Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Еуропа бақылау тарихындағы ең ауқымды аптаптардың бірін бастан өткеріп жатыр. Бірнеше елде ауа температурасы рекордтық көрсеткіштерге жетіп, қаза тапқандар саны артып келеді, ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бұл жағдайдың әлі бастамасы ғана екенін ескертті. Әлемде не болып жатқанын TengriHealth тілшісі саралап көрді.
Еуропа бақылау тарихындағы ең ауқымды аптаптардың бірін бастан өткеріп жатыр. Бірнеше елде ауа температурасы рекордтық көрсеткіштерге жетіп, қаза тапқандар саны артып келеді, ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бұл жағдайдың әлі бастамасы ғана екенін ескертті. Әлемде не болып жатқанын TengriHealth тілшісі саралап көрді.
"150 миллион адам аптап ыстық жағдайында өмір сүріп жатыр" - ДДСҰ28 маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус X әлеуметтік желісіндегі парақшасында 21 маусымнан бері Еуропада аптап ыстыққа байланысты артық өлім-жітімнің 1300-ден астам жағдайы тіркелгенін хабарлады.
"Еуропа - Жер шарындағы ең жылдам жылынатын құрлық. Мұндағы жылыну қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жоғары. Қазір шамамен 150 миллион адам аптап жағдайында өмір сүріп жатыр. Жүздеген адам қаза тапты, мектептер жабылып жатыр, ал энергетикалық жүйелер мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеп жатыр. Жылу күйзелісін көбіне “үнсіз өлтіруші” деп атайды", - деп жазды ДДСҰ басшысы.
Ғалымдардың айтуынша, қазіргі ыстық толқыны бақылау тарихындағы ең ауқымды құбылыстардың біріне айналды. Олардың бағалауынша, Еуропадағы 850 ірі қаланың жартысына жуығы экстремалды ыстыққа тап болған.
Сарапшылар бұл жағдайды қазба отындарын жағудан туындаған климаттың өзгеруімен байланыстырады.
Франция: мәйітханалар толып, жерлеу қызметтері тапсырыс қабылдаудан бас тартып жатырАптап ыстықтан ең көп зардап шеккен елдердің бірі - Франция.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Францияның қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі 24 маусымнан бері елде артық өлім-жітімнің 1000-нан астам жағдайы тіркелгенін хабарлаған. Бұл көрсеткіштер әлі де түпкілікті емес және алдағы уақытта өсуі мүмкін екені айтылды.
Қаза тапқандардың басым бөлігі - 65 жастан асқан адамдар. Кейбір қалаларда жедел жәрдем шақыруларының саны шамамен 50 пайызға дейін артқан.
Жағдайдың күрделенгені соншалық, жерлеу қызметтері келіп түскен өтініштердің көптігінен жұмысқа үлгере алмай қалған.
Мәселен, Париж маңындағы Орли қаласындағы жерлеу бюросының қызметкері Зухайер Хертелли мәйіт сақтауға арналған 32 орындық тоңазытқыш камералардың толықтай толып кеткенін айтты.
"Науқастар легі сәрсенбі мен бейсенбіде (24 және 25 маусым - ред.) басталып, демалыс күндері де тоқтаған жоқ. Сенбі мен жексенбі күндерінің өзінде 150 қоңырау қабылдап, 150 мәйітті қабылдаудан бас тартуға мәжбүр болдым. Бізге отбасылар, қарттар үйлері, полиция бөлімшелері, муниципалитеттер хабарласады. Жерлеу саласындағы әріптестеріміздің бәрі бізбен байланысқа шығып жатыр", - деді ол.
Хертеллидің айтуынша, тұрғындар "толық дүрбелең күйінде" жүр.
Францияның денсаулық сақтау органдары мен дәрігерлері қарттар үйлерінде және жалғыз тұратын егде жастағы адамдар арасында өлім-жітімнің артқанын атап өтті. Осыған байланысты тұрғындарды жасы үлкен, жалғыз тұратын туыстары мен көршілеріне ерекше көңіл бөлуге шақырды.
Испания: бір айдың ішінде мыңнан астам адам қайтыс болдыИспаниядағы жағдай да өте күрделі.
1 шілдеде жарияланған ресми деректерге сәйкес, маусым айында елде ыстықпен байланысты артық өлім-жітімнің 1029 жағдайы тіркелген.
Ұлттық метеорологиялық агенттік AEMET маусым айындағы орташа температура климаттық нормадан 3,2 градусқа жоғары болғанын хабарлады. Соның салдарынан биылғы маусым бақылау тарихындағы ең ыстық екінші маусым болып тіркелді. Бірінші орында - өткен жылдың маусымы.
Аптаптың ең шарықтау кезеңі болған 23 маусымда Испания халқының 73 пайызына тең 35,7 миллион адам денсаулыққа қауіп төнетін аймақта тұрған. Оның ішінде 38 пайызы жоғары қауіп тобына кірген.
Англия да бұрын-соңды болмаған аптап ыстыққа тап болдыҰлыбританияның ұлттық метеорологиялық қызметі - Met Office мәліметінше, елде қолданыстағы ескерту жүйесінің тарихында алғаш рет аптап ыстыққа байланысты қызыл қауіп деңгейі қатарынан үш күн бойы жарияланған.
Справка: Анықтама: Ұлыбританияда Met Office-тің көпдеңгейлі ауа райы ескерту жүйесі қолданылады.
Сары деңгей - жергілікті салдар болуы мүмкін, тұрғындарға сақ болу ұсынылады. Қызғылт сары деңгей - ауыр зардаптардың туындау қаупі жоғары, көлік, энергетика және ауруханалар жұмысына іркіліс болуы мүмкін. Қызыл деңгей - төтенше жағдай. Қауіпті салдарлар тек қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдарға ғана емес, дені сау азаматтардың өміріне де қауіп төндіреді.
Қызыл деңгейдегі ескерту Англияның оңтүстік және орталық бөліктерін қамтыды. Ол 23 маусымнан 26 маусымға қараған түнге дейін күшінде болды. Ал қызғылт сары деңгейдегі ескерту бүкіл Англияда 28 маусым таңына дейін сақталды.
Аптап ыстық салдарынан бірнеше аурухана төтенше жағдай режимін жариялады. Шұғыл қызметтер ыстықтың салдарымен күресу қиынға соғып жатқанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, ел бойынша мыңнан астам мектеп толық немесе ішінара жабылды. Бұған оқу ғимараттарында кондиционерлердің болмауы және олардың қатты қызып кетуі себеп болған.
Жұма күні теміржол жолаушыларына аса қажеттілік болмаса, сапардан бас тарту қатаң түрде ұсынылды. Себебі көптеген теміржол операторлары рейстер санын қысқартты немесе пойыздардың қозғалыс жылдамдығына шектеу енгізді.
Италия мен Балқан түбегі де жаңа рекордтарға дайындалып жатырAl Jazeera мәліметінше, рекордтық аптап ыстық Италия мен Балқан елдерін де қамтып, жүздеген адамның өмірін қиған.
29 маусымда Италия билігі бірден 22 қалада қызыл қауіп деңгейін жариялады. Оның ішінде солтүстіктегі Больцано қаласынан бастап, Сицилия аралындағы Палермоға дейінгі өңірлер бар.
Қызыл деңгейдегі ескертулер Хорватияда да жарияланды. Атап айтқанда, Загреб, Сплит және Дубровник қалалары қауіп аймағына енді.
Сонымен бірге орман өрттерінің қаупі де күрт артқан. Адриатика теңізіндегі Вис аралында ондаған өрт сөндіруші авиацияның қолдауымен бірнеше күн бойы Сплиттен оңтүстік-батысқа қарай шамамен 55 шақырым жерде орналасқан қарағайлы орманды шарпыған ірі өртпен күресті.
Көршілес Албанияда бұталар мен зәйтүн тоғайларын қамтыған өрт оқшауландырылды.
Италия метеорологиялық қоғамының президенті Лука Меркалли:
"Қатты ыстық орман өрттерінің қаупін арттырады. Алайда біз қатты нөсер жауындарды да байқап отырмыз, олар бұл қауіпті белгілі бір деңгейде азайтады", - деп ескертті.
Дегенмен, оның айтуынша, жауын-шашын біркелкі түспейтіндіктен, қауіпті толықтай жоя алмайды.
Италия Әуе күштерінің метеорологы Даниэле Мочио температураның алдағы бірнеше күн бойы климаттық нормадан 8–10 градусқа жоғары болатынын айтты.
"Бұл - адам өмірімен төленіп жатқан жаз" - ДДСҰДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі жағдайдың тек бастамасы екенін және болашақта жағдайдың одан әрі күрделене түсетінін мәлімдеді.
"Бұл аптап ыстық - бас репетиция ғана. Алдағы жаз мезгілдері бұдан да ауыр болады. Еуропалық аймақтағы елдердің жартысынан астамында әлі күнге дейін ыстықпен күресу және халық денсаулығын қорғау жөніндегі кешенді жоспар жоқ. Мұны өзгерту қажет. ДДСҰ/Еуропа әзірлеген жаңартылған ұсынымдар әрбір елге, өңірге және қалаға дәл қазір әрекет етуге мүмкіндік беретін құралдар ұсынады", - деді ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының директоры доктор Ханс Анри Клюге.
Ол 6 шілдеде ДДСҰ-ның Еуропалық өңіріне кіретін барлық мемлекеттердің төтенше жағдайлар, қоршаған орта және климаттың өзгеруі мәселелеріне жауапты ұлттық үйлестірушілерін жинап, елдердің осы аптап ыстықтан қандай сабақ алғанын, келесі толқынға қаншалықты дайын екенін және ДДСҰ тарапынан қандай қосымша көмек қажет екенін талқылауға уәде берді.
Клюгенің айтуынша, қазіргі жағдай енді бір реттік аномалия емес. Бұл - жиілеп, күшейіп әрі ұзаққа созылып келе жатқан қайталанатын дағдарыстар.
"Дайындықсыз қарсы алған әрбір жаз - адам өмірімен төленетін жаз", - деді Ханс Анри Клюге.
ДДСҰ деректеріне сәйкес, климаттың өзгеруі XXI ғасырдағы халық денсаулығына төнетін ең ірі қауіптердің бірі саналады. Тек 2000–2019 жылдар аралығында әлемде аптап ыстықтың әсерінен жыл сайын шамамен 489 мың адам қайтыс болған. Оның 45 пайызы Азияда, ал 36 пайызы Еуропада тіркелген.
Мұндай экстремалды ауа райы Қазақстанға да тікелей қатысты. Елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде жаз мезгілінде ауа температурасы жиі +40 °C-тан асып түседі, ал аптап ыстық кезеңдері барған сайын ұзарып келеді.