Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалардың жүйелілігі мен сабақтастығын тағы бір мәрте айқындады.
«JASYL EL» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының басшысы Нұрасыл Бекматовтың пікірінше, бүгінгі бастамалардың басты ерекшелігі – олардың жекелеген өзгерістер жиынтығы емес, ұзақ мерзімді стратегиялық мақсатқа бағындырылған тұтас модель ретінде жүзеге асуында.
Парламенттің рөлін күшейту, қоғамдық диалогты институционалдық деңгейге шығару, өңірлік теңсіздікті азайту, әлеуметтік әділеттілік пен жауапты мемлекет қағидаттарын нақты саясатқа айналдыру – осы реформалардың мазмұндық өзегіне айналып отыр.
Сарапшының айтуынша, Қызылордадағы Құрылтайда айтылған бастамалар «Жаңа әділетті мемлекет» моделін нығайтып қана қоймай, қоғам мен мемлекеттің өзара сенімге негізделген жаңа сапалы қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған.
– Президент Қызылордадағы Құрылтайда реформалардың жүйелілігі мен сабақтастығын ерекше атап өтті.
Сіздің ойыңызша, қазіргі бастамалардың алдыңғы саяси реформалардан басты айырмашылығы неде?
– Менің ойымша, қазіргі бастамалардың алдыңғы саяси реформалардан басты айырмашылығы – олардың жүйелілігі мен ішкі логикасында.