Бірнеше өңірде ауа температурасы +40°С қа дейін көтеріледі
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнге – 11, 12, 13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мамандар циклонның орталығы еліміздің солтүстік-батысында орналасады, осыған байланысты мұнда найзағайлы жаңбырлар, желдің күшеюі, дауыл және бұршақ жаууы мүмкіндігін айтты.
Қатты жаңбыр күтіледі:
11-13 маусым күндері Қостанай және Ақтөбе облыстарында,
11 маусымда Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында.
Сондай-ақ ауа температурасы жайлы ақпарат та берілді:
Күндіз еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +35…+40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +30…+37°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.
"Еліміздің қалған аумағында ауа температурасы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 00:29 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















