Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Ойшыл туралы ой

Ойшыл туралы ой

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Абай.кз» сайтында жарияланған «Қоңыр дәптерге қонған ойлар» деген болашақ кітаптан үзіндіні бірнеше рет оқып шықтым. Онда Қазақстанның халық жазушысы Смағұл Елубайдың ғылым мен дін және жаратылыс пен Жаратушы туралы ойлары ұсынылыпты.

Автор қазіргі заман адамдарын «жол үстіндегі жолаушыға» теңеп, оларға «Мына дүниеге неге келіп, неге кетеміз?» деген сауал қойыпты. Өзі де жылдар бойы сабылып жауап іздесе керек, өмірден түйгендерін електен өткізіп, ғылым мен дін туралы пікірталастарды саралап, олардың ішінен күмән тудырмайтын жаңалықтар мен деректерді іріктеп, «Қоңыр дәптеріне» қондырыпты.

Жазбадағы әрбір  ой  мен дерек ғылыми тұрғыдан дәйектелген және олар материяны, атомды, электрон мен фотонды зерттеген, көрінетін және көрінбейтін жаратылыстың барлығы энергиядан («тылсым қуаттан») тұратынын анықтаған әлемге әйгілі Макс Планк ашқан жаңалықтар келтіріледі. «Тәңір матрицасы», «Сана матрицасы» деген кітаптардың авторы, америкалық ғалым Грегг Брейгеннің, жапондық ғалым Митио Какудың және ДНҚ-ның да «тылсым қуатқа» бағынатынын анықтаған басқа да ғалымдармен сырласады.

Сондай-ақ жазушы ислам дінімен қатар басқа діндердегі (буддизм, даоцизм) Жаратушы мен  жаратылыс туралы ілімдерді зерттеген ғұламалар уәжін алға тартады. Ғылым мен дін, жаратылыс пен Жаратушы туралы ғылыми мәліметтерді ана тілімізде  тап-тұйнақтай қылып  айта білген авторды  бірінші рет көруім. Сондықтан Смағұл Елубайды осы заманның ойшылы деп санаймын.

«Қоңыр дәптердегі» ойларды оқырман түпнұсқадан оқу керек. Оны түсіну үшін оқырманға да  ғылым мен діннің тарихи «текетіресі» туралы белгілі бір  дайындық  керек. Өйтпеген жағдайда «әр кәлләда бір қиял» дейді ғой.

Үзіндіні оқып шыққан соң, Смағұл ағамызға хабарласып, «Қоңыр дәптер» туралы сыр тарттым. Автордың айтуынша, бүгінде ол кітап толығымен жазылып біткен, бірер  айда баспаға жол тартады екен. Смағұл ағамызға: «Абай,  әлемнің өзге де ойшылдары бұрын бұл тақырыпты неге қозғамаған?» деген сұрақ қойдым. Ол: «Абай өмір сүрген заманда қазақтар исламның далалық салт-ғұрыпқа сай келетін жолын ұстанды. Ол кезде бүгінгідей емес, интернет жоқ. Ал кванттық жаңалық XX ғасырдың бірінші жартысында ғана ашылды. Соған қарамастан хакім Абай сол замандағы ғылым мен дін туралы айтысты айналып өтпеді, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Алла Тағала өлшеусіз. Біздің ақылымыз өлшеулі. Өлшеулімен өлшеусізді білуге бола ма?» деген атышулы ойын «Қарасөздерінде» жазды.

Ал ислам дінінің бірнеше ағымы барын біздің халық тәуелсіздік алғаннан кейін, бізге бөтен елдерден түрлі ағым келе бастаған кезде ғана білді. Кейінгі жылдары Жер шарында дінаралық қатынастар өрши бастады. Қазіргі кезде әлемнің 30-дан астам елінде әртүрлі, саналы адамның миына сыйғысыз соғыстар мен қақтығыстар жүріп жатыр. «Құдайсыз қоғамнан қорық!» деп жүргеніміз содан. 

Ондай сұмдықты қалай тоқтатуға болады деген сұраққа ­жауап іздедім. Жауабын ғылым мен діннен таптым. «Алла не сұрасаң, соны берем» дейді. Академик В.Вернадский адам санасының ғаламдық санаға әсер ететінін өткен ғасырдың басында анықтап, оны ноосфера (жер төңірегінде қалыптасқан рухани сфера) деп атады. Осылардан  және басқа да әлемге белгілі ғалымдар мен ғұламалардың пікірлерінен шығатын қорытынды: адамдар дұға оқып, ақ тілектер тілесе, олар қабыл болады. 

Сондықтан мен «Қоңыр дәптердегі» ойларды ғаламтор арқылы жариялайтын кез келді деп шештім. Адамды адам ету үшін күрес тоқтамау керек. Менің бұл ойларым адамзат арасына неғұрлым көп тараса, олардың жүрегінде соғұрлым сенім ұлғаяды деп сенем. Сенім бар жерде нәтиже бар екені белгілі. Өйткені Иса пайғамбар: «Егер көкіректеріңде бұршақтың түйіріндей сенім болса, ана тұрған тауға «қозғал!» десеңдер, қозғалады», деп айтқан.

«Қоңыр дәптерді» орыс және ағылшын тілдеріне аударуды армандаймын. Өйткені ондағы ойлар жұмыр басты пенделерге ортақ ойлар ғой!» деп жауап берді автор.

Әңгімеден кейін мен Смағұл ағамыздың арманы орындалып, жер бетінде тыныштық орнаса екен деп тіледім.

Ержан Исақұлов,

генерал-майор, саяси ғылымдар докторы, Жазушылар одағының мүшесі

Соңғы жаңалықтар

Жеңіс жалауын желбіреткен жасақ

Айбын • Бүгін, 08:50

Әскери дрон – қуатты қару

Айбын • Бүгін, 08:40

Аманатқа адалдық

Қоғам • Бүгін, 08:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30

Рубиндегі ертоқым

Жәдігер • Бүгін, 08:25

«Париждегі екі әйел»

Өнер • Бүгін, 08:20

Күн қайда асығады?

Қоғам • Бүгін, 08:15

Көлік өтетін бекеттердің тиімділігі артады

Экономика • Бүгін, 08:10

Міндет – айқын, талап – нақты

Саясат • Бүгін, 08:05

Саяси жүйені нығайту қадамы

Саясат • Бүгін, 08:00

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!

Олимпиада • Бүгін, 03:06

Қазақстан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды

Спорт • Кеше

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды

Есірткі • Кеше

Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды

Аймақтар • Кеше

«Халықтық Конституция үшін» коалициясы ғалымдарды болашақ Қазақстанның құқықтық негізін қалыптастыруға шақырды

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Ақпан 2026 09:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see144

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see141

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see140

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see139

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see138

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see137

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see132

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see131

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see131

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see129

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see128

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see127

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see126

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see126

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see125

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see124

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see120

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see120

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары