Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ерлер арасындағы тау шаңғысы жарысында швейцариялық жас спортшы Фон Алльмен 1 минут 51,61 секундтық көрсеткішпен мәре сызығын бірінші болып кесіп, осы қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы алтын медалін қоржынға салды.
Италиялық Джованни Францони және Доминик Парис алдыңғы үштікті түйіндеді.
Еске салайық, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Олимпиада алауы Милан қаласындағы Бейбітшілік қақпасы (Arco della Pace) және Кортина-д’Ампеццо қаласындағы Дибона алаңында (Piazza Dibona) бір уақытта тұтанды.