Әлем чемпионаты: Нидерланд пен Жапония тең түсті
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Фото: Getty Images
Есеп ойынның 51-минутында ашылды. Нидерланд құрамасының капитаны Вирджил ван Дейк мергендігімен көзге түсті. Алайда араға 6 минут салып, жапониялық Кэйто Накамура таразы басын теңестірді.
64-минутта Крисенсио Саммервилл голландықтарды қайтадан алға шығарды. Дегенмен жапон футболшылары матч соңына дейін күресіп, 88-минутта Даити Камаданың голының арқасында есепті теңестірді.
Осылайша, қос команда топтық кезеңде бір-бір ұпайдан еншіледі.
Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты белгілі болды
Айта кетейік, F тобында бұдан бөлек Швеция мен Тунис құрамалары бар. Нидерланд құрамасы келесі матчын 20 маусымда Швецияға қарсы өткізсе, Жапония 21 маусымда Туниспен кездеседі. Ал топтық кезеңнің соңғы турында, 25 маусымда Нидерланд Туниспен, ал Жапония Швециямен ойнайды.
Бұған дейін Германия мен Кюрасао құрамалары арасындағы ойында футбол жанкүйерлері 8 голдың куәсі болды. Матч Германия құрамасының пайдасына 7-1 есебімен аяқталды.
Еске сала кетейік, алғашқы ойында Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамасы кездесті.
3 қызыл қағаз: Әлем чемпионатының ашылу ойындарында төреші рекорд орнатты
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:77
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Маусым 2026 08:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















