Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Өлердей ыстық. Еуропада не болып жатыр және ДДСҰ не туралы ескертті?

Өлердей ыстық. Еуропада не болып жатыр және ДДСҰ не туралы ескертті?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Еуропа бақылау тарихындағы ең ауқымды аптаптардың бірін бастан өткеріп жатыр. Бірнеше елде ауа температурасы рекордтық көрсеткіштерге жетіп, қаза тапқандар саны артып келеді, ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бұл жағдайдың әлі бастамасы ғана екенін ескертті. Әлемде не болып жатқанын TengriHealth тілшісі саралап көрді.

Еуропа бақылау тарихындағы ең ауқымды аптаптардың бірін бастан өткеріп жатыр. Бірнеше елде ауа температурасы рекордтық көрсеткіштерге жетіп, қаза тапқандар саны артып келеді, ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бұл жағдайдың әлі бастамасы ғана екенін ескертті. Әлемде не болып жатқанын TengriHealth тілшісі саралап көрді.

"150 миллион адам аптап ыстық жағдайында өмір сүріп жатыр" - ДДСҰ

28 маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус X әлеуметтік желісіндегі парақшасында 21 маусымнан бері Еуропада аптап ыстыққа байланысты артық өлім-жітімнің 1300-ден астам жағдайы тіркелгенін хабарлады.

"Еуропа - Жер шарындағы ең жылдам жылынатын құрлық. Мұндағы жылыну қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жоғары. Қазір шамамен 150 миллион адам аптап жағдайында өмір сүріп жатыр. Жүздеген адам қаза тапты, мектептер жабылып жатыр, ал энергетикалық жүйелер мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеп жатыр. Жылу күйзелісін көбіне “үнсіз өлтіруші” деп атайды", - деп жазды ДДСҰ басшысы.

Ғалымдардың айтуынша, қазіргі ыстық толқыны бақылау тарихындағы ең ауқымды құбылыстардың біріне айналды. Олардың бағалауынша, Еуропадағы 850 ірі қаланың жартысына жуығы экстремалды ыстыққа тап болған.

Сарапшылар бұл жағдайды қазба отындарын жағудан туындаған климаттың өзгеруімен байланыстырады.

Франция: мәйітханалар толып, жерлеу қызметтері тапсырыс қабылдаудан бас тартып жатыр

Аптап ыстықтан ең көп зардап шеккен елдердің бірі - Франция.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Францияның қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі 24 маусымнан бері елде артық өлім-жітімнің 1000-нан астам жағдайы тіркелгенін хабарлаған. Бұл көрсеткіштер әлі де түпкілікті емес және алдағы уақытта өсуі мүмкін екені айтылды.

Қаза тапқандардың басым бөлігі - 65 жастан асқан адамдар. Кейбір қалаларда жедел жәрдем шақыруларының саны шамамен 50 пайызға дейін артқан.

Жағдайдың күрделенгені соншалық, жерлеу қызметтері келіп түскен өтініштердің көптігінен жұмысқа үлгере алмай қалған.

Мәселен, Париж маңындағы Орли қаласындағы жерлеу бюросының қызметкері Зухайер Хертелли мәйіт сақтауға арналған 32 орындық тоңазытқыш камералардың толықтай толып кеткенін айтты.

"Науқастар легі сәрсенбі мен бейсенбіде (24 және 25 маусым - ред.) басталып, демалыс күндері де тоқтаған жоқ. Сенбі мен жексенбі күндерінің өзінде 150 қоңырау қабылдап, 150 мәйітті қабылдаудан бас тартуға мәжбүр болдым. Бізге отбасылар, қарттар үйлері, полиция бөлімшелері, муниципалитеттер хабарласады. Жерлеу саласындағы әріптестеріміздің бәрі бізбен байланысқа шығып жатыр", - деді ол.

Хертеллидің айтуынша, тұрғындар "толық дүрбелең күйінде" жүр.

Францияның денсаулық сақтау органдары мен дәрігерлері қарттар үйлерінде және жалғыз тұратын егде жастағы адамдар арасында өлім-жітімнің артқанын атап өтті. Осыған байланысты тұрғындарды жасы үлкен, жалғыз тұратын туыстары мен көршілеріне ерекше көңіл бөлуге шақырды.

Испания: бір айдың ішінде мыңнан астам адам қайтыс болды

Испаниядағы жағдай да өте күрделі.

1 шілдеде жарияланған ресми деректерге сәйкес, маусым айында елде ыстықпен байланысты артық өлім-жітімнің 1029 жағдайы тіркелген.

Ұлттық метеорологиялық агенттік AEMET маусым айындағы орташа температура климаттық нормадан 3,2 градусқа жоғары болғанын хабарлады. Соның салдарынан биылғы маусым бақылау тарихындағы ең ыстық екінші маусым болып тіркелді. Бірінші орында - өткен жылдың маусымы.

Аптаптың ең шарықтау кезеңі болған 23 маусымда Испания халқының 73 пайызына тең 35,7 миллион адам денсаулыққа қауіп төнетін аймақта тұрған. Оның ішінде 38 пайызы жоғары қауіп тобына кірген.

Англия да бұрын-соңды болмаған аптап ыстыққа тап болды

Ұлыбританияның ұлттық метеорологиялық қызметі - Met Office мәліметінше, елде қолданыстағы ескерту жүйесінің тарихында алғаш рет аптап ыстыққа байланысты қызыл қауіп деңгейі қатарынан үш күн бойы жарияланған.

Справка: Анықтама: Ұлыбританияда Met Office-тің көпдеңгейлі ауа райы ескерту жүйесі қолданылады.

Сары деңгей - жергілікті салдар болуы мүмкін, тұрғындарға сақ болу ұсынылады. Қызғылт сары деңгей - ауыр зардаптардың туындау қаупі жоғары, көлік, энергетика және ауруханалар жұмысына іркіліс болуы мүмкін. Қызыл деңгей - төтенше жағдай. Қауіпті салдарлар тек қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдарға ғана емес, дені сау азаматтардың өміріне де қауіп төндіреді.

Қызыл деңгейдегі ескерту Англияның оңтүстік және орталық бөліктерін қамтыды. Ол 23 маусымнан 26 маусымға қараған түнге дейін күшінде болды. Ал қызғылт сары деңгейдегі ескерту бүкіл Англияда 28 маусым таңына дейін сақталды.

Аптап ыстық салдарынан бірнеше аурухана төтенше жағдай режимін жариялады. Шұғыл қызметтер ыстықтың салдарымен күресу қиынға соғып жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, ел бойынша мыңнан астам мектеп толық немесе ішінара жабылды. Бұған оқу ғимараттарында кондиционерлердің болмауы және олардың қатты қызып кетуі себеп болған.

Жұма күні теміржол жолаушыларына аса қажеттілік болмаса, сапардан бас тарту қатаң түрде ұсынылды. Себебі көптеген теміржол операторлары рейстер санын қысқартты немесе пойыздардың қозғалыс жылдамдығына шектеу енгізді.

Италия мен Балқан түбегі де жаңа рекордтарға дайындалып жатыр

Al Jazeera мәліметінше, рекордтық аптап ыстық Италия мен Балқан елдерін де қамтып, жүздеген адамның өмірін қиған.

29 маусымда Италия билігі бірден 22 қалада қызыл қауіп деңгейін жариялады. Оның ішінде солтүстіктегі Больцано қаласынан бастап, Сицилия аралындағы Палермоға дейінгі өңірлер бар.

Қызыл деңгейдегі ескертулер Хорватияда да жарияланды. Атап айтқанда, Загреб, Сплит және Дубровник қалалары қауіп аймағына енді.

Сонымен бірге орман өрттерінің қаупі де күрт артқан. Адриатика теңізіндегі Вис аралында ондаған өрт сөндіруші авиацияның қолдауымен бірнеше күн бойы Сплиттен оңтүстік-батысқа қарай шамамен 55 шақырым жерде орналасқан қарағайлы орманды шарпыған ірі өртпен күресті.

Көршілес Албанияда бұталар мен зәйтүн тоғайларын қамтыған өрт оқшауландырылды.

Италия метеорологиялық қоғамының президенті Лука Меркалли:

"Қатты ыстық орман өрттерінің қаупін арттырады. Алайда біз қатты нөсер жауындарды да байқап отырмыз, олар бұл қауіпті белгілі бір деңгейде азайтады", - деп ескертті.

Дегенмен, оның айтуынша, жауын-шашын біркелкі түспейтіндіктен, қауіпті толықтай жоя алмайды.

Италия Әуе күштерінің метеорологы Даниэле Мочио температураның алдағы бірнеше күн бойы климаттық нормадан 8–10 градусқа жоғары болатынын айтты.

"Бұл - адам өмірімен төленіп жатқан жаз" - ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі жағдайдың тек бастамасы екенін және болашақта жағдайдың одан әрі күрделене түсетінін мәлімдеді.

"Бұл аптап ыстық - бас репетиция ғана. Алдағы жаз мезгілдері бұдан да ауыр болады. Еуропалық аймақтағы елдердің жартысынан астамында әлі күнге дейін ыстықпен күресу және халық денсаулығын қорғау жөніндегі кешенді жоспар жоқ. Мұны өзгерту қажет. ДДСҰ/Еуропа әзірлеген жаңартылған ұсынымдар әрбір елге, өңірге және қалаға дәл қазір әрекет етуге мүмкіндік беретін құралдар ұсынады", - деді ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының директоры доктор Ханс Анри Клюге.

Ол 6 шілдеде ДДСҰ-ның Еуропалық өңіріне кіретін барлық мемлекеттердің төтенше жағдайлар, қоршаған орта және климаттың өзгеруі мәселелеріне жауапты ұлттық үйлестірушілерін жинап, елдердің осы аптап ыстықтан қандай сабақ алғанын, келесі толқынға қаншалықты дайын екенін және ДДСҰ тарапынан қандай қосымша көмек қажет екенін талқылауға уәде берді.

Клюгенің айтуынша, қазіргі жағдай енді бір реттік аномалия емес. Бұл - жиілеп, күшейіп әрі ұзаққа созылып келе жатқан қайталанатын дағдарыстар.

"Дайындықсыз қарсы алған әрбір жаз - адам өмірімен төленетін жаз", - деді Ханс Анри Клюге.

ДДСҰ деректеріне сәйкес, климаттың өзгеруі XXI ғасырдағы халық денсаулығына төнетін ең ірі қауіптердің бірі саналады. Тек 2000–2019 жылдар аралығында әлемде аптап ыстықтың әсерінен жыл сайын шамамен 489 мың адам қайтыс болған. Оның 45 пайызы Азияда, ал 36 пайызы Еуропада тіркелген.

Мұндай экстремалды ауа райы Қазақстанға да тікелей қатысты. Елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде жаз мезгілінде ауа температурасы жиі +40 °C-тан асып түседі, ал аптап ыстық кезеңдері барған сайын ұзарып келеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:78
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 11:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары