Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Санадағы ой құбылысы

Санадағы ой құбылысы

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Кейбір суретке көз салып, көңіл қойғанда ­бояуды емес, болмысты, уақытты көресің. «Forte Kulanshi Artspace» галереясындағы белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сембіғали Смағұловтың көрмесі көңіл түкпірінде дәл сондай әсер қалдырды. Бұл – қабырғаға ілінген картиналар жиынтығы емес, жады мен жаратылыстың, тарих пен бүгіннің арасындағы үнсіз әңгіме.

Тоқсаныншы жылдар. Ел еңсесін тіктеп, тәуелсіздікпен бірге өзіне қайта үңілген шақ. Сол кезеңде өнерге келген суретшілерге қылқалам – жай кәсіп емес, рухани миссияға айналды. Тамырды тану, тегіңді түгендеу, ұмыт қалған кеңіс­тікті қайта елестету – бұл буынның басты мұраты еді. Оларға сурет тек бояу емес, жауапкершілік болды. Жанартаудай атқылап, санаға сілкініс, ойға қозғау сала келген осы толқынның алдыңғы легінде көрнекті қыл­қалам шебері Сембіғали Смағұлов тұр. Ал оның шығар­малары — сананың ояну сәтінен қалған көркем куәлік.

Иә, суретші кенептерінде уақыт тоқтамайды. Сенбесеңіз, суреткер сырына, Сембіғали сарынына үңіліп көріңізші. Кенепке түскен бейнелердің өзі сөй­леп тұрған жоқ па? «Темірқазық» – бағыт қана емес, рухани тұрақ. «Ұмай» – ұмыт қалған аналық қор­ғау. «Самұрықтың сам­ғауы» – қайта тірілуге деген сенім. Олар оқылмайды, іштей сезіледі. «Арқайым», «Көш­пелі әлем», «Номад наме» сынды туындыларда кеңістік шексіз, ал уақыт шартты. «Құнанбай» мен «Абай» – өз алдына бөлек биіктік. Бұл атаулар – жай ғана тақырып емес, мәдени код. Олар адамды баяғы бағзыға жетелейді, бірақ өткенге байлап қоймайды. Керісінше, бүгінгі болмысқа сұрақ қояды. Өткен мен бүгіннің арасындағы диалог, міне, дәл осы жерден басталады.

Сембіғали Смағұловтың картиналарында нақты сюжеттен гөрі ішкі қозғалыс басым. Абстракция – қашу емес, жинақтау тәсілі. Фольклор мен музыка сарыны да осы кеңістікте еркін тыныстайды. «Құрманғазы», «Құлагер», «Есекей» секілді жұмыстарға ой жүгірткенде өзгеше қоңыр үн естілгендей болады. Күйдің екпіні, ат тұяғының дүбірі, даланың тынысы – бәрі де бояу арқылы сөйлейді. Бұл – көзбен көруден гөрі, жүрекпен сезінетін өнер.

«Кенептің алдына келген сәтте бейне өзінен-өзі көріне бастайды. Сол кезде өзімді суретші емес, тек құрал ретінде сезінемін. Түнде сызған эскиз таңертең басқа түсті, басқа тынысты талап етеді. Холстпен дауласа алмайсың. Егер мен көрінген бейнені тыңдамай, өз ойымды таңсам, туынды тұйықталып қалады. Өйткені өнер бұйрықты емес, келісімді қалайды. Сурет салу – ойлап табу емес, есту. Нағыз бейне тек соған берілген адамға ғана ашылады», дейді суретшінің өзі шығармашылық шеберханасы турасында толғанып.

Ал жылқы бейнесі – суретші­нің көркем әлеміндегі басты кейіп­кер. Жылқы – Сембіғали Смағұлов үшін жануар ғана емес, мінез, болмыс, еркіндіктің метафорасы. Жеңіс Кәкенұлының Сембіғали Смағұловты «жылқы мінез суретші» деп тануы да сондықтан. Қылқалам шебері «Саңлақ» атты мақаласында кейіпкерін «графика» десең – сыза алатын, «кескіндеме» десең – жаза алатын, «мүсін» десең – балшық илеп, мыс құятындай қылып, кар­тина танығыш, композиция деген­ді сонадайдан «оқығыш» етіп жаратқан» деп сипаттай келе: «Сембіғали Абзалбекұлы десем, көз алдыма оның шығармасындағы жылқылар образы келеді, көкейге Қамбар ата бейнесі қоса түседі. Ол – еркіндік рәмізі, ер қанаты жылқыны шығармасына кілт қылып алды да, «Сыншы», «Ертең бәйге», «Бұғаусыз тұлпар», «Аңшылар», «Сұлтан Бейбарыс», «Жалаңтөс батыр», «Кентавр биі», «Мың жылқы» деп, «Түйтенің көк шағыры» деп күллісін тізсек, ұзақ бір керуенге жүк болатын ұзын сонар картиналарының өн бойын ылғи қыл құйрықтыға толтырды» деп шабыттана жазады.

Иә, Сембіғали Смағұлов – тек суретші емес, кеңістікті ойлайтын мүсінші де. Қылқұйрық бейнесі оның кенептерінде ғана емес, елорда ендіктеріне ерекше эстетика сыйлап, қала кеңістігінде де жарқырап тұр. «Астана Опера» театрының ұшар басындағы аспанға ұмтылған жылқылар – еркіндіктің мүсінге айналған сәті іспетті. Ал «Қазақ елі» монументі, «Үш арыс» ескерткіші, «Көк түркілер әлемі», «Құс жолы» – бұлар бас қаланың көркі ғана емес, уақыттың таңбасы. Осындай туындылар арқылы оның есімі отандық өнер тарихына әлдеқашан жазылып қойған.

Өйткені Сембіғали Смағұловтың өнері ұран емес. Ол айқайламайды. Оның тілі – сабырлы. Бірақ сол сабыр­дың ішінде терең сілкініс жатыр. Тыныштықтың өзінде салмақ бар. Әр картина – сұрақ. Әр образ – ишара. Мұнда пафос та, артық түсіндіру де кездеспейді. Әр картина ұзақ үнсіздікке шақыра­ды. Әр образ көрерменді өз ішіне үңілуге мәжбүр етеді. Сембіғали Смағұловтың өнері дайын жауап ұсынбайды. Ол сұрақ қояды. Ал сол сұрақпен қалу – көрермен үшін ең үлкен сый.

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 08:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see163

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see151

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see151

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see149

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see147

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see143

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see137

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see133

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see128

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see124

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see123

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see122

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары