Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Абай.кз» сайтында жарияланған «Қоңыр дәптерге қонған ойлар» деген болашақ кітаптан үзіндіні бірнеше рет оқып шықтым. Онда Қазақстанның халық жазушысы Смағұл Елубайдың ғылым мен дін және жаратылыс пен Жаратушы туралы ойлары ұсынылыпты.
Автор қазіргі заман адамдарын «жол үстіндегі жолаушыға» теңеп, оларға «Мына дүниеге неге келіп, неге кетеміз?» деген сауал қойыпты. Өзі де жылдар бойы сабылып жауап іздесе керек, өмірден түйгендерін електен өткізіп, ғылым мен дін туралы пікірталастарды саралап, олардың ішінен күмән тудырмайтын жаңалықтар мен деректерді іріктеп, «Қоңыр дәптеріне» қондырыпты.
Жазбадағы әрбір ой мен дерек ғылыми тұрғыдан дәйектелген және олар материяны, атомды, электрон мен фотонды зерттеген, көрінетін және көрінбейтін жаратылыстың барлығы энергиядан («тылсым қуаттан») тұратынын анықтаған әлемге әйгілі Макс Планк ашқан жаңалықтар келтіріледі. «Тәңір матрицасы», «Сана матрицасы» деген кітаптардың авторы, америкалық ғалым Грегг Брейгеннің, жапондық ғалым Митио Какудың және ДНҚ-ның да «тылсым қуатқа» бағынатынын анықтаған басқа да ғалымдармен сырласады.
Сондай-ақ жазушы ислам дінімен қатар басқа діндердегі (буддизм, даоцизм) Жаратушы мен жаратылыс туралы ілімдерді зерттеген ғұламалар уәжін алға тартады. Ғылым мен дін, жаратылыс пен Жаратушы туралы ғылыми мәліметтерді ана тілімізде тап-тұйнақтай қылып айта білген авторды бірінші рет көруім. Сондықтан Смағұл Елубайды осы заманның ойшылы деп санаймын.
«Қоңыр дәптердегі» ойларды оқырман түпнұсқадан оқу керек. Оны түсіну үшін оқырманға да ғылым мен діннің тарихи «текетіресі» туралы белгілі бір дайындық керек. Өйтпеген жағдайда «әр кәлләда бір қиял» дейді ғой.
Үзіндіні оқып шыққан соң, Смағұл ағамызға хабарласып, «Қоңыр дәптер» туралы сыр тарттым. Автордың айтуынша, бүгінде ол кітап толығымен жазылып біткен, бірер айда баспаға жол тартады екен. Смағұл ағамызға: «Абай, әлемнің өзге де ойшылдары бұрын бұл тақырыпты неге қозғамаған?» деген сұрақ қойдым. Ол: «Абай өмір сүрген заманда қазақтар исламның далалық салт-ғұрыпқа сай келетін жолын ұстанды. Ол кезде бүгінгідей емес, интернет жоқ. Ал кванттық жаңалық XX ғасырдың бірінші жартысында ғана ашылды. Соған қарамастан хакім Абай сол замандағы ғылым мен дін туралы айтысты айналып өтпеді, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Алла Тағала өлшеусіз. Біздің ақылымыз өлшеулі. Өлшеулімен өлшеусізді білуге бола ма?» деген атышулы ойын «Қарасөздерінде» жазды.
Ал ислам дінінің бірнеше ағымы барын біздің халық тәуелсіздік алғаннан кейін, бізге бөтен елдерден түрлі ағым келе бастаған кезде ғана білді. Кейінгі жылдары Жер шарында дінаралық қатынастар өрши бастады. Қазіргі кезде әлемнің 30-дан астам елінде әртүрлі, саналы адамның миына сыйғысыз соғыстар мен қақтығыстар жүріп жатыр. «Құдайсыз қоғамнан қорық!» деп жүргеніміз содан.
Ондай сұмдықты қалай тоқтатуға болады деген сұраққа жауап іздедім. Жауабын ғылым мен діннен таптым. «Алла не сұрасаң, соны берем» дейді. Академик В.Вернадский адам санасының ғаламдық санаға әсер ететінін өткен ғасырдың басында анықтап, оны ноосфера (жер төңірегінде қалыптасқан рухани сфера) деп атады. Осылардан және басқа да әлемге белгілі ғалымдар мен ғұламалардың пікірлерінен шығатын қорытынды: адамдар дұға оқып, ақ тілектер тілесе, олар қабыл болады.
Сондықтан мен «Қоңыр дәптердегі» ойларды ғаламтор арқылы жариялайтын кез келді деп шештім. Адамды адам ету үшін күрес тоқтамау керек. Менің бұл ойларым адамзат арасына неғұрлым көп тараса, олардың жүрегінде соғұрлым сенім ұлғаяды деп сенем. Сенім бар жерде нәтиже бар екені белгілі. Өйткені Иса пайғамбар: «Егер көкіректеріңде бұршақтың түйіріндей сенім болса, ана тұрған тауға «қозғал!» десеңдер, қозғалады», деп айтқан.
«Қоңыр дәптерді» орыс және ағылшын тілдеріне аударуды армандаймын. Өйткені ондағы ойлар жұмыр басты пенделерге ортақ ойлар ғой!» деп жауап берді автор.
Әңгімеден кейін мен Смағұл ағамыздың арманы орындалып, жер бетінде тыныштық орнаса екен деп тіледім.
Ержан Исақұлов,
генерал-майор, саяси ғылымдар докторы, Жазушылар одағының мүшесі
Соңғы жаңалықтар
Жеңіс жалауын желбіреткен жасақ
Айбын • Бүгін, 08:50
Айбын • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:35
Спорт • Бүгін, 08:30
Жәдігер • Бүгін, 08:25
Өнер • Бүгін, 08:20
Қоғам • Бүгін, 08:15
Көлік өтетін бекеттердің тиімділігі артады
Экономика • Бүгін, 08:10
Саясат • Бүгін, 08:05
Саясат • Бүгін, 08:00
Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 03:06
Қазақстан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Кеше
Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Ата заң • Кеше