Өндіріс болмай, өркендеу жоқ | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Еліміз экономиканы әртараптандыру, экспорттық әлеуетті арттыру әрі жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында нақты қадамдар жасап келеді.
Соның ең маңызды бағытының бірі – экономикаға инвестиция тарту. Қаржыны көп құйған қай ел?
Былтыр елімізде 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын пайдалануға берілген.
Аталған жобалар 10 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, 841 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға жол ашқан.
Елдің 13 өңірінде іске қосылған өндірістік нысандар машина жасау мен металлургиядан бастап, химия мен жеңілөнеркәсіпке дейінгі өндірістік бағыттарды қамтиды.
Ең ірі жоба ретінде «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС-ның Алматы қаласында іске қосылған жаңа көпбрендтік зауытын (182 млрд теңге инвестиция) атауға болады.
Онда «Changan», «Chery», «Haval», «Tank» секілді көлік маркалары шығарылады.
Читать полностью
Читать новость