Нанның ішіне телефон жасырып, түрмеге өткізбек болған азамат ұсталды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: istockphoto.com
ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, азық-түлік сәлемдемесін тексеру кезінде қызметкерлер бөлке нанның ішіне жасырылған екі ұялы телефонды анықтаған.
Атырауда түрмеге күмәнді зат кіргізбек болғандардың заңсыз әрекетін қызметтік ит әшкереледі
Аталған дерек бойынша тыйым салынған заттар тәркіленіп, тиісті материалдар рәсімделген.
«Телефондар мен өзге де тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу жазаны өтеудің белгіленген тәртібіне әсер етіп, мекеменің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Осыған байланысты азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырамыз. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін түрмеде отырған бауырына ақша алып кіргізбек болған қызылордалық тұрғын әшкереленген еді. Аталған азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік материалдар рәсімделіп, сот қарауына жолданды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:53
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 12:02 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















