Милан Кортина қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ерлер арасындағы тау шаңғысы жарысында швейцариялық жас спортшы Фон Алльмен 1 минут 51,61 секундтық көрсеткішпен мәре сызығын бірінші болып кесіп, осы қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы алтын медалін қоржынға салды.
Италиялық Джованни Францони және Доминик Парис алдыңғы үштікті түйіндеді.
Еске салайық, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Олимпиада алауы Милан қаласындағы Бейбітшілік қақпасы (Arco della Pace) және Кортина-д’Ампеццо қаласындағы Дибона алаңында (Piazza Dibona) бір уақытта тұтанды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:32
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 18:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















