Мерейі тасыған Марқакөл

09.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында экономиканы әртараптандыру, цифрлық өзгерістерді жеделдету, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын дамыту және халық­тың әл-ауқатын арттыру мәселелерін мем­лекеттік саясаттың негізгі басым­дық­тары ретінде айқындаған болатын. Бұл мін­деттер Марқакөл ауданында да жүйелі түр­де іске асырылып келеді. 

Бүгінде ауданның дамуы бір ғана ба­ғыт­пен шектелмейді. Өнеркәсіп, ауыл ша­руа­шылығы, кәсіпкерлік, туризм, инф­ра­құрылым, әлеуметтік сала – осының бар­лығы өзара сабақтасып, өңірдің тұрақ­ты дамуына негіз қалыптастыруда. Жаңа­дан құрылған аудан болғанына қарамастан, қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылған жұ­мыстар оның болашағына деген сенімді күшейтіп отыр. 

ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ АУДАН

Аудан құрамына бес ауылдық округ пен 23 елді мекен кіреді. Оның ішінде 17 ауыл мемлекеттік шекарадан 50 ша­қы­рым­дық белдеуде орналасқан. 2026 жылдың ал­ғашқы бес айының қорытындысы бойын­ша ауданның әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық даму көрсеткіштері оң нәтижелерге жетті. Мысалы, өнеркәсіп өнімінің көлемі 7,3 миллиард теңгеге барып, нақты көлем индексі 140,5 пайызды құрады. Әсіресе тау-кен өнеркәсібінде жоғары өсім бай­қа­лып, өндіріс көлемі 4 миллиард теңгеге жет­се, нақты көлем индексі 160,1 пайыз бол­ды. Бұл өңірдегі өндірістік әлеуеттің ар­тып келе жатқанын және инвестициялық белсенділіктің күшейгенін көрсетеді. 

Өңдеу өнеркәсібінде де оң өзгерістер жал­ғасуда. Саладағы өндіріс көлемі 2,9 мил­лиард теңгені құрады. Бұл жергілікті ши­кізатты өңдеу үлесінің біртіндеп ұл­ғайып келе жатқанын білдіреді. Алдағы жыл­дары өңдеу өнеркәсібін дамыту аудан эко­номикасының басты бағыттарының бірі болып қала береді. 

Экономиканың негізгі тірегі саналатын ауыл шаруашылығы да тұрақты өсім көр­сетіп отыр. Жалпы, ауыл шаруашылығы өні­мінің көлемі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға өсіп, 2,9 миллиард теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш шаруалардың еңбегі мен мемлекеттік қол­дау шараларының тиімділігін дәлелдейді. 

Инвестициялық белсенділік те артып ке­леді. Биылғы бес айдың өзінде негізгі ка­питалға салынған инвестициялар көлемі 365,1 миллион теңгені құрады. Бұл қара­жат­­тың басым бөлігі өндірісті жаңғыртуға, кә­сіпкерлікті дамытуға және жаңа жоба­лар­ды іске асыруға бағытталуда. 

Қазір аудан аумағында 552 шағын және ор­та кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш жергілікті кәсіпкерлердің эко­номиканы дамытудағы рөлінің артып ке­ле жатқанын көрсетеді. Мемлекеттік бағ­­дарламалардың қолдауы арқылы кә­сіп­керлік саласы жаңа серпін алып, ауыл тұр­ғындарының табысын арттыруға ықпал етуде. 

Кейінгі жылдары ауданның дамуында ең маңызды ерекшеліктің бірі – барлық са­ладағы жұмыстардың кешенді түрде жүр­гізілуі. Бұрын жеке-жеке қарастыры­лып келген мәселелер бүгінде біртұтас да­му стратегиясының құрамдас бөлігіне ай­налған. Экономиканы дамыту әлеумет­тік инфрақұрылымды жаңартумен қатар жү­зеге асырылса, туризм жол салу және абат­тандыру жұмыстарымен қатар өріс­теуде.

Марқакөлдің табиғаты – оның ең үл­кен байлығы. Биік Алтайдың баурайында ор­наласқан көл, қалың орман, саф ауа мен қайталанбас ландшафт жыл сайын мың­да­ған туристің қызығушылығын тудырады. Сондықтан ауданның болашақ дамуы та­би­ғатты сақтай отырып, экологиялық ту­ризмді өркендетумен де тығыз байла­ныс­ты. 

Сонымен бірге ауданның дамуы ең ал­дымен еңбек адамдарының еңбегімен өл­шенеді. Мал шаруашылығын өркендетіп отыр­ған шаруалар, кәсіп ашып жатқан жас­тар, әлеуметтік нысандарда қызмет ете­тін мамандар, мектеп пен аурухана қыз­меткерлері – барлығы да өңірдің өркен­деуі­не өз үлесін қосып келеді. Мемлекет тара­пынан көрсетіліп отырған қолдау ша­ралары осы еңбектің нәтижелі болуына мүмкіндік жасап отыр. 

Марқакөл ауданы туралы сөз болғанда ең алдымен ойға оралатын сала – ауыл шаруа­шылығы. Бұл – ғасырлар бойы өңір тұр­ғындарының негізгі кәсібіне айналған, ата­дан балаға жалғасқан еңбек мектебі. Кең жайылымы, шұрайлы шабындығы, та­биғи ерекшелігі мал өсіруге қолайлы бұл өлке бүгінде де аграрлық бағыттағы аудан ретінде өзінің әлеуетін толық сақтап отыр. Аудан экономикасының негізгі үлесі дәл осы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі.

Жер – ауылдың ең басты байлығы. Сон­дықтан оны тиімді пайдалану мем­ле­кет саясатының маңызды бағыттарының бірі саналады. Осы мақсатта пайда­ла­ныл­май жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүйелі жүргізілуде. 

2026 жылға жоспарланған 4 500 гектар жер­ді қайтару жоспарының алғашқы жар­тыжылдығында-ақ 3 435 гектары мемле­кет­ке қайтарылды. Бұл жоспардың 76 пайыз­дан астамының орындалғанын көр­­­сетеді. Жер қатынастары саласындағы тәртіп ауыл шаруашылығының тұрақты да­муына негіз болады.

Көктемгі дала жұмыстары аудан бойын­ша ұйымдасқан түрде жүргізілді. Ауа райының ерекшеліктеріне қарамастан, шаруалар белгіленген агротехникалық мер­зімдерді сақтап, барлық негізгі жұмыс­тарды уақытында аяқтады. 

Марқакөлдің басты байлығы – төрт тү­лік. Табиғаты мал өсіруге қолайлы өңір­де бүгінде барлық шаруашылық санаттары бойынша ірі қара саны 40 мың бастан аса­ды. Ұсақ мал саны 64 мыңнан артық бол­са, жылқы саны 24 мыңнан асып отыр. Со­нымен қатар құс шаруашылығы да бір­тіндеп дамып келеді. 

Бұл көрсеткіштер ауданның мал ша­руа­шылығы бағытындағы әлеуетінің жо­ғары екенін дәлелдейді. Әсіресе ет және сүт өндірісін ұлғайту, асылтұқымды мал ба­сын көбейту, өнімнің сапасын жақсарту ба­ғытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мал басының көбеюімен бірге вете­ри­нариялық қауіпсіздік мәселесі де ерекше назарда тұр. Мемлекеттік бағдарламалар аясында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, жұқпалы аурулардың ал­дын алу шаралары тұрақты жүргізілуде. 

Сонымен қатар фитосанитариялық қауіп­сіздік те назардан тыс қалған жоқ. Республикалық әдістемелік орталықтың мә­ліметіне сәйкес, аудан аумағында зиян­кестер мен өсімдік ауруларының алдын алу мақсатында кең көлемді өңдеу жұмыс­тары жүргізілді. 

Суармалы егіншіліктің тиімділігі көбі­не ирригациялық жүйелердің жағдайына байланысты. Осыған байланысты аудан­да­ғы су арналары кезең-кезеңімен та­зар­тылып келеді. «Қазсушар» мекемесінің тең­геріміндегі магистралды каналдардың бір­нешеуі тазартылып, олардың су өткізу мүмкіндігі қалпына келтірілді. Мұндай жұ­мыстар көктемгі және жазғы маусымда су тапшылығының алдын алып, шаруа­лар­дың еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

Бүгінде Марқакөл ауданында 337 шар­уа қожалығы мен 27 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмыс істейді. Бұл ауыл кәсіпкерлерінің жылдан-жылға кө­бейіп келе жатқанын және ауыл эконо­ми­касының нығайып отырғанын көрсетеді. 

Мемлекеттік қолдау ауыл еңбеккерлері­не жаңа мүмкіндік ашуда. Жыл басынан бері лизингтік бағдарламалар арқылы жеті шаруа қожалығы жалпы құны 130 миллион теңгеден асатын жеті бірлік жаңа ауыл шаруа­шылығы техникасын сатып алды. Заманауи техника – өнімділікті арттыру­дың басты кепілі. Бүгінде жаңа тракторлар, шөп шабатын кешендер мен басқа да техникалардың көмегімен еңбек өнімділігі артып, шығын көлемі азайып келеді. Ауыл шаруашылығын дамыту тек экономикалық көр­сеткіштерді жақсартумен шектелмейді. Бұл – ауылдағы халықтың әл-ауқатын арт­тыру, жастардың туған жерде тұрақ­тауына жағдай жасау, азық-түлік қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету және ұлттық дәстүрлі кә­сіпті сақтау деген сөз. 

КӨРКЕМ ТАБИҒАТ – ТАБЫС КІЛТІ

Экономиканың аграрлық әлеуетімен қа­тар Марқакөлдің тағы бір үлкен мүм­кін­дігі – табиғаты мен туристік тартымдылы­ғы. Соңғы жылдары ауданның бұл сала­да­ғы әлеуетін тиімді пайдалану бағытында да ауқымды жобалар қолға алынуда. 

Марқакөл десе, ең алдымен көз алды­мыз­ға тұмса табиғат, көгілдір көл, қалың ор­ман мен асқар Алтайдың көркем келбеті ке­леді. Бұл өлке – тек шығыс өңірінің ғана емес, бүкіл Қазақстанның табиғи інжу-мар­жандарының бірі. Сондықтан кейінгі жылдары аудан экономикасын әртарап­тан­­дыру барысында туризм саласына ерек­ше басымдық беріліп отыр. 

Марқакөл ауданында туризмді дамыту мем­лекеттік бағдарламалармен қатар жеке ин­вестициялар арқылы да қарқын алып ке­леді. Әсіресе көл жағасындағы Урунхай­ка ауылы бүгінде экологиялық туризмнің ор­талығына айналуға бет бұрды. 

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жалпы құны 61 миллион теңгені құрайтын екі жоба мақұлданды. Оның бірі – Урун­хай­ка ауылында кішігірім қонақүй салуға ба­ғытталған «Марқакөл Экоплаза» жобасы бол­са, екіншісі – «Хадия» өндірістік ко­опе­­ративінің демалыс базасын салу бастамасы. 

Туризмнің дамуына жеке инвес­тор­лар­дың қызығушылығы да жылдан-жылға ар­тып келеді. Соның жарқын мысалы – Markakol Lodge жобасы. Жеке қаражат есе­бінен Урунхайка ауылында алты зама­науи глэмпинг үйі салынды. Бұл бастама­лар ауданның туристік әлеуетінің жоғары еке­нін тағы бір мәрте дәлелдейді. Ең бас­тысы – табиғатты сақтау мен туризмді да­мыту қатар жүргізілуде. 

Урунхайка ауылының «Шығыс Қазақ­стан облысының үздік рекреациялық ту­рис­тік аймағы» байқауында жеңімпаз атануы да өңір үшін үлкен жетістік болды. Осы жеңістің нәтижесінде ауыл инф­ра­құры­лымын дамытуға 200 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Былтыр оның ал­ғашқы 100 миллион теңгесі игеріліп, бір­қатар жұмыс атқарылды. Қалған қара­жатты игеру биылғы жылға жоспарланған.

Туризмнің табысты болуы ең алдымен жол­дың сапасына байланысты. Жол бар жерде қатынас бар, қатынас бар жерде кәсіп дамиды. Сондықтан аудан жолдарын жөндеу және жаңғырту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Марқакөл ауданындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 393 шақырымды құрайды. Оның 77 шақы­рымы республикалық, 146 шақырымы облыстық және 170 шақырымы аудандық маңы­зы бар жолдар. Бұл жолдар тек ауыл­дарды бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, шекаралық өңірдің әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығын қам­та­масыз ететін маңызды инфрақұрылым саналады.  

Аудан жолдарын кезең-кезеңімен жаң­ғырту алдағы жылдары да жалғасады. Қа­зір бірнеше ірі жол учаскесіне орташа жөн­деу жүргізудің жобалық-сметалық құ­жаттары әзірленуде.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – ӨҢІРДІҢ ІРГЕТАСЫ

Халықты баспанамен қамтамасыз ету – мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта Марқакөл ауданында тұр­ғын үй құрылысы қарқын алып келеді. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы ая­сында республикалық бюджет есебінен көп­балалы отбасылар мен әлеуметтік жа­ғынан осал азаматтарға арналған 12 жеке тұр­ғын үй, яғни 24 пәтер салынуда. 

Құрылыс жұмыстары белгіленген мер­зімде басталып, инженерлік-ком­му­ни­ка­ция­лық желілерді толық жеткізу бойынша мер­дігер ұйымдармен арнайы келісімдер жа­салды. Жоспар бойынша тұрғын үйлер пай­далануға берілгеннен кейін олар тұр­ғын үй кезегінде тұрған азаматтарға үлес­тіріледі. Бүгінде аудан бойынша тұрғын үй кезегінде ондаған отбасы тұр. Сондықтан жаңа баспаналардың салынуы көптеген отбасы үшін маңызды әлеуметтік қолдау бол­мақ. 

Сонымен қатар мемлекеттік қызме­т­ші­лер мен әлеуметтік осал топтағы азамат­тар­ды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақ­са­тында Марқакөл ауылында оффтейк келісімшарттары негізінде отыз пәтерлі үш қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Инженерлік инфрақұрылымды да­мыту жұмыстары да қатар жүргізілуде. Әсі­ресе жылумен қамту жүйесін жаңғырту алдағы жылдардың басты жобаларының бі­рі болып отыр. 

Қазір аудан орталығындағы орталық­тан­дырылған жылу жүйесі «Теректі» ком­му­налдық мекемесінің қазандығы арқылы жұмыс істейді. Дегенмен ауданның даму қар­қыны жаңа инженерлік шешімдерді қа­жет етеді. Сондықтан Марқакөл ауы­лын­да қуаттылығы алты гигакалория бо­ла­тын жаңа орталық қазандық пен ұзын­ды­ғы он екі шақырымға жуық жылу же­лі­лерін салу жобасы әзірленуде.

Сонымен бірге аудан орталығының қол­даныстағы жылу желілерін толық жаң­ғырту жобасы дайындалып, оған оң қоры­тын­ды алынды. Жалпы құны бірнеше мил­лиард теңгені құрайтын бұл жоба жү­зеге асқанда жылумен қамтамасыз ету са­пасы айтарлықтай жақсарады. Осы өз­герістің барлығы тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Кез келген өңірдің дамуы экономи­ка­лық көрсеткіштермен ғана бағаланбайды. Халықтың денсаулығы, білім сапасы, мә­дениеті, спортпен айналысу мүмкіндігі, өмір сүруге қолайлы ортасы – мұның бар­лығы қоғамның әл-ауқатын айқын­дай­тын маңызды көрсеткіштер. Осы тұрғыдан алғанда Марқакөл ауданында әлеуметтік саланы дамытуға ерекше назар аударылып келеді. 

«Қуатты өңір – қуатты мемлекет» қағи­да­ты ең алдымен ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырудан басталады. Сон­дықтан кейінгі жылдары ауданда әлеу­мет­тік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағыт­тал­ған кешенді жұмыстар жүзеге асырылу­да. Ең алдымен денсаулық сақтау сала­сын­да оң өзгерістер байқалады. Бүгінде аудан тұр­ғындарына бір аудандық аурухана, үш дә­рігерлік амбулатория және 16 меди­ци­на­лық пункт қызмет көрсетеді. 

Ауылдық жердегі медициналық көмек­тің қолжетімділігі – халықтың өмір сүру сапасын арттырудың басты шарттарының бірі. Осы бағытта материалдық-техни­ка­лық базаны нығайту, мамандармен қам­тамасыз ету және медициналық қызметтің са­пасын көтеру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. Қазір аудандағы денсаулық сақтау ұйымдарының жабдықталу деңгейі 84 пайызға жетті. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.  

Білім беру саласы да өңір дамуының не­гізгі басымдықтарының бірі болып қала бе­реді. Марқакөл ауданында бүгінде 19 мек­теп, бір балабақша және бір шығар­ма­шы­лық үйі жұмыс істейді. Бұл білім беру ұйым­дары ауыл балаларының сапалы білім алып, жан-жақты дамуына мүмкіндік жа­сап отыр. 

Қазір білім беру цифрлық технология­лар­мен тығыз байланысты. Сондықтан ин­тернет желісінің сапасын арттыру ауыл мек­тептерінің мүмкіндігін кеңейтіп, оқу­шы­лардың әлемдік білім ресурстарына қол жеткізуіне жол ашады. Биыл аудандағы бір­қатар білім беру мекемесіне жөндеу жұ­мыстары жүргізіледі. Сонымен қатар офф­тейк келісімшарттары аясында Тос­қайын мен Қайнарлы ауылдарында жаңа оқу-әкімшілік орталықтарының құры­лы­сы іске асырылып жатыр. 

Ауданда мәдениет үйлері, ауылдық клубтар мен кітапханалар халыққа тұрақты қыз­мет көрсетуде. Бұл мекемелер ұлттық құн­дылықтарды дәріптеп, жастардың шы­ғар­машылық қабілетін дамытуға, мәдени өмірдің жандануына ықпал етеді. 

Спорт саласында да оң өзгерістер аз емес. Ауданда стадиондар, спорт залдары, хок­кей алаңдары, балалар мен жасөспірім­дерге арналған спорт алаңдары халық игі­лігіне қызмет етуде. Инфрақұрылыммен қамту деңгейінің жоғары болуы тұрғын­дар­дың бұқаралық спортпен айналысуына мүмкіндік береді. 

Өңірдің мәдени брендингін қалыптас­тыру­да бұқаралық іс-шаралардың да маңызы зор. Биыл аудан аумағында «Мар­қакөл – Шығыстың маржаны» мәдени-көп­шілік іс-шарасын өткізу жоспарланған. Со­нымен қатар «МарқаFest» фестивалі де өңір­дің туристік әлеуетін арттыруға, ұлт­тық мәдениетті дәріптеуге және ауданның та­биғи ерекшелігін кеңінен насихаттауға ба­ғытталған маңызды жобалардың бірі бол­ды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы ая­сында аудан көлемінде ағаш көшеттері отырғызылып, қоршаған ортаны қорғауға арналған көптеген экологиялық акция өткізілуде.

Бүгінгі Марқакөл – өзгерістер жолына түскен аудан. Экономикасы тұрақты өсіп келе жатқан, ауыл шаруашылығы дамып жатқан, инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, туризмге тың серпін берілген, әлеуметтік инфрақұрылымы жаңарып жатқан өңір. Әрбір саланың дамуында нақты нәтижелер бар. Мемлекеттік қолдау, халықтың ауызбіршілігі және жүйелі жоспарланған жұмыстардың нәтижесінде аудан алдағы жылдары да өзінің әлеумет­тік-экономикалық дамуын тұрақты жал­ғас­тырып, Шығыс Қазақстанның қарқын­ды дамып келе жатқан өңірлерінің біріне айналары сөзсіз. 

Марқакөл ауданының бүгінгі даму қар­қыны – ең алдымен мемлекеттік қол­дау­дың, жергілікті атқарушы органдардың жүйелі жұмысының және аудан тұрғын­да­ры­ның белсенді еңбегінің нәтижесі. Бұл жұ­мыстарға Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі тарапынан ерекше назар аудары­лып келеді. Облыс әкімі Нұрымбет  Сақ­таға­нов жас ауданның қалыптасуы мен тұрақты дамуын маңызды басымдықтар­дың бірі ретінде қарастырып, Марқакөлдің әлеуетін толық пайдалану, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және елді ме­кендердің инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

Алдағы уақытта да ауданның эконо­ми­калық қуатын арттыру, ауылдық аумақтар­ды дамыту, инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту және халықтың әл-ауқатын кө­теру бағытындағы жұмыстар жалғасады. Себебі Марқакөлдің өркендеуі – тек бір ауданның жетістігі емес, бүкіл Шығыс Қа­за­қ­станның тұрақты дамуына қосылған маңызды үлес. 

М.ТӨЛЕУ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью