Нанның ішіне телефон жасырып, түрмеге өткізбек болған азамат ұсталды

16.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: istockphoto.com

ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, азық-түлік сәлемдемесін тексеру кезінде қызметкерлер бөлке нанның ішіне жасырылған екі ұялы телефонды анықтаған.

Атырауда түрмеге күмәнді зат кіргізбек болғандардың заңсыз әрекетін қызметтік ит әшкереледі

Аталған дерек бойынша тыйым салынған заттар тәркіленіп, тиісті материалдар рәсімделген.

«Телефондар мен өзге де тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу жазаны өтеудің белгіленген тәртібіне әсер етіп, мекеменің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Осыған байланысты азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырамыз. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», делінген хабарламада.

Қызылордада түрмеге телефон кіргізбек болған тұрғын ұсталды

Еске сала кетейік, бұған дейін түрмеде отырған бауырына ақша алып кіргізбек болған қызылордалық тұрғын әшкереленген еді. Аталған азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік материалдар рәсімделіп, сот қарауына жолданды.  

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью