Мобильді интернетке қолжетімділігі ең төмен өңірлер аталды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Фото: istockphoto.com
Ұлттық статистика бюросының зерттеуіне сәйкес, еліміздегі үй шаруашылықтарының 96,7 пайызы мобильді интернетті пайдалана алады. Былтыр бұл көрсеткіш 96,2 пайыз болған.
Зерттеу нәтижесі бойынша Абай, Атырау және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында мобильді интернетке қолжетімділік 100 пайызды құрады.
Елімізде мобильді интернетті пайдаланушылар саны азайды: Себебі неде?
Орташа республикалық деңгейден жоғары көрсеткіш Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында тіркелген.
Ал ең төменгі көрсеткіш Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Ақмола облысында үй шаруашылықтарының небәрі 81,2 пайызы ғана мобильді интернетке қол жеткізе алады. Яғни өңірдегі әрбір бесінші отбасы интернетсіз отыр.
Қазақстанда екі ұялы байланыс операторы автоқоңырау қызметін өшіреді
Солтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш – 86,8 пайыз, ал Батыс Қазақстан облысында – 90 пайыз. Сонымен қатар Қызылорда, Қостанай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Жетісу облыстарында да көрсеткіш республикалық орташа деңгейден төмен. Бұл өңірлерде мобильді интернетке қолжетімділік 90-96,6 пайыз аралығында қалыптасып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау елімізде ұялы байланыс тарифі 151 пайызға қымбаттағанын, соның салдарынан шағымдар көбейгенін айтқан еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:78
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Шілде 2026 17:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















