Мобильді интернетке қолжетімділігі ең төмен өңірлер аталды

21.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: istockphoto.com

Ұлттық статистика бюросының зерттеуіне сәйкес, еліміздегі үй шаруашылықтарының 96,7 пайызы мобильді интернетті пайдалана алады. Былтыр бұл көрсеткіш 96,2 пайыз болған.

Зерттеу нәтижесі бойынша Абай, Атырау және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында мобильді интернетке қолжетімділік 100 пайызды құрады.

Елімізде мобильді интернетті пайдаланушылар саны азайды: Себебі неде?

Орташа республикалық деңгейден жоғары көрсеткіш Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында тіркелген.

Ал ең төменгі көрсеткіш Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Ақмола облысында үй шаруашылықтарының небәрі 81,2 пайызы ғана мобильді интернетке қол жеткізе алады. Яғни өңірдегі әрбір бесінші отбасы интернетсіз отыр.

Қазақстанда екі ұялы байланыс операторы автоқоңырау қызметін өшіреді

Солтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш – 86,8 пайыз, ал Батыс Қазақстан облысында – 90 пайыз. Сонымен қатар Қызылорда, Қостанай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Жетісу облыстарында да көрсеткіш республикалық орташа деңгейден төмен. Бұл өңірлерде мобильді интернетке қолжетімділік 90-96,6 пайыз аралығында қалыптасып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау елімізде ұялы байланыс тарифі 151 пайызға қымбаттағанын, соның салдарынан шағымдар көбейгенін айтқан еді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью