Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қоқан лоққы, атыс және өлген ит. Семейде қарулы ер адам кезіп жүрді

Атырауда мас күйінде рөлге отырған зейнеткер ұсталды

105 елдің азаматы Қазақстанға электрондық визамен кіре алады

Алматыға халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс көрме қажет министр

Асыл бесік Ақсуат фестивалі тоғызқұмалақ турнирімен басталды

Гүлзира Айдарбекова денсаулығы сыр бергенін айтты

ҚР Ұлттық экономика вице министрі тағайындалды: Бекболат Молдабеков жайлы не белгілі

Министр Алматының не нәрсеге қатты мұқтаж екенін айтты

Бюджеттің қыруар қаржысы есепшоттарда игерілмей жатады Смайылов

Қазақ қытай ғалымдары шегірткемен күрестің жаңа әдісін ұсынды

Бектенов әкімдерден туристік инфрақұрылымды күшейтуді талап етті

Құнды экспонаттар жеткізілді

Ұшқыш туған күнінде қаза тапқан: Павлодар облысындағы Ан 2 апатына қатысты жаңа мәліметтер айтылды

Жас кәсіпкер бір сәтте бірнеше баланы оқытатын жүйе ойлап тапты

Атырау мен Құлсарыда заңсыз қоқыс полигондары анықталды

Бекіре 2026 : Батыс Қазақстанда 890 миллион теңге шығын келтірген браконьерлер ұсталды

Абай облысында шетелдік көліктер 2,5 миллион теңге қарыз жинады

​Көпірде қарсы бағытқа шығып, көлікке соқтығысқан жүргізуші 5 жылға сотталды

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам жарақат алып, екеуі көз жұмды

Мәдениетке қамқорлық мемлекет саясатының өзегі

Ғасырлық тарих, Милан Кортина және Қазақстанның қысқы спорттағы жолы

Ғасырлық тарих, Милан Кортина және Қазақстанның қысқы спорттағы жолы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Осы дүбірлі дода қарсаңында Қысқы Олимпиада тарихына және тәуелсіз Қазақстанның Ақ Олимпиададағы жетістіктеріне шолу жасап көруді жөн санадық.

Ақ Олимпиаданың қалыптасу жолы

Қысқы Олимпия ойындары алғаш рет 1924 жылы Францияның Шамони қаласында өтті. Ол кезде бұл жарыстар Жазғы Олимпиада бағдарламасының бір бөлігі ретінде ұйымдастырылғанымен, кейін Халықаралық Олимпиада комитеті қысқы спорт түрлерінің маңызын ескере отырып, оны дербес ойын ретінде бекітті.

Алғашқы кезеңде шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, хоккей және мәнерлеп сырғанау негізгі спорт түрлері болса, уақыт өте келе бобслей, биатлон, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, сноуборд сияқты дисциплиналар қосылды.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы «ақ қадамы»

Тәуелсіз мемлекет әрі дербес команда ретінде Қазақстан тұңғыш рет 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен XVII қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетті. Ашылу салтанатында мемлекеттік Туымызды шаңғымен трамплиннен секіруші Қайрат Биекенов алып шықты. Сол кезде жарыс жолына 28 отандасымыз шыққан болатын.

Фото: Forbes.kz

Бұл Олимпиада Қазақстан тарихындағы ең табысты қысқы дода ретінде есте қалды. Үш бірдей жүлдені даңқты шаңғышы Владимир Смирнов жеңіп алды. Ол 10 шақырымдық классикалық әдісте және 15 шақырымдық еркін стильде күміс медаль иеленсе, 50 шақырымдық масс-стартта Олимпиада чемпионы атанды. Осылайша, Владимир Смирнов Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы ретінде спорт шежіресіне алтын әріптермен жазылды.

Оның үш жүлдесінің арқасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 12-орынға көтерілді.

Үміт пен алаң қатар өрілген кезең

1998 жылы Олимпиаданы Жапонияның Нагано қаласы қабылдады. Бұл жолы үміттен гөрі алаң басым болды. Владимир Смирновтың спорттық ғұмыры аяқталар шақ еді. Соған қарамастан, тәжірибелі шаңғышы Гундерсон әдісімен өткен жарыста қола медальға қол жеткізді. Көп ұзамай конькимен жүгіруші Людмила Прокашева 5000 метрде үшінші орын алып, ел қоржынына тағы бір қола салды.

Фото: Olympic.kz

Екі жүлдемен Қазақстан жалпы есепте 21-орынға тұрақтады. Бұл Олимпиада да отандық қысқы спорттың бір тұлғаға тәуелді екенін айқын көрсетті.

Ұзақ үнсіздік

2002 жылғы Солт-Лейк-Сити мен 2006 жылғы Турин Олимпиадаларында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды. Бұл кезең – қысқы спорттағы жүйелі дағдарыстың көрінісі еді. Инфрақұрылымның әлсіздігі, кадр тапшылығы және халықаралық бәсекеге төтеп беретін резервтің жоқтығы айқын сезілді.

Жеке жұлдыздар дәуірі

2010 жылы Ванкуверде биатлоншы Елена Хрусталева 15 шақырымдық жеке сайыста күміс медаль жеңіп алып, ұзақ үзілісті үзді. 

Фото: Елена Хрусталева

2014 жылы Сочиде мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қола жүлдеге ие болды. Бұл Олимпиада допинг дауларымен есте қалса да, Денис Теннің жетістігі Қазақстан мәнерлеп сырғанау мектебінің әлеуетін көрсетті.

Фото: Елена Хрусталева

2018 жылы Пхёнчханда фристайл-могул шебері Юлия Галышева қола медаль жеңіп алды. Алайда бұл жетістіктер де жүйелі серпіліске ұласа алмады.

Фото: Olympic.kz

Бейжің: ауыр шындық

2022 жылы Бейжіңде өткен қысқы Олимпиадада Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды. Бұл нәтиже ел спортындағы құрылымдық мәселелерді қайта көтерді. Қысқы спортта жекелеген таланттарға ғана сүйену жеткіліксіз екені тағы да дәлелденді. Міне бұл бұған дейінгі жерлестеріміздің қаты­суымен өткен қысқы Олимпия ойындарының қысқаша тарихы.

Милан–Кортина: жаңа талап, жаңа мүмкіндік

2026 жылғы Олимпиада ойындары жаңартылған форматымен ерекшеленеді. Бағдарламада 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ски-альпинизмнің қосылуы, шаңғы жарыстарындағы ерлер мен әйелдерге бірдей қашықтық белгіленуі, шаңғы қоссайысындағы екі адамдық формат, әйелдердің биік тұғырдан секіруі – мұның бәрі спортшылардың әмбебаптығы мен тактикалық дайындығына басымдық береді.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бұған дейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына сапалы дайындық үшін 13,3 млрд теңге бөлінгені туралы айтқан болатын. Оған қоса, ТОП-деңгейдегі 13 шетелдік жаттықтырушы-кеңесші жұмылдырылғанын жеткізді. Қазақстан құрамасы спорттың 10 түрінен 58 медаль жиынтығында бақ сынайтынын атап өтті. Оның айтуынша, ұлттық құрама жаңа Олимпиадалық форматтарға бейімделе отырып дайындалып жатыр.

Бүгінге дейін Қазақстанның 36 спортшысы 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама алды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Фристайл-могул - 4 спортшы

Фристайл-акробатика - Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас.

Биатлон - 2 ер, 2 әйел спортшы (баратын спортшылар есімі Ұлттық құрама бапкерлер кеңесінен кейін анықталады)

Тау шаңғысы спорты - Ростислав Хохлов, Александра Скороходова.

Шаңғы қоссайысы - 1 спортшы.

Шаңғы жарысы - 7 спортшы

Шаңғымен тұғырдан секіру - 2 спортшы

Конькимен жүгіруден 5 спортшы - Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.

Шорт-тректен 4 спортшы - Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.

Мәнерлеп сырғанаудан - Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.

Айта кетейік, бұл тек 2025-2026 жылғы маусымдағы лицензиялық кезеңдер нәтижесіндегі көрсеткіш. Алдағы уақытта Халықаралық Олимпиада комитетінің есебінен қосымша жолдамалар берілуі мүмкін.

Олимпиада лицензиясына қатысты қорытынды ақпарат қаңтардың аяғында белгілі болады.

Қазақстанның қысқы Олимпиададағы жолы – биік шыңдар мен ұзақ үзілістерге толы күрделі тарих. Лиллехаммердегі алтын, кейінгі жылдардағы жеке жұлдыздардың жарқылы және Бейжіңдегі сәтсіздік – бәрі де бір шындықты көрсетеді: тұрақты табыс үшін жүйелі мектеп, ғылыми даярлық пен ұзақмерзімді стратегия қажет.

Милан–Кортина Олимпиадасы Қазақстан үшін жаңа бастау бола ала ма – бұл сұраққа жауап тек нәтижемен емес, дайындық сапасымен өлшенбек. Ақ Олимпиада тарихы тағы бір бет ашқалы тұр. Ал сол бетке Қазақстан қандай із қалдырады – уақыт көрсетеді.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын Ұлттық құраманың мүшелері Денис Никиша мен Аяулым Әмреноваға және Қазақстан паралимпиадалық командасының мүшесі Ербол Хамитовқа табыстады.

Президент намысты қолдан бермеген спортшыларымыз талай бәсекеде топ жарып, еліміздің мерейін асырып, нағыз жасампаз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп жүргенін айтып, спортшыларға сәттілік тіледі.

– Әр азаматымыздың жетістігі – Қазақстанның жетістігі. Әр спортшының абыройы – барша қазақтың беделі. Жеңіске жету үшін талап пен табандылық керек. Сіздер шеберліктеріңізді шыңдап, аянбай еңбек еттіңіздер. Соның арқасында дүбірлі додаға қатысуға мүмкіндік алдыңыздар. Олимпиада чемпионы болу – әр спортшының арманы. Осы мақсатқа бір табан жақын тұрсыздар. «Ел сенімі – ерге жүк» дейді халқымыз. Баптарыңыз және бақтарыңыз қатар шауып, жүлдемен келесіздер деп сенемін. Барша халқымыз Сіздерге жанкүйер, тілекші болады. Бәріңізге сәттілік, жеңіс тілеймін! Көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! – деді Мемлекет басшысы.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 10:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қоқан лоққы, атыс және өлген ит. Семейде қарулы ер адам кезіп жүрді

09 Маусым 2026 10:44see119

Атырауда мас күйінде рөлге отырған зейнеткер ұсталды

09 Маусым 2026 01:07see118

105 елдің азаматы Қазақстанға электрондық визамен кіре алады

09 Маусым 2026 12:57see117

Алматыға халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс көрме қажет министр

09 Маусым 2026 12:36see115

Асыл бесік Ақсуат фестивалі тоғызқұмалақ турнирімен басталды

09 Маусым 2026 00:19see115

Гүлзира Айдарбекова денсаулығы сыр бергенін айтты

09 Маусым 2026 21:53see114

ҚР Ұлттық экономика вице министрі тағайындалды: Бекболат Молдабеков жайлы не белгілі

09 Маусым 2026 15:33see113

Министр Алматының не нәрсеге қатты мұқтаж екенін айтты

09 Маусым 2026 10:54see112

Бюджеттің қыруар қаржысы есепшоттарда игерілмей жатады Смайылов

10 Маусым 2026 12:10see111

Қазақ қытай ғалымдары шегірткемен күрестің жаңа әдісін ұсынды

09 Маусым 2026 22:26see111

Бектенов әкімдерден туристік инфрақұрылымды күшейтуді талап етті

09 Маусым 2026 14:14see110

Құнды экспонаттар жеткізілді

09 Маусым 2026 10:42see109

Ұшқыш туған күнінде қаза тапқан: Павлодар облысындағы Ан 2 апатына қатысты жаңа мәліметтер айтылды

09 Маусым 2026 10:21see109

Жас кәсіпкер бір сәтте бірнеше баланы оқытатын жүйе ойлап тапты

09 Маусым 2026 10:57see108

Атырау мен Құлсарыда заңсыз қоқыс полигондары анықталды

09 Маусым 2026 19:53see107

Бекіре 2026 : Батыс Қазақстанда 890 миллион теңге шығын келтірген браконьерлер ұсталды

09 Маусым 2026 17:08see107

Абай облысында шетелдік көліктер 2,5 миллион теңге қарыз жинады

10 Маусым 2026 17:32see107

​Көпірде қарсы бағытқа шығып, көлікке соқтығысқан жүргізуші 5 жылға сотталды

09 Маусым 2026 17:08see106

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам жарақат алып, екеуі көз жұмды

10 Маусым 2026 14:49see106

Мәдениетке қамқорлық мемлекет саясатының өзегі

09 Маусым 2026 10:40see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары