Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Көрінбейтін қаһармандар

Көрінбейтін қаһармандар

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Алайда көрерменді баурайтын көркемдік шешімнің, актердің физикалық мүмкіндігін толықтырып көрсететін шынайылықтың негізгі тірегі – каскадерлер. Экран мен актер ойынының үйлесімді симфониясын жасайтын, кадр сыртындағы ерлердің еңбегі бәріне мәлім болғанымен, олардың жетістігі жайлы сирек айтылады. «Әлем мойындаған қазақстандық каскадерлер енді отандық фильмдерге шақырылмайды» деген пікірлер де бар. 

Өткен аптада елордамызда ASTANA MEDIA WEEK іс-шарасы ұйымдастырылған бо­латын. Отандық медиа индус­трияны да­мы­ту және іскерлік қа­тынастарды күшейту үшін жа­салған жиында әртүрлі тақырып көтерілді. Соның бірі – каска­дерлерді қолдау мәсе­лесі. Ішінде «Марко Поло», «Му­лан», «Вели­колепная семерка» фильм­деріне түскен отандық Nomad Stunts тобының каскадерлерін отандық телеарналар мен ірі ком­паниялар экшн киноларды, әсіресе кәсіби актерлерді тартуға құлықсыз екені айтылды. Qulaqsal креативті тәуелсіз студиясының бас про­дю­сері Нұртілеу Аман­гелдінің ай­туынша, голливудқа түсіп жүрген Nomad Stunts жігіттерін қазақ сериалдарына түсуге шақыр­майды. 

– Біздің Nomad Stunts жігіт­терін баяғыда әлем мойындап қой­ған. Кезінде оларды Түркия өзіне шақырды. Енді қазір экшн сериалдарында аттың үстіндегі экшн-сахнаны түсіріп жүр. Ше­тел­­дік сериалдар мен фильмдерде полицейлердің мықты, жылдам әрекет ететін физикалық образы көркем көрсетіледі. Олар экшн жанрындағы жобалар арқылы идеологиясы мен құндылықтарын көрерменге әсерлі жеткізеді. Неге елдегі үлкен компаниялар жігіт­терді шақырмайды? Біз креативті экономика, индустрия туралы неше жылдан бері айтып келеміз ғой. Енді оларды неге қолдамасқа деген сұрақ туындап отыр», – деген еді жиында.

Бұл – назар аударатын мәселе. Nomad Stunts каскадерлер тобы 2000-жылдардың басында құрыл­ған. Содан бері Голливуд пен әлем­дік кино алаңдарында жоғары дең­гейлі трюктер орындап жүрген таны­мал брендке айналды. Өздері­нің тарихында тек шетелдік фи­льм­дерде  бой көрсетіп қоймай, қазақ­стандық киноның да көр­кем­­дік мазмұнын тереңдетуге үлес қосып келеді. Мәселен, «Томи­рис», «Көшпенділер», «Орда», «Жау жү­рек мың бала» сияқты ірі жобаларға қатысып, ұлттық каскадерлік мек­тептің шеберлігін дәлелдеді. Олар ежелгі түркі жауынгерлерінің салт-дәстүрін, ат үстіндегі шеберліктерін және күрделі шайқас көріністерін барынша шынайы бейнелеуімен ерекшеленеді. Топтың ең басты артықшылығы – әрбір трюкті қа­уіпсіз әрі жоғары деңгейде орын­дау. Осы кәсібилігі үшін көптеген шетелдік режиссер Nomad Stunts-ты «шығыс жауынгерлерінің рухын бүгінгі заманға жеткізген шебер­лер» деп бағалайды. 

Осыдан бірнеше жыл бұрын түсірілген бірқатар тарихи киноға түскен Nomad Stunts каскадерлік тобы бүгінде отандық киноға шынымен ша­қыртусыз қалды ма? Оларды қол­да­майтыны рас па? Кадрдың ар­тындағы батырлардың еңбегі елеу­сіз бе? Осы сауалдарды каска­дерлік топ­ты құрушы Жай­дарбек Күнғо­жиновке жолдадық. Бірақ ол мұндай пікірге кереғар көз­қараста екенін айтты. Өйткені елімізде түсірілетін фильмнің 90 пайыздан көбіне Nomad Stunts каскадерлері түседі екен. 

– Білесіздер, қазір отандық кино жанданып жатыр. Көп түсі­ріледі. Сәйкесінше, каскадерлерге жүктелген міндет те, сұраныс та артып келеді. Бұрын 2000-жыл­дарға дейін каскадерлер өте аз болды. Ал қазір жағдай басқа. Қа­зақстанда түсірілетін киноның бә­ріне дерлік шақырылады. Кас­ка­дердің жауапкершілігі тым жо­ғары болғандықтан, көп адам келе бермейді. Сондықтан оны оқы­татын жер не дайындайтын орта­лық болмауы керек деп ойлаймын. Біз каскадерлік топ болғандықтан, арнайы орталығымыз бар. Келген қыз-жігіттерге сол жерде үйре­теміз, – деді Жайдарбек Күнғо­жинов. 

Жайдарбек Күнғожинов құр­ған каскадерлер тобы «Томирис» фильміндегі әсерлі трюктері үшін әлемдік деңгейдегі Taurus World Stunt Awards марапатына қол жет­кізген еді. Қазір оның командасы кәсіби межені одан әрі биіктетіп, Оскар тұғырынан көрінуді мақсат етіп отыр. 

– Каскадерлердің кәсіби өсуі­не мүмкіндік көп. «Таурус» жүл­десін жайдан-жай алған жоқпыз. Әлемнің талай мықтысының ішінен бізді үздік деп таныды. Осыған қол жеткізу арқылы Оскарға жолымыз ашылды. Ол үшін мақ­саттан айнымай, соған үздіксіз ұм­тылу керек. Күшті жобалар жа­сап, продюсерлер мен режиссер­лерді ең күрделі трюк­терді орын­дауға және оны өзімізге түсіруге рұқ­сат беруге көндіре білу маңыз­ды, – деді ол.

Nomad Stunts тобында 73 кас­ка­дердің сегізі қыздар. Олар кас­ка­дерлікке тек шыдамы жететін, ерік-жігері мықты қыздар ғана келе алатынын айтады.

Малика СЕРІК: 

– Каскадер болу әр адамға қиын, бірақ қыздарға ерекше тәртіп, күш және психологиялық да­йындық керек. Себебі біз бір уақытта әрі мықты, әрі нәзік болуымыз керек. Мен каскадер ретінде әртүрлі трюк орындадым. Соның ішінде биіктен құлау, суға құлау, айқас-сайыс сахналары, отты трюктер, акробатикалық қозғалыстар болды. Сонымен қатар атпен шабу, жылқы үс­тіндегі трюктер де жасадым. Әр трюк – үлкен да­йын­дық пен жауапкер­ші­ліктің нә­тижесі. Иә, қыз бала табиғаты­нан нәзік, бірақ кәсіби дайындық пен дұрыс физикалық жатты­ғу­лар ағзаны шынық­тырады. Мен денсау­лығым­ды бірінші орын­ға қоямын: арнайы жат­ты­ғулар, созылу, қалпына келу техникасы, мас­саж – бәрі тепе-тең­дікті сақ­тауға көмек­теседі. Әри­не, кейде көгеру, ауыр­сыну бо­ла­ды, бірақ мен үшін бұл жұмы­сымның бір бөлігі. Ең бастысы – қауіпсіздік пен дұрыс дайындық. Мен Номадқа 15 жасымда келдім. Каскадер болып істеп жүргеніме 5 жыл болды. Кішкентайымнан дзюдо және акробатика бойынша спорт ше­берлігіне кандидатпын. Шы­нымды айтсам, ешқашан кино саласында, оның ішінде каскадер болып жұмыс істеймін деп ой­ламаппын. Бірақ бәрі өз жолымен келе жатыр.

Бекзат ТЛЕБАЛДИН: 

– Каскадердің басты міндеті – фильм, жарнама, шоу сияқты кез келген жобаларда қауіпті трюктерді орындап, актердің ептілігі мен физикалық шапшаң­дығын арттырады. Бұл кәсіби дайындықты, дәлдік пен тәртіпті талап етеді. Олай дейтінім, әр қимылын миллиметр дәлдікпен есептеп режиссер талабына сай орындауға тиіс. Өйткені бір ғана қате қозғалыс  тек өзіне  емес, түсірілім тобына да қауіп төндіруі мүмкін. Трюктерді орындамас бұрын қауіпсіздік жоспары жасалады. Көптеген отандық режиссер мен продюсер кәсіби трюктердің маңызын түсініп, Nomad Stunts жігіттеріне ұсыныс айтты. Мәселен, «Көшпенділер», «Құнанбай», «Ұлы дала таңы» сияқты жобаларда каскадерлер жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бұл елімізде қолдаудың бар екенін және отандық кино саласында кәсіби трюк мәдениетінің қа­лыптасып келе жатқанын дәлел­дейді. Көбіне шақырулар кәсіби ұйымдар мен халықаралық фести­вальдар арқылы келеді. Каскадер портфолиясы, бейнетрюктері және жұмыстары ескеріліп,  сту­диялар өздері хабарласады. Шетелдік жобалардағы гонарар құны Қазақстаннан бірнеше есе жоғары болғанымен, отандық фильмдерде мақтаныш сезімі мен шығармашылық еркіндігі бар.

Қазақ киносының деңгейі актер­мен шектелмейді. Тақырыпқа тиек болған каскадерлер де отан­дық актерлердің, кино деңгейінің қаншалықты жоғары екенін көрсетіп тұр. Кез келген туындыны қызықты ететін әрі жалықтыр­майтын да осы «көзге көрінбейтін қаһармандар». Кино да – өнердің заманалы, шоқтығы биік тармағы. Сол тармақта отандық каскадерлер да белес бағындырып жүргенін біле жүріңіз.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 14:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see171

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see161

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see151

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see146

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see144

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see143

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see142

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see140

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see137

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see136

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see135

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see133

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see131

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see130

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see124

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see116

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see115

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see113

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see112

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары