Оралда жалдамалы пәтер иелері 16,3 млн астам теңге қарыздар болып отыр

27.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асылжан Хайруллиннің мәлім еткеніндей, жалдамалы пәтер иелерінің бәрі бірдей келісімшартқа сәйкес міндеттемелерін орындай бермейді. 

Бөлім басшысының сөзіне қарағанда, 590 пәтер иесінің 3 айдан астам қарызы бар. Бұл барлық жалдамалы пәтерлердің 40 пайызынан асады. Қазіргі кезде жалпы қарыз көлемі 16 млн 387,090 мың теңгеге жетті.

— Ай сайын жалға берілген үйлер қаржысын жинау және оны мақсатына сәйкес пайдалану бойынша мониторинг жүргізіледі. «Тұрғын үй қатынастары орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары мекенжайларға барып, берешекті өтеу жөнінде хабарлама табыс етеді, — дейді А.Хайруллин.

Оның айтуынша, «Тұрғын үй қатынастары орталығы» КММ бірқатар шара қабылдады. Атап айтқанда, М.Мөңкеұлы 85/6 және Қамбар батыр көшесі 6-үйде тұратын екі тұрғын сот шешімімен жалдамалы пәтерінен шығарылды. Сондай-ақ 11 жалға алушыға ресми хабарлама жіберілді. Соның ішінде 9-ының қарызы 6 айдан асқан. Біреуі уақытылы төлемеумен бірге тұрғын үйде тұру ережесін үнемі бұзған. Тағы біреуі өзі тұруы тиісті пәтерді басқа біреуге жалға беріп, 6 айдан астам уақыт бойы жалға алу ақысын төлемеген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда апатты үйі сүрілген тұрғындар неліктен баспана ала алмай отырғанын жазған болатынбыз. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью