Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Қоғамның көрінбейтін құбылысы

Қоғамның көрінбейтін құбылысы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Өткен жылдың екінші тоқсанында жұмыссыз, оқусыз және кәсіби даярлықтан өтпеген жастардың саны 349,1 мың адамды құраған көрінеді. Осы ретте еліміздің бірнеше жобасы, атап айтсақ, Jol Tap, Jumys Tap, «AMANAT» партиясының «Жастарға жұмыс» жобасы да «екі қолға бір күрек» табуға үлкен мүмкіндіктер ашып отыр.

Халықаралық еңбек ұйымы жастар арасындағы жұмыссыздықтың алаңдатарлық деңгейіне назар аударды. Ұйымның «Жастарды жұмыспен қамтудың жаһандық үрдістері-2024» атты баяндамасына сәйкес, әлемде әрбір бесінші жас азамат NEET санатына жатады. Яғни, олар не жұмыс істемейді, не білім алмайды әрі кәсіби даярлықтан өтпейді.

Ресми дерекке сүйенсек, елімізде өткен жылы NEET санатындағы жастардың саны 394,2 мың адамға жетіп, бір жыл ішінде 82,7%-ға артқан. Дегенмен сарапшылар бұл өсімді жастар арасындағы ахуалдың күрт нашарлауымен байланыстырмайды. Мұндай өзгеріс есептеу әдісінің жаңаруына тікелей қатысты деп отыр.

Атап айтқанда, 2022 жылға дейін жастар қатарына 15-24 жас аралығындағы азаматтар енгізілсе, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш 35 жасқа дейін ұлғайды. Соның нәтижесінде NEET санатындағы жастардың саны бірден артқан. 

Жұмыссыздықтың себебі көп

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данияр Қасқарауовтың айтуынша, ел арасында жұмыссыздықтың көп болуына түрлі себеп бар. 

– Ең бірінші мәселе – жұмыстың аздығы. Қалаға келген жастар да айлығы төмен болған соң ұзақ тұрақтамай, кері қайтуға немесе басқа жол іздеуге мәжбүр. Ұсынылатын жалақы күнкөріске жетпейді. Бір қызығы, жұмыссыздық көп деп айтамыз, ал екінші жағынан қарасаңыз, кей салаларға маман жетіспей жатады. Бұдан бөлек, нарықтағы ұсыныстың сәйкес келмеуі де бар. Көп жағдайда жастар бірден жоғары жалақы мен тұрақты жағдай күтеді, ал жұмыс берушілер тәжірибе талап етеді. Осы екі жақтың ортақ мәмілеге келе алмауы да жұмыссыздықтың ушығуына әсер етіп отыр, – дейді Д.Қасқарауов.

Депутаттың сөзінше, еліміздегі жұмыссыздықты жою үшін де бірталай жоба атқарылып жатыр. Ауылдағы жастар мен тұрғындар үшін «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы жақсы нәтиже берді. Ел тұрғындарының шамамен 40 пайызы ауылдық жерде тұратынын ескерсек, бұл бағыттағы қолдаудың маңызы зор. Алдағы жылдары, нақтырақ айтқанда 2029 жылға дейін, ауыл шаруашылығы коопера­циясын дамыту арқылы 1 миллион ауыл тұрғынын қамтып, 350 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр екен.

Сонымен қатар NEET санатындағы жастарды және жалпы жастарды қолдауға бағытталған «Жастарға жұмыс» жобасы да қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, кейінгі екі жылда 150 мыңға жуық жас азамат қамтылған 1,5 мыңнан астам іс-шара өткізілді. 200-ге жуық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, оған 5,2 мыңнан астам ұйым қатысып, 55 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды. Шалғайдағы елді мекендерді қамту мақсатында «Жастар Рухының» мо­бильді топтары 150-ден астам ауылға барып, 55 мың адамға әлеуметтік-еңбек мәсе­лелері бойынша кеңес берді. 

– Мені тағы бір алаңдататын мәселе бар. Ол – жастардың шетелге кетуінің кө­бейіп бара жатқаны. Жастар жақсы табыс табу үшін шетелге ағылуда. Иә, ол жақта жұмыс ауыр болғанымен, жалақысы жоғары. Мәселен, мен бұрын әскери қызметте істеген бір танысымды білемін. Кезінде түрлі қауіпті операцияда жанын қатерге тігіп жүретін. Ал қазір сол танысым Америкада жиһаз тасып жүр. Осындай мысалдар қазір жетіп артылады, – дейді Данияр Қасқарауов.

Жұмыссыз жүргендерде психологиялық қысым бар

Қоғамда баласының жұмыссыз жүргенін қалайтын ата-ана жоқ екені анық. Алайда еңбекке деген ынтасы төмен, өз жолын таба алмай жүрген жастардың жағдайы да күрделі. Әлеуметтанушы Темірлан Төлеудің айтуынша, жастар арасындағы жұмыссыздық тек экономикалық мәселе емес, терең психоло­гиялық дағдарысқа ұласып отыр. Жұмыссыз жүрген жас өзін қоғамға қажетсіз сезініп, күйзеліске түседі, ал уақыт өте келе өзін дамытуға деген сенімі де жоғала бастайды. 

– Менің ойымша, жастар үшін ең ауыр соққы – белгісіздік пен тұрақсыздық. Ертеңгі күні не болатынын білмеу, болашаққа нақты жоспар құра алмау жастардың ішкі тепе-теңдігін бұзады. Бұған қоса, қоғамдағы салыстыру мәдениеті де өз әсерін тигізіп отыр. «Жұрттың баласы әлдеқашан жұмыс істеп жүр» деген қысым жас адамның психикасына салмақ салып, бұл жағдай тек рухани күйзеліске ғана емес, әлеуметтік қиындықтарға да алып келеді, – дейді әлеуметтанушы.

Темірлан Төлеу жастар арасында лудо­манияның кең таралуын да осы түйткілдермен байланыстырады. Оның айтуынша, ойын­құмарлықтың басты себебі – «тез табысқа жету» иллюзиясы. Жастар үшін адал еңбекпен жоғары табысқа жетудің нақты әрі қолжетімді жолдары айқын көрінбеген кезде, олар осындай тәуекелді әрекеттерге оңай бой алдырады. 

                                                             коллаж: Елдар ҚАБА

Жалпы, Республика бойынша білімі және жұмысы жоқ жастардың үлесі 6,4% болғанымен, өңірлерде бұл көрсеткіш әртүрлі. Мәселен, кейінгі деректер бойынша Маңғыстау облысында NEET санатының үлесі 10,1%-ға жетті, бұл республика бойынша ең жоғары. Ал 2018 жылдың ІІІ тоқсанында Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш небәрі 7,4% болған, 2022 жылы тиісті кезеңде 7,1%-ға дейін төмендеген. Алайда кейінгі жылдары облыста жұмыссыз жастардың саны күрт өсіп келеді.

Елімізде NEET санатындағы жастардың үлесі ең төмен аймақ – Шығыс Қазақстан облысы (4,5%). Елімізде 7 өңір – 5-6 пайыз арасында, 11 өңірде – 6-10 пайыз.

Жас буынның ерекшелігі

Бүгінгі еңбек нарығын зуммерлердің толтырып отырғаны жалған емес. Олар жаңа жобаларға тез бейімделеді, технологияны еркін қолданады және шығармашылық қабілетімен ерекшеленеді дейді сарапшылар. 

HR маманы Сәтжан Дәуітовтің айтуынша, жастар еңбек нарығына енген сайын олардың қажеттіліктері мен көзқарастары да өзгере бастайды. 

– Бүгінгі зуммерлер үшін жұмыс тек табыс көзі емес, өз қабілеттерін іске асыруға, мәні бар жобаларға қатысуға мүмкіндік беретін алаң. Алдыңғы буын тұрақтылық пен мансапқа мән берсе, зуммерлер үшін пікірлесуге ашық орта, икемді жұмыс кестесі және тұрақты кері байланыс маңызды. Сонымен қатар олар жылдам нәтиже мен кәсіби дамуды күтеді, – дейді ол.

HR маманы өз тәжірибесінде зуммер­лермен жұмыс істеп көргенін айтты.

– Иә, жеке тәжірибемде зуммерлермен жұмыс істедім. Олар технологияны тез меңгереді, ақпаратты жылдам өңдейді және бастама көтеруге бейім болады. Бірақ ұзақ­мерзімді жоспарлау, шыдамдылық пен жүйелі жұмыс дағдыларын дамыту жағы кейде әлсіздеу келеді екен. Дұрыс менторлық пен нақты мақсат қойылған жағдайда зуммерлер өте нәтижелі маманға айналаты­нына көзім жетіп келеді, – дейді Сәтжан Дәуітов.

Маман тағы бір сөзінде жастардың жұмыссыздығын тек «олар дайын емес» деп біржақты қарау дұрыс емес. Бұл мәселе жұмыс беруші мен жас маман арасындағы өзара үйлесім мен бейімделу толық қалыптаспағанын көрсететін жүйелі проблема.

Қорыта айтқанда, кейінгі жылдары жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі азайып келеді. Оған себеп мемлекет деңгейіндегі жобалардың аяққа тұрып, әр азаматқа мүмкіншіліктің берілуі. Жаңа буын өкілдері тек жұмыс іздеумен шектелмей, өз қабілетін дамыта алатын, мәні бар жобалар мен икемді ортаға қызығушылық танытады. Осы тенденцияны түсінетін және жас мамандарға қолдау көрсететін жұмыс берушілер ғана өз компаниясында талантты кадрларды ұстап, нарықта бәсекеге қабілетті бола алады.

Әсет ҚАЛИ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:213
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 14:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары