Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Егемен болмай, ел болмас

Егемен болмай, ел болмас

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жақында Қазақ­стан Респуб­ли­касының Пре­зи­­­денттік орта­лығында Мемле­кет­тік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы­на және Респуб­лика күніне арналған «Егемен­дік жолы» атты көрме­нің ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатында сол ай­тулы оқиғаға куәгер адам­дардың бірі ретінде бізге де сөз берілді. Әрине, ондай рәсімде айтылар лебіз қысқа қайырылады. Біз де солай еттік. Сол іс-шарадан кейін ойға қалдық. Еліміз басты ұлттық мерекенің алдында тұр. Осы датаның мән-маңызы, қадір-қасиеті туралы көзкөрген ретінде біздің де айтарымыз бар емес пе? Көрмені ашу кезіндегі құттықтаудың аясына сыймаған жайларды неге қағазға түсірмеске?

Коллажды жасаған – Амангелді Қияс, «ЕQ»

Республика күнінің біздің бас­ты ұлттық мерекеміз болып белгі­ленуі неліктен деген сауал қойылса, оған жауап берердің алдында осыдан 35 жыл бұрынғы кезеңге ойша шегініс жасағым келеді.

1990 жылдың қоңыр күзі. Ол кезде Президент Әкімшілігі мен Министрлер кеңесінің бірлескен аппаратында бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін атқаратынмын. Жұмыс орнымыз қазіргі Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесінің (бұрынғы Коммунистік даңғы­лы мен Комсомол көшесінің)қиылысындағы Жоғарғы кеңес ғимаратын­да еді. Сол ғимарат­тың Панфилов көшесі жақ бетін­­де аппараттың вице-премьер Мырзатай Жолдасбеков жетек­шілік ететін бөлімдері орналас­қан. Аппарат қызметкерлері­не Парламенттің кеңейтілген оты­рыс­тары өтетін залдың балконына кіріп-шығу еркін еді. Жауын-жауынның арасында дегендей, жұмыстан саңылау тапқан кезде сол жерге барып, болып жатқан оқиғаның бәрін көріп, айтылып жатқан әңгіменің бәрін тыңдай алатынбыз. Өз басым осы құжат қабылданатын күні, яғни 1990 жылы 25 қазанда былайғы бар жұмысты жинап тастап, күні бойы балконда отырған едім. Бөлімдегі біраз адам сол жерден табылғаны есте. Бәрін тыңдағанбыз, бәрін көргенбіз. Өйткені ол күннің ел тағдырын айқындайтын күн еке­нін анық білдік. Сөйтіп, Мемлекеттік егемен­дік декларациясының қабылдануына Жоғарғы кеңес балконында куә болдық. Толқыдық. Тебірендік. Халқымыздың «Етектен кесіп жең болмас, егемен болмай, ел болмас» деген сөзін тағы бір еске алдық.

Сол күнгі бар көрініс көз алдымда, сол күнгі сөздің бәрі құлағымда тұр­ғандай. Жоғарғы кеңес депутаты, ака­демик Салық Зиманов «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның» жобасын дайындау жөніндегі комиссияның төрағасы ретінде етек-жеңі кең, теориялық тұжырым­дары тиянақты, заңдық негізі мықты баян­дама жасады, одан кейін талай сағат бойы тікесінен тік тұрып, сан түр­лі сұраққа егжей-тегжейлі жауап қай­тарды. Сұрақтардың ішінде мә­се­­ле­нің мәніне қанығу үшін қойыл­ған­дары да, егемен­дік идея­сына тұтастай қарсы шығып, қиямпұ­рыстықпен қойылғандары да болды. Салық ағамыздың комиссия жұмысын басқару барысында танытқан бөлекше бі­ліктілігі жайында сол кездегі өзіміз аздап араласып-құраласатын депутаттардың пікір-бағаларын естіп жүретінбіз, әйтсе де, заңғар заңгердің өміріндегі ең бір жұл­дызды шағы дәл сол күні туды ғой деп ойлаймын. Депутат заң жоба­сы­ның заман, уақыт талабынан туға­нын қолмен қойғандай дәлелдеп берді, ті­келей төтесінен тартып, онсыз да алаң көңіл отырған ағайынның жүйке­сін жұқартпай-ақ, Егемендік декларация­сы елдің тәуелсіздігіне алып баратын қағидатты құжат болып табылаты­нын, оның ел халқы үшін тарихи және саяси маңызы орасан екенін терең ой тегеу­рінімен, бұлтартпайтын қисындармен анық аңғарта алды. Логика десеңіз – логика, дипломатия десеңіз – дипломатия, этика десеңіз – этика, шешендік десеңіз – шешендік, көсемдік десеңіз – көсемдік, бәрі де Салық ағаның сол күнгі ұмытылмас сөзінде қамшының өріміндей таратылып жатқан еді.

Декларация республика кеңес одағы құрамында тұрған кезде қабылданса да, ондағы Қазақстан заңдарының одақ­тық заңдардан басымдығы, елдің аумақ­тық тұтастығы, шекарасына қол сұғылмайтындығы, сыртқы экономи­калық және сыртқы саяси байланыстарға құқылығы, төл Қарулы күштерін құру мүмкіндігіне ие болуы, республика азаматтығының берілуі сияқты түбірлі де түбегейлі қағидалар оны қабылдау толық тәуелсіздікке бастайтынын, жаңа, егемен мемлекет құрудың тетігін қолға ұстататынын көрсетіп тұрған еді. Ең бір ғажабы – осының бәріне қазақтар ел халқының 40 пайызына да жетпейтін кезде қол жеткендігі.

Декларацияны талқылаудың мәресі қым-қиғаш айтыс-тартыспен өтті. Кейін өзіміз де екі шақырылымда Парла­мент депутаты болдық қой, сол кезден жақсы білеміз: барлық комитет заң жобасы бойынша оң қорытындысын бермейінше, ешқандай құжат кеңей­тілген отырыстың қарауына шығарыл­майды. Ондай қорытындылар мұнда да алынғаны анық. Сөйте тұра көптеген (иә, көптеген, жекелеген емес) депутат жобаға қатты күмән келтірді, талайы тіпті ашықтан-ашық қарсы шықты және ақыр аяғында Декларация қабылданатын тұста біразы ашықтан-ашық қарсы дауыс берді, біразы қалыс қалды. Негі­зін­де олар да – егемендікті іштей қолда­мағандар. Ашығын айтқанда, бір есеп­тен ондайлардың ақылы айран, ойы ойран болған күйін түсінудің де жөні бар. Албаты айыптау – оңайдың оңайы. Мысалы, ата-анасы Тулада, ағасы Херсонда, қарындасы Ферғанада тұрып жатқан адам енді біраз уақыттан кейін сол адамдардың бәрі өзі үшін шетелдік, өзі де олар үшін шетелдік болып шыға келетінін қалай ғана бірден қолдай қойсын? Ортақ Отан, бір халық сезімі жаппай санада кейіндеу, бара-бара қалыптасты емес пе? Тіпті қазіргі Қазақстан халқы Ассамблеясының өзі әуелде «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы» деп аталған еді ғой.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Тағы да айтамыз: ол құжат қиямет-қайым қиындықпен, шын мәнінде елдік үшін ерен айқаспен дүниеге келген. Ал келесі жылы, Тәуелсіздік туралы конс­­титуциялық заң жобасы дауысқа салын­ғанда оған қарсы шыққандар әлде­қайда аз болды. Демек, арада небәрі бір жыл өткенде ел егемендігінің идея­сы қазақ­стандықтардың ой-санасына әл­деқайда терең орнығып үлгерді. Оған да Еге­мендік декларациясы жол ашып берді.

Жоғарғы кеңестің он екінші шақы­рылымындағы депутаттардың елдік жолын­дағы ерен істерін ойлағанда көкіре­гіңді мақтаныш сезімі кернейді, тарихтың тар тұсында саясат сахнасына дана уақыт Сауық Тәкежанов, Өмірбек Жолдасбеков, Өзбекәлі Жәнібеков, Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, Шаһмардан Есенов, Әнуар Әлімжанов, Әбіш Кекілбайұлы, Александр Княгинин, Манаш Қозыбаев, Мұрат Әуезов сынды тау тұлғаларды алып шыққанына тәубе дейсің. Осы орайда жаны жақын досым – атақты журналист Жанболат Аупбаев айтқан бір әңгіме еске түседі. Оғаштау болса да келтіре кетейін. «Халық Кеңесі» газетінің атынан Жоғарғы кеңес отырысына барған Жанболат үзіліс кезінде темекі тартатындарға бөлінген оңаша бөлмеге кіре қалады. Түтіндетіп тұрған екі депутат өзара керілдесіп жатыр екен. Біреуі: «Келісіп едік қой сенімен, менен кейін неге сөйлемедің?» дейді. Оған екіншісі: «Ой, анау академиктер ауыз аштырушы ма еді?!» дейді... Десе дегендей. Сөздері ұқтырып, өздері ықтырып тұратын сол бір асылдарды сағынасың бүгінде. Айтқандай, жаңа аты аталған депутаттардың дені Жоғарғы кеңес құрамына қоғамдық, ғылыми және шығармашылық ұйымдардағы сайлау бойынша өткен. 360 мандаттың 90-ы сондай ұйымдарға бөлінген болатын. Демократия, заң талаптары тұрғысынан қарағанда, қазір бұл ұстанымның тозға­ны талас тудырмайды, бірақ сол кезеңде, егемендіктің елең-алаңында, тәуелсіздіктің таң сәрісінде Парламентте білгір де ілгір, бетті де текті, аузы дуалы, сөзі уәлі осындай азаматтардың отырғанынан баршамыз ұтқанымыз анық.

Декларацияның басты жетістігі – республиканың мемлекеттік егемендігін жариялағандығы, елдің саяси-құқық­тық тәуелсіздігінің бағдарламасы белгі­ленгендігі. Ұлттық қадір-қасиетті нығай­ту, төл мәдениетті, дәстүрді, тілді қайта түлету мен дамыту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі екені мәлім­делді. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын, мысалы, ел аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын кез келген әрекет заң бойынша жазаланатыны нақпа-нақ жазылды. Тағы бір қадап айтатын жай мынау: Декларацияда Қазақстанның сая­си, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Әрине, бұл – іс жүзінде тәуелсіз мемлекетке тән сипат.

Мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақстанның президенттік рес­публика ретіндегі сипатын айқындады. Президенттің ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі екендігі нақтыланды. Қазақстанда өкімет билігі оны заң шығару, атқару және сот билігі тармақтарына бөлу қағидаты бойынша жүзеге асырылатыны атап көрсетілді.

Егемендік туралы декларацияны елі­міздің мемлекеттілігі жолындағы ше­шуші қадам деп атаудың әбден жөні бар. Өйткені ол құжат Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негі­зін жасады. Мұндай мысалдар әлем­де аз емес. Айталық, Қытай 1949 жылғы 1 қа­занда елді Республика деп жариялады. Елдің ендігі атын Қытай Халық Респуб­ликасы деп белгіледі. Содан бері ол күн – Қытайдағы ең басты мереке. Түркияда да солай. Ататүрік 1923 жылы 29 қазанда Түркияны Республика деп жариялаған. Ол күн де Түркияның бас­ты мерекесі.

Декларацияда республиканың өкі­мет билігі сыртқы қарым-қатынаста үстем, дербес, толық жүзеге асырылады деп көрсетілді. Халықаралық қаты­нас­тардың дербес субъектісі болатынымыз, сыртқы саясатты өз мүддемізге сай белгілейтініміз, Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметіне қатысуға құқылы екеніміз де жазылды.

Бұл ересен құжат Қазақстанды егемен­ді мемлекет деп жариялады. Ең бас­тысы осы: біріншіден – мемлекет, екін­шіден – егеменді. Мемлекеттің құра­мында мемлекет тұра бермейтіні белгі­лі ғой... «Егеменді» деген сөзге қазіргі оқырманның кейбірі таңдана қарауы да мүмкін. Ол кезде бұл сөз осылай – «егеменді» деп жазылатын. Қазіргі «Egemen Qazaqstan» газеті де тиісінше «Егеменді Қазақстан» деп аталатын. Декларацияның қазақша мәтінінде сол кездегі қолданыс бо­йынша «финанс», «таможня», «право» сөздері пайдаланылған. Олардың кейін «қаржы», «кеден», «құқық» деп орныққаны мәлім.

Иә, республиканы «мемлекет» деп атаудың өзінде де көп мағына жатыр. «Қазақ КСР Одақтан еркін шығу правосын өзінде сақтап қалады» деген сөздің де астары терең. «Республиканың барлық ұлт азаматтары Қазақстан хал­қын құрайды» деген тұжырым да өте маңызды. Осы арқылы біздің тұтас, бір халық болатынымыз мәлімделді.

Декларация қандай мүмкіндікке жол ашып берді? Бір-екеуін ғана айтайық. Республика аумағында ядролық қару­дың сыналуына жол берілмейтіні де сол құжатта жазылды. Мұны нақты түрде біз 1991 жылғы 29 тамызда жүзеге асыра алдық. Сол күні Президенттің Жарлығымен Семей полигоны жабылды. Мемлекеттік егемендігіміз біздің республикамызға 1991 жылғы атышулы тамыз бүлігі күндерінде Қазақстанда төтенше жағдай жарияламауға, сөй­тіп ГКЧП аталған аз адамдық айғыр топтың айтқанын шын мәнінде орында­мауға мүмкіндік берді. Іс жүзінде біз егемендіктің арқасында сын сағатта Кремльдің айтқанына бағынбаудың тетігін таптық. Бұлардың бәрі де ел егемендігін нақты танытқан қадамдар болды.

Сан түрлі себептерге байланысты кезінде өзіндік ерекше сипатынан айыры­лып қалған Республика күні 2022 жылы Президент Жарлығымен елдің ұлттық мерекесі деп жарияланды.

Ұлттық мереке деп біз Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне белгіленген мерекелерді айтамыз. Оны мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі. Яғни ол мереке бүкіл ел көлемінде ресми түрде, кеңінен аталады. Осыған қатысты бір пікір айта кетуді артық көрмей отырмын. Ол пікіріміз мемлекеттік мерекелерге қатысты. Заңда «Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін» деп жазылған. Бұл ол күні ресми іс-шаралар өткізілмейді деген сөз емес қой. Өткізілуі де мүмкін, өткізілмеуі де мүмкін. Жұмысын жеңілдететін адамдар үшін, әрине, «өткізілуі мүмкін» дегенді іс-шаралар «өткізілмеуі мүмкін» деген ыңғайда пайымдау, сөйтіп оларды өткізбеу үшін пайдалану ыңғайлы. Кей жерде солай болып та жүрген сияқты. Осы орайда, Республика күнінің қадірін арттыруды Тәуелсіздік күнінің мәнін төмендету жолымен шешудің жөні жоқтығын айту артық болмайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытаудағы алғашқы құрылтайда «Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады» деп атап айту арқылы бұл мәселенің де басын ашып берген еді. Тәуелсіздік күні – жаңа мемлекеттің ресми түрде дүниеге келген күні. Елдің ерен екі мерекесі бір-бірін табиғи түрде толықтырады, жарасымды жалғастырады. Өткенімізді өшіре салғаннан өз-өзінен өсе қалмаймыз. Ол кезең – енді тарих еншісі. Тағылым алып, алға қарау керек. Алдағы белестерге ұмтылу керек.

Таяуда елдік егемендігіміздің 35 жылдығы аталып өтеді. Мерейлі белес. Бұл белеске біз жаңарған, жаңғырған ел, әділдікті ту еткен мемлекет биігінде келіп отырмыз. Торқалы тойдың алдында елдің амандығын, жұрттың тыныштығын, халқымыздың өсуін, өркендеуін, әл-ауқатымыздың да, ұлттық рухымыздың да көтеріле беруін тілейміз. Елдігімізді еңселендіру ісінде Тәуелсіздікке жол ашып берген құжаттың – Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданған күнін, 25 қазанды біздің басты мерекеміз ретінде лайықты атап өтудің, бұл мерекенің бөлекше қадір-қасиетін барша жұртшылыққа, әсіресе жас буынға тиісінше насихаттаудың, оны отаншылдықты орнықтырудың қуатты бір тетігі ретінде пайдаланудың мәні ерекше.

Сауытбек АБДРАХМАНОВ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 08:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары