Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан мен шетелдегі 200 есірткі дүкенін қаржыландырған ТМД-дағы ең ірі көлеңкелі RAKS Exchange криптосервисіне қатысты істі тергеу мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан мен шетелдегі 200 есірткі дүкенін қаржыландырған ТМД-дағы ең ірі көлеңкелі RAKS Exchange криптосервисіне қатысты істі тергеу мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Заңсыз операциялардың ауқымыТергеу мәліметтері бойынша, сервис арқылы Қазақстан, Ресей, Украина және Молдова аумағында жұмыс істеген 200-ден астам есірткі маркетінің транзакциялары жүргізілген. Платформаның жалпы айналымы 224 миллион доллардан асқан.
Follow the Money қағидаты бойынша жүргізілген криптотергеу аясында мамандар есірткі айналымымен және даркнет-алаңдарының белсенділігімен байланысты 4 мыңнан астам криптоәмиянға талдау жасады.
Қаражатты бұғаттау және тәркілеуКриптотергепу нәтижесінде жалпы сомасы 9,7 млн USDT-тен асатын цифрлық активтер бұғатталды. Қазіргі кезеңде анықталған қаражаттың бір бөлігі – 3,2 млн USDT тәркіленді. Олардың қылмыстық жолмен алынғаны дәлелденіп, қаражат агенттіктің арнайы шотына аударылды.
ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС
Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды
Бүгін 08:10 1
Ведомство нәтижесінде азаматтардың денсаулығына қауіп төндірген арна жолы кесілгенін атап өтті. Ірі көлемдегі есірткі жеткізілімдері тоқтатылып, тарату инфрақұрылымы жойылған, бірқатар есірткі интернет-дүкенінің қызметі тоқтатылған.
Сонымен қатар агенттік мұндай схемаларды анықтау және бұғаттау жұмыстары жалғасатынын айтты.