Министрлік Қазақстан Ресей әскери жаттығуына қатысты түсініктеме берді

21.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесі бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2026 жылғы 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жоспарлы жаттығуы өткізіліп жатыр.

— Жаттығу барысында әуе нысандарын анықтау және сүйемелдеу, әуе кеңістігін бұзған әуе кемелерін ұстап қалу, сондай-ақ оларды белгіленген әуеайлақтарға қонуға мәжбүрлеу міндеттері пысықталып жатыр. Іс-шара жоспарлы сипатқа ие және әуе шабуылына қарсы қорғаныстың кезекші күштерінің өзара іс-қимыл деңгейін, жауынгерлік машығын және дайындығын арттыруға бағытталған. Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, расталмаған мәліметтерді таратпауын сұраймыз, — делінген ведомство хабарламасында.

Бұдан бұрын Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру тәртібі мен оған қатысты заңсыздықтар туралы ескерткенін жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью