Назарбаев салған сүрлеуге кетіп барамыз: Реформа емес, ребрендинг | Qazaq24.com
Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады.. Реформа емес ребрендинг қой.
Парламент - Құрылтайға, мемкеңесші - вице-президентке, ал Ассамблея - Халық Кеңесіне айналады.
Одан саяси жүйенің мазмұны өзгермейді, сол баяғы вертикаль, АП-ның фильтрімен өтетін депутаттар мен белсенділер, дискуссияның имитациясы, және шынайы саястты орнын басқан медиа-технологиялар.
Бұл туралы әлеуметтанушы, Paperlab зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Сарапшының айтуынша, парламенттің басты проблемасы - оның екі палаталы болуында емес, оның өзінің басты функциясын, яғни қоғамды репрезентация жасау міндетін атқара алмауында.
«Біздің сауалнамаға сәйкес азаматтардың 64%-ы елде олардың мүддесін білдіретін партия жоқ, ал 57% елдегі сайлаулардың нәтижесі алдын-ала белгілі, дауыс берушілер ештеме шешпейді деп есептейді.
Толық пропорционал жүйеге көшкен соң, парламент пен азаматтар арасындағы алшақтық одан әрі артады.
Бұл репрезентация дағдарысын ушықтырып, қоғам саяси өмірден мүлде оқшаулайды. Репрезентация не үшін маңызды?
Читать полностью
Читать новость