Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады

09.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фото: Ашық дереккөз

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser жүргізушісі бірнеше автокөлікпен соқтығысып, кейін оқиға орнынан кетіп қалған.

Полицияның мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған көлік анықталып, Достық көшесінде оны тәртіп сақшылары тоқтатты. 

«Көлік тізгінінде алкогольдік масаңдық белгілері бар 35 жастағы ер адам болған», деп хабарлады полиция.

Данияр Елеусінов АҚШ-тағы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Сондай-ақ полицияда «жауапкершілік адамның танымалдығына, кәсібіне, лауазымына немесе еңбегіне қарамастан бірдей қолданылады» деп атап өтті.

Данияр Елеусінов UFC басшысымен келісімшарт жасасты

Айта кетейік, Алматы қаласының Әуезов ауданында ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатының салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Жанындағы жолаушы әйелге де медициналық көмек көрсетілді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью