Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Президент бір палаталы Парламенттегі депутаттар санын 145-тен асырмауды ұсынды. Оның ішінде сегіз комитет болуға тиіс.
Ал төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Депутаттар бес жылға, пропорционалды жүйемен, яғни партиялық тізіммен сайланады.
Президент және Қазақстан халқы Ассамблеясы квотасы да Парламенттен алынып тасталмақ.
Сонымен қатар Парламенттің негізгі мемлекеттік органдардың құрамын жасақтау ісіндегі құзыреті артуға тиіс.
Қазіргі Конституцияға сәйкес Конституциялық сот, Жоғары аудиторлық палата және Орталық сайлау комиссиясының құрамын жасақтау құзыреті Мәжіліс, Сенат және Президент арасында теңдей бөлінген.
Енді осы маңызды мемлекеттік құрылымдардың барлық мүшесі Парламенттің келісімімен ғана тағайындалуы қажет деген ұсыныс айтты Мемлекет басшысы.
Бұған қоса, Жоғарғы соттың судьяларын сайлау құзыреті депутаттарға берілмек.