасанды интеллектпен жабдықталған бұл робот – аутизм диагнозы бар балалардың оңалуына арналған жаңа технология. Құрылғы баламен сөйлесіп, бірге қимыл жаттығуларын орындайды және әр баланың жеке мүмкіндігіне бейімделіп жұмыс істейді. Мұндай тәсіл баланың өз-өзіне деген сенімін қалыптастырады. Қазір мұндай роботтар Қазақстанның жеті өңіріндегі реабилитациялық орталықтарға жеткізілді. Мамандардың айтуынша, құрылғы балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне де айтарлықтай көмектеседі.

Бұл жобаны Анар Сандығұлова 7 жыл бұрын ойлап тауып, жүзеге асырған. Жаңа технология әуелі республикалық оңалту орталығында сынала бастады. Робот адамның эмоциясын бақылай алады. Баланың көңіл-күйі, іс-әрекеті онлайн-порталда тіркеліп, талданады. Демек, кейінгі оңалту шараларына негіз болады. Тағы бір ерекшелігі, роботтың дауысын баптауға да болады. Өйткені өрен тек таныс дауысқа жауап береді. Ал бағдарламасы қазақ тілінде.

Анардың ендігі арманы АҚШ пен Еуропа елдерінде патент алу.

Анар Сандығұлова, Назарбаев Университетінің инженері:

- Біздің робот жасанды интеллектпен жұмыс істейді. Ішінде бет-әлпетті тану, күлуді анықтау жүйесі бар. Мысалы, бала күліп тұр ма, жоқ па — соны көрсетеді. Егер бала бастапқыда байсалды болса, кейін күлімдесе, робот соны есептеп, «бүгін ол 10% уақыт күлімсіреді» деп көрсетеді. Келесі күні бұл көрсеткіш 11%, одан кейін 12% болады. Яғни, егер балада осылай жақсы өзгеріс болса, робот оны автоматты түрде бақылап отырады.

Бұндай тың жобалар мемлекеттік қолдауға мұқтаж. Елде 27 мыңнан аса ғалым еңбек етеді. Оның ішінде 12 мыңы жас ғалым. Бүгінде 5 мыңнан аса ғылыми жоба жүзеге асқан. Сатылғандарының көлемі 44 миллиард теңгеден артық. Салаға серпін беру үшін мамандарға қолдау көрсету де маңызды. Былтырдан бері ғалымдарға 560 пәтер берілді. Ал «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң күшіне енгелі қаржыландыру көлемі артты.

Ренат Елшібеков, “Ғылым қоры” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Қазақстан ғылымының өзі негізі жас болып саналады. Мысалы, 91 жылмен салыстырсақ, Қазақстанда ғалымдардың саны 50 мыңның үстінде болса, тәуелсіздік жылдары ғылымға көңіл бөлінбегендіктен 19 мыңға дейін түсіп қалған. Қазіргі уақытта біз 22 жылдан бастап қаржыландыруды жыл сайын көбейтіп, санын көтерудеміз.

Қазақстан ғылымды қаржыландыру бойынша Орталық Азия елдерінің ішінде алдыңғы орында. Бұл ел экономикасының тұрақтанып, инновациялық бағыттарға бет бұра бастағанының белгісі. 

Рамазан Саттарұлы, Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтану кафедрасының профессоры:

- Менің ұсынысым: жыл сайын магистранттар мен докторанттарды көптеп қабылдаудың қажеті жоқ. Олардың саны аз болсын, бірақ бөлінетін қаржы қолданбалы зерттеулерге, теориялық ізденістерге және ғылыми жетекшілердің жалақысын көбейтуге бағытталуы керек. Әйтпесе ғылыми жетекшілерді бұрынғы тарифпен ұстап отырмыз да, сол жалақыға 4–5–6 маман дайындаудамыз.

Алдағы 2 жылға ғылымды дамытуға 530 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Биыл 2 мың 400-ге жуық ғылыми жоба, 264 ғылыми-техникалық бағдарлама, 208 коммерциялық жоба іске асырылып жатыр. Ал Анар Сандығұлова бастаған топ, робототехника мен жасанды интеллект негізінде жаңа әлеуметтік жобаларды іске қоспақ.

Асылжан Құрманғали, Досбол Байдильдин, Ақылбек Есімсейітов

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:216
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 13:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары