Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Іс-шараға 13 аймақ пен 3 ауданнан келген 37 шабандоз қатысқан.
Фото: montsame Фото: montsameШараның негізгі мақсаттары — қысқы туризмді қолдау, көшпелі өмір салты мен жылқы шаруашылығын насихаттау, моңғол жылқысының құндылығын арттыру, материалдық емес мәдени мұраны сақтау, дәстүрді жас ұрпаққа жеткізу және жылқы брендингін қалыптастыру.
Фото: montsameБағдарлама шабандоздар шеруімен басталып, дәстүрлі жарыстарды қамтыды.
Фото: montsameАтап айтқанда, толық шабыс кезінде жерден урга мен қамшы ілу, жылқы ұстау және үйрету, сондай-ақ жаяу жүріп арқан мен урга лақтыру сайыстары өтті.
Фото: montsame Фото: montsameЖарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Төв аймағы Батсүмбэр сомонынан келген жылқышы Р.Пүрэвдорж иеленді. Екінші орын Дорноговь аймағы Дэлгэрэх сомонының өкілі Ц.Гомбодоржға бұйырды. Үшінші орын Хэнтий аймағы Мурун сомонынан О.Цолмонбаатарға, төртінші орын Булган аймағы Баян-Нуур сомонынан Б.Баянбаатарға, ал бесінші орын Төв аймағы Аргалант сомонынан Б.Баасансуққа берілді.
Фото: montsame Фото: montsameСонымен қатар ұлттық киімдегі ең үздік қатысушы анықталып, қонақтарға дала шайы ұсынылды.
Фото: montsame Фото: montsameБұдан бөлек, моңғолдың бақташы және аңшылық ит тұқымдарының таныстырылымы ұйымдастырылып, отандық өндірушілердің сауда аймақтары жұмыс істеді.
Фото: montsameАйта кетелік 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Моңғолия ұлттық құрамасының салтанатты және күнделікті формалары алғаш рет көрсетілген еді.