Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ұшқыш туған күнінде қаза тапқан: Павлодар облысындағы Ан 2 апатына қатысты жаңа мәліметтер айтылды

Ұшқыш туған күнінде қаза тапқан: Павлодар облысындағы Ан 2 апатына қатысты жаңа мәліметтер айтылды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Павлодар облысында апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағының қаза тапқан ұшқышы сол қайғылы оқиға болған күні 29 жасқа толған еді. Ер адамның артында жұбайы мен екі баласы қалды. Авиациялық жұмыстарды орындаған компания өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның кейбір мән-жайын айтып, қаза тапқан ұшқыштың отбасына қандай көмек көрсетілгенін баяндап берді.

Не болды?

Маса мен шіркейге қарсы авиациялық-химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізген Ан-2 ұшағы 27 мамырда Павлодар облысы Железин ауданындағы Ертіс жайылмасына құлады. Бортта екі ұшқыш болған. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, екіншісін құтқарушылар қираған ұшақтан шығарып, дәрігерлерге тапсырды.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, ұшақты "Жеңіл және аса жеңіл авиация пайдаланушылары" заңды тұлғалар бірлестігі пайдаланған. Алдын ала болжам бойынша, әуе кемесі авиациялық-химиялық жұмыстарды атқару кезінде электр беру желісіне ілінген.

Әуе апатын Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді зерттеу департаментінің мамандары тергеп жатқаны хабарланды. Тергеу қорытындысы бойынша трагедияның нақты себептері белгілі болады.

Туған күнінде ажал құшты

Қаза тапқан ұшқыш Шымкент қаласынан. Әуе апаты болған күні ол 29 жасқа толған. Ер адам Павлодар облысында авиациялық жұмыстарды атқарған компанияда екі жыл қызмет еткен.

"Мәйітті туған жеріне тасымалдау бойынша барлық шығынды өз мойнымызға алдық. Алдымен Астанаға, одан кейін туған-туыстары, жұбайы мен екі кішкентай баласы тұратын Шымкентке жеткізуді ұйымдастырдық. Сондай-ақ жерлеу рәсімін өткізуге көмектестік. Барлық шығын шамамен бір миллион теңгені құрады", - деп хабарлады "Авиасевер" ЖК өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне.

Қазіргі уақытта марқұмның отбасына қосымша көмек көрсету мәселесі шешіліп жатыр. Сонымен қатар туыстарына заңнамада көзделген төлемдер, соның ішінде сақтандыру өтемақылары мен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы тиесілі.

Кез келген ұшқын өртке ұласуы мүмкін еді

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ұшақ Ертіс жайылмасындағы көктемгі су тасқынынан кейін әлі де су жатқан жерге құлаған. Апаттан кейін жанармай бактарынан авиациялық бензин аққан, бірақ өрт шықпаған.

Аман қалған ұшқышты құтқарушылар қираған ұшақ ішінен бірден алып шықты. Ал қаза тапқан адамның денесін шығару үшін қол құралдарын пайдалануға тура келген: төгілген авиациялық жанармайдың кесірінен электр жабдықтарын қолдану өте қауіпті болған - кез келген ұшқын өрт тудыруы мүмкін еді.

Аман қалған ұшқыштың жағдайы жақсарып келеді

Екінші ұшқыш 28 жаста. Апаттан кейін ол санавиациямен Железин аудандық ауруханасына, кейін Павлодарға жеткізілді. Ауруханаға түскен кезде ер адамның жағдайы ауыр болған. Ол бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатқан. Жағдайы тұрақталған соң бет-жақ хирургиясы бөлімінде оған ота жасалып, кейін политравма бөліміне ауыстырылған. .

Ұшақ техникалық тексерістен өткен

"Авиасевер" ЖК берген мәліметке сүйенсек, апатқа ұшыраған Ан-2 бұрын ауыл шаруашылығында қолданылған. Кейінгі екі жылда ұшақ Павлодар облысында зиянкес жәндіктермен күрес жұмыстарына тартылған. Ұшу алдында әуе кемесі техникалық тексеруден өтіп, жарамды күйде болған.

Компания өкілдері ұшақтың шыққан жылына қатысты да пікір білдірді. Ан-2 ұшағының сериялық өндірісі 1990-жылдары тоқтатылған, алайда мамандардың айтуынша, авиацияда техниканың жасы емес, оның техникалық жағдайы мен қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификатының болуы шешуші фактор саналады.

"Авиацияда ұшақтың жасы автокөлік сияқты бағаланбайды. Мұнда "ескі" деген түсінік жоқ. Ол жөндеуден өткен, ұшуға жарамдылық сертификаты бар. Бұл Ан-2 техникалық тұрғыдан сау болатын", - деп түйіндеді компания өкілдері.

Апаттың мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Анықтама: Анықтама: Ан-2 (халық арасында "Аннушка" және "Кукурузник" деген атпен белгілі) - 1940-жылдардың екінші жартысында кеңестік конструктор Олег Антонов жобалаған танымал көпмақсатты ұшақ. Бұл - әлі күнге дейін жаппай қолданыста жүрген санаулы бипландардың бірі. Қанаттарының құрылымы арқасында ол орасан зор көтеру күшіне ие. Ұшақ арнайы дайындалмаған топырақты жерге немесе қар басқан алқаптарға қонып, ұша алады, оған екпін алу үшін небәрі бірнеше жүз метр жеткілікті. Әуе кемесі әртүрлі мақсатта қолданылады: ауыл шаруашылығы мен санитарлық авиациядан бастап, жергілікті әуе желілеріндегі жолаушылар мен жүк тасымалына және парашютшілерді дайындауға дейін.

Павлодар облысында ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:243
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Маусым 2026 10:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары