Өзбекстан билігі елдің Сыртқы саясат тұжырымдамасын қайта қарауға ниетті

17.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қолданыстағы тұжырымдама 2012 жылы қабылданған. Өзбекстан басшысының айтуынша, әлемдегі геосаяси өзгеріс, халықаралық қарым-қатынас жүйесіндегі тұрақсыздық, өңірлік қарама-қайшылық пен жаһандық экономикалық үрдістер әр мемлекетті сыртқы саяси қызметке түзету енгізуге итермелеп жатыр. Яғни, осы жағдайда ұлттық мүдде мен уақыт талабына сай бейімделе білу қажет.

— Осыған байланысты Сыртқы саясат тұжырымдамасын жаңарту, оның басым бағыттарын қайта қарау, елдің ұлттық мүддесін қорғауға және халықаралық аренадағы ұстанымын нығайтуға бағытталған нақты міндеттерді айқындау керек, - деп мәлімдеді Шавкат Мирзиёев.

Еске салайық, Өзбекстан билігі елдің Қорғаныс доктринасына өзгеріс енгізуге ниетті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан Тайваньмен келіссөзден соң Дүниежүзілік сауда ұйымының тең құқылы мүшесі атанбақ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью