Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар, энергетика және өңірлерге тартылған инвестициялар

Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар, энергетика және өңірлерге тартылған инвестициялар

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстан экономиканы әртараптандыру және сапалы инвестициялар тарту бағытын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетекшілігімен елімізде өңдеуші өнеркәсіп, жасыл энергетика, фармацевтика және заманауи инфрақұрылым қарқынды дамуда.

2026 жылы еліміздің бірнеше өңірінде ірі өнеркәсіптік жобалар іске қосылды немесе мақұлданды. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және елдің технологиялық дамуына серпін береді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және агротехнологиялар

Павлодар облысында құны 2 млрд теңге болатын майлы дақылдарды өңдеу зауыты іске қосылды. Кәсіпорын жылына 60 мың тоннаға дейін шикізат өңдеп, 35 мың тоннаға дейін тазартылмаған күнбағыс майын өндіре алады. Өнім ішкі нарыққа да, экспортқа да жеткізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында қытайлық XIYU AGRICULTURAL PTE. LTD компаниясы тағы бір ірі май өңдеу зауытын салуда. Жобаға 53 млрд теңге инвестиция салынады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 1,4 мың тоннаны құрайды. Зауытты 2028 жылы іске қосу жоспарланған, нәтижесінде 150 жаңа жұмыс орны ашылады.

Түркістан облысында жылына 500 данаға дейін агродрон өндіретін кәсіпорын жұмысын бастады. Ұшқышсыз аппараттар ауыл шаруашылығы алқаптарын өңдеуге арналған және бір ұшуда 5 гектарға дейін жерді бүркей алады. Болашақта өрт сөндіруге және жүк тасымалдауға арналған дрондар шығару көзделіп отыр.

Фармацевтика және биотехнологиялар

Үкімет Қарағанды облысында құны 42,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық кешенді салу және жаңғырту жобасын мақұлдады. Кәсіпорында онкологиялық, аутоиммундық және орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілерді қоса алғанда, 74 атаудағы препараттар, сондай-ақ белсенді фармацевтикалық субстанциялар мен иммунобиологиялық өнімдер өндіріледі. Жоба аясында шамамен 70 жұмыс орны құрылады.

Алматы облысындағы Алатау арнайы экономикалық аймағы аумағында құны 32,5 млрд теңге болатын толық циклді биофармацевтикалық кешен салу жоспарланған. Жобаны іске қосу 2031 жылға белгіленген. Зауыт онкологиялық және орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды қоса алғанда, 20 атаудағы препарат пен иммунобиологиялық өнімдер шығарады.

Энергетика және жасыл технологиялар

Қазақстандық Baskan Irrigation компаниясы Жетісу облысында қуаты 30 МВт болатын Покатилов су электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Нысанды пайдалануға беру 2028 жылға жоспарланған. Жоба аясында көлемі 80 млн текше метрге дейінгі су қоймасы салынып, шамамен 32 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін суаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жыл сайын шамамен 30 мың МВт·сағат электр энергиясы өндіріледі.

Түркістан облысында құны 307 млн АҚШ долларын құрайтын күн электр станциясының құрылысы басталды. Жобаны қытайлық China Energy Overseas Investment Co. Ltd. компаниясы Qazaq Green Power PLC және Самұрық-Энерго қолдауымен жүзеге асыруда. Станция 2027 жылы іске қосылғаннан кейін жылына шамамен 674 млн кВт·сағат электр энергиясын өндіретін болады.

Металлургия және тау-кен өндірісі

Ең ауқымды жобалардың бірі – Павлодар облысында сингапурлық XINFA компаниясы жүзеге асыратын алюминий кластері. Инвестиция көлемі – 15 млрд АҚШ доллары. Жоба аясында бокситтерді терең өңдеу арқылы жыл сайын 4,8 млн тонна глинозем, 2,4 млн тонна электролиттік алюминий және 1,2 млн тонна терең өңделген өнім шығару жоспарланған. Құрылыс 2026 жылы басталып, алғашқы кезеңі 2028 жылы іске қосылады. Жоба шамамен 10 мың жұмыс орнын құрады.

Қытайлық Sinolnvest Group Ltd. Қарағанды облысындағы темір кені кен орнын игеруге кіріседі. Жобаның қуаты жылына 100 мың тонна кен өндіруге мүмкіндік береді. Пайдалану мерзімі 2027–2034 жылдарға жоспарланған.

Ақтөбе қаласында құны 100 млн АҚШ долларын құрайтын Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі зауытының құрылысы басталды. Жоба қытайлық Beijing Jinvi Yuanfang Group және қазақстандық Phoenix Industrial Group компанияларының қатысуымен іске асырылуда. Зауыт мыс сынықтарынан жылына 25 мың тоннаға дейін тазартылған мыс өндіреді. Кәсіпорынды іске қосу 2027 жылға жоспарланған. Өнім ішкі нарыққа және Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық Одақ елдеріне экспортталады.

Туризм және инфрақұрылым

Almaty SuperSki тау шаңғысы курортын іске асыруға Франция, Канада және АҚШ компаниялары тартылды. Француз тарапы 11 аспалы жол салады, канадалық компаниялар инженерлік жобалаумен айналысады, ал америкалық компаниялар құрылысты басқару мен үйлестіру жұмыстарын жүргізеді. Курортты іске қосу 2028 жылға жоспарланған.

Баку кеме жасау зауыты базасында Қазмортрансфлот және Abu Dhabi Ports бірлескен жобасы аясында Каспий теңізінде жұмыс істейтін алғашқы контейнерлік кеменің құрылысы басталды. 2027 жылдың соңына дейін сыйымдылығы 780 TEU болатын екі кеме салу жоспарлануда.

Жобалардың ел экономикасына әсері

Аталған жобаларды іске асыру Қазақстанға:

мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құруға;

қосылған құны жоғары өңдеуші өндірістерді дамытуға;

экспорттық әлеуетті арттыруға;

жасыл энергетика мен фармацевтика салаларын дамытуға;

өңірлерге ірі шетелдік инвестициялар тартуға және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған жобалардың барлығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру және экономиканы ауқымды жаңғырту жөніндегі дәйекті саясатының нақты нәтижесі болып табылады.

Президент экономиканы әртараптандыру, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және сапалы шетелдік инвестициялар тарту міндеттерін қойған болатын. Бүгінде бұл саясат нақты нәтижесін беруде: өңірлерде заманауи кәсіпорындар ашылып, мыңдаған жұмыс орындары құрылуда, экспорттық әлеует артып, елдің өнеркәсіптік дербестігі нығаюда.

Металлургия, фармацевтика, жасыл энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ірі жобалар Қазақстанның Президент айқындаған бағыт бойынша жоғары технологиялық, әртараптандырылған және бәсекеге қабілетті экономика құру жолында нық қадам жасап келе жатқанын көрсетеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 00:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see142

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see137

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see135

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see134

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see134

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see128

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see127

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see125

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see124

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see123

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see123

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see123

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see123

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see118

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see117

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see116

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see114

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see114

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see114

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары