Нұрайдың өліміне қатысты күдіктінің ақыл есі дұрыс деп танылды

30.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.

Сараптама қорытындысы бойынша айыпталушының ақыл-есі дұрыс деп танылған.

"Күдікті ақыл-есі дұрыс адам ретінде заң алдында жауап береді. Қазіргі уақытта тергеу аяқталуға жақын", - деді Әділов.

Еске сала кетейік, 11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды пышақтап өлтіріп кеткен. Осы айдың басында күдікті психиатариялық клиникаға жатқызылғаны белгілі болды.

Себебі екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, осыған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілді.

Полицияның айтуынша, тергеушілер жәбірленуші тараппен тұрақты байланыста.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью