Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Өндіріс болмай, өркендеу жоқ

Өндіріс болмай, өркендеу жоқ

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Еліміз экономиканы әртараптандыру, экспорттық әлеуетті арттыру әрі жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында нақты қадамдар жасап келеді. Соның ең маңызды бағытының бірі – экономикаға инвестиция тарту.

Қаржыны көп құйған қай ел?

Былтыр елімізде 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын пайдалануға берілген. Аталған жобалар 10 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, 841 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға жол ашқан. Елдің 13 өңірінде іске қосылған өндірістік нысандар машина жасау мен металлургиядан бастап, химия мен жеңілөнеркәсіпке дейінгі өндірістік бағыттарды қамтиды. Ең ірі жоба ретінде «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС-ның Алматы қаласында іске қосылған жаңа көпбрендтік зауытын (182 млрд теңге инвестиция) атауға болады. Онда «Changan», «Chery», «Haval», «Tank» секілді көлік маркалары шығарылады. Сондай-ақ жылына нарыққа 70 мың автомобиль шығаратын Қостанай облысындағы «KIA Qazaqstan» зауыты да ірі жоба қатарына кіреді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, бұл кәсіпорындардың ішінде шетелдік инвесторлардың үлесі – 51%, ал отандық инвесторлар үлесі 49%-ды құрады. Қаржы құйған елдер қатарында Ресей Федерациясы (18%), Қытай Халық Республикасы (21%), сондай-ақ Италия, Нидерланд, Швейцария мен Оңтүстік Корея бар.

«Қаржылық қолдау шаралары «Бәй­терек» ұлттық инвестициялық хол­дингі» АҚ-ның еншілес ұйымдары арқылы ұсынылады. Атап айтқанда, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ. Аталған ұйымдар борыштық және үлестік қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру құралдарын ұсына отырып, шикізаттық емес сектордағы экспорттаушыларды қолдауды қамтамасыз етеді», дейді баспасөз қызметі.

Министрліктің жоспары бойынша, толық қуатқа шыққан кезде аталған зауыттардың өндіріс көлемі шамамен 1,1 трлн теңгені құрайды. Бұл ретте экспортқа 0,5 трлн теңгеге шамалас өнімді сату жоспарланып отыр. 0,6 трлн теңге сомасындағы қалған бөлігі ішкі нарыққа бағытталады. 

Өнеркәсіптің де өз тәуекелі бар

Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков кәсіпорындардың құрылуы дайын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, импортты алмас­тыруға, өнімдердің экспорттық бағдарын кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтады.

«Былтырғы жобалар нәтижесінде елімізде 10 жаңа өнім пайда болды. Олар ауыр салмақтағы машина жасау, автокөлік, қағаз өнеркәсіптеріне тиесілі. Көптеген жобаның өндірістік қуаты ұлғайып, технологиялар өндірудің жаңа бағыттары жолға қойылды», дейді М.Андаков.

Экономика ғылымдарының докторы, қаржы сарапшысы Сапарбай Жобаев бұл игілікті жобаларды елдің экономикалық саясатының оң нәтижесі деп есептейді. Себебі бүгінге дейін қабылданған индустриялық-инновациялық дамыту жос­парлары мен бағдарламаларында түрлі саланы ілгерілету жолдары көрсетілді. Соған байланысты елде сұранысқа ие, мүмкіндігі кең өндірістерді ашқан жөн. Сарапшының айтуынша, өндіріс саласы саудаға қарағанда төзімді талап етеді.

«Елде кейінгі жылдары тамақ өнеркәсібі, шикізат, мұнай салалары жақсы дамыды. Бұл салаларға инвестиция салсаң, пайдаға неғұрлым тез қол жеткізесің. Ал өнеркәсіптің бірнеше жыл құрылысын жүргізесің, қондырғыларын орнатасың. Содан кейін ғана өз жұмысын бастайды. Сондықтан мемлекет субсидия беріп, қолдау білдіруі қажет. Шынын айту керек, бізде әлі де жемқорлық факторы жоғалған жоқ. Мұндай зиянды мақсатта құрылған жобалар көп ұзамай жұмысын тоқтатып жатады. Дегенмен бұған қарап, өндіріс саласын әлсіретіп алмау қажет. Жобалардың 70-80%-ы іске асса, жетістік деуге болады», дейді С.Жобаев.

Сарапшы аталған кәсіпорындардың алдында сын-қатерлер бар екенін жоққа шығармайды. Халықаралық қаржы ұйым­дары да біздегі жобалардың тәуекелі көп болғандықтан қатаң тексерістен өткізгеннен кейін ғана қаржыландырады.

«Отандық жаңа өнімге қазір шетелдік сұраныс та, ішкі сұраныс та аз. Еліміздегі тұтынушылар саны да көп емес. Оның үстіне Қытай, Еуропа елдері біздің да­йын өнімімізді күтіп тұрған жоқ. Олардың өздері де өнімін өткізетін нарықты іздеп жүр. Сондықтан біз тек сапамен және арзан бағамен ғана бәсекелесе аламыз. Сонымен бірге кәсіпорындардың тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуі үшін шетелдік инвесторларды көбірек тарту қажет», дейді
сарапшы.

Ал ішкі инвесторлардың ынтасын ояту мақсатында шикізат саласын реттеу, инфрақұрылымды жақсарту, ком­муналдық төлемдерді қымбаттату ұсы­нылады. Себебін сарапшының өзі айтты. «Шикізаттың көптігі кей кезде қолы­мызды байлайды. Тарифтеріміз арзан. Дүниежүзіндегі жылу, электр энергия­сы, суы арзан елдердің бірі болып қалдық. Сол себепті де өндірушілердің табысы аз болады. Иранда не үшін төңкеріс болып жатыр? Өйткені ол елдегі бензин бағасы кәдімгі судан да арзандап кетті. Бұл Иран билігіне субсидия алып, арзан шикізатты өзге мемлекеттерге заңсыз сатуға жол ашты», дейді ол. 

Қуатты экономикаға жеткізетін жол

Экономика сарапшысы Руслан Сұлтанов­тың пікірінше, өндірістің өсімі тұтынушылық өсімнен маңыздырақ. Адамдардың тауарлар мен қызметтерге сұранысы артқанымен, іс жүзінде олардың саны өзгеріссіз қалады. Содан соң баға өсіп, импорт көлемі ұлғаяды. Нәтижесінде, шектеулі ресурстар үшін бәсекелестік күшеюіне әкеледі.

«Өндіре білетін қоғамда тұрақты әл-ауқат туындайды. Міндет – көп өндіру емес, барынша тұрақты және пайдалы өндіру. Дағдылар, ұйымдар, жұмыс орындары және ұғынықты ережелер бар жерде тұтыну деңгейі де ұлғаяды. Өйткені оған бере алатын, ұсына алатын нәрсеміз бар. Сондықтан тұтыну дегеніміз – қозғалтқыш емес, нәтиже. Ол өндіріс жақсы жұмыс істегенде ғана артады. Нағыз әл-ауқат дү­кен­де емес, цехта, кеңседе, зертханада, жұ­­мыс орнында басталады», дейді сарапшы.

Дағдарыс, санкциялар мен баға тұрақ­сыздығы жағдайында, өндірісі бар мемлекет озады. Индустриясын дамытып жатқан елдер байиды. Ал оны жоққа шығаратындар бай мемлекеттердің «тауар өткізетін нары­ғына» айналады.

«Өнеркәсіп «барлық ел өндірумен айналысып жатыр» деген еліктеуден туындамауы қажет. Оның маңызы жоғары. Өндірісі жоқ экономика – іргетасы жоқ үймен тең. Өнеркәсіп еңбек өнімділігін арттырады. Еліміз азаматтары көп еңбек еткенінен емес, тиімді жұмыс істегенінен ілгерілейді. Станоктар, технологиялар, автоматтандыру – осылар нағыз қуатты экономиканы құрады», дейді Р.Сұлтанов.

Биыл жалпы сомасы 1,7 трлн теңгеге жуық 190 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Аталған жобалар аясында 19,4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құру көзделген. Негізгі «зәкірлі» жобаларды атап өтсек, соның бірі – «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС. Жамбыл облысында бой көтеретін минералды тыңайтқыштар өндірісі жылына 800 мың тонна өнім шығаруды жос­парлап отыр. Павлодардағы «Mineral Product International» ЖШС жылына 80 мың тонна ферросилиций өндіруді қолға алмақшы. Ал Астана қаласындағы «Barys Truck Manufactory» ЖШС жүк автомобильдері мен жол-құрылыс техникасын өндіреді. Жылдық жоспар – 900 техника шығару. Шығыс Қазақстан облысындағы «Востокмашзавод» АҚ да мықты өндіріс ошағының біріне айналмақ. Мұнда жылына 24 мың тонна бүйірлік арбаның рамасын, 12 мың тонна үстеме арбаның арқалықтарын шығару жоспарланып отыр.

Үкімет биыл негізгі бағыт ретінде – өңдеу өнеркәсібін ІЖӨ-нің өсу көзінің бірі ретінде дамытуды көздеп отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары  – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету туралы штабтың бірінші отырысында айтылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әр секторға қатысты шараларды егжей-тегжей пысықтай отырып, өңдеу өнеркәсібін дамытудың жол картасын әзірледі.

Биылдан бастап өндірушілер мен ішкі сауда субъектілері арасында тікелей жет­кізуді қамтамасыз ететін көтерме В2В электрондық сауда алаңдары толық іске қосы­лады. Отандық тауарды өткізу нарығы кеңейіп келеді. Сауда кеңістігінің кемінде 30%-ын отандық өнімге міндетті түрде бөлуді көздейтін жаңартылған ішкі сауда ережесі өндіріске оң әсер береді деген болжам бар.

Дәулет ЖАДЫРАСЫН,

журналист 

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында 92 ағаш заңсыз кесіліп, залал 760 мың теңгеден асқан

Қоғам • Бүгін, 00:29

Робот-хирург тізе буынын ауыстыру отасын жасады

Технология • Кеше

«Қайрат» бельгиялық «Брюггеден» ірі есеппен жеңілді

Футбол • Кеше

Жамбыл облысында оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Суперкомпьютердің қажеттілігі неде?

Қоғам • Кеше

Шымкенттің коммуналдық қызметі шетелдік компанияға беріле ме?

Оқиға • Кеше

4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды

Қоғам • Кеше

Әлемнің 10-шы ракеткасы атанған Бублик «Australian Open» турнирін сәтті бастады

Спорт • Кеше

Қостанайда өңір оқырмандарының «Оқы және жең» байқауы мәреге жетті

Аймақтар • Кеше

Қарағанды облысының велошабандозы әлемдік деңгейдегі команда құрамына енді

Спорт • Кеше

Банкоматтан қолма-қол ақша шешіп алатындар камераға не үшін түсіріледі?

Қоғам • Кеше

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Шымкент жаңа қадамға барды

Экономика • Кеше

Елордада бұқаралық шаңғы жарысы қашан өтеді?

Спорт • Кеше

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • Кеше

Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайтадан жүруі мүмкін

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 08:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары