Парламенттік реформа: жаңа саяси кезең
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Президент бір палаталы Парламенттегі депутаттар санын 145-тен асырмауды ұсынды. Оның ішінде сегіз комитет болуға тиіс. Ал төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін.
Депутаттар бес жылға, пропорционалды жүйемен, яғни партиялық тізіммен сайланады. Президент және Қазақстан халқы Ассамблеясы квотасы да Парламенттен алынып тасталмақ. Сонымен қатар Парламенттің негізгі мемлекеттік органдардың құрамын жасақтау ісіндегі құзыреті артуға тиіс. Қазіргі Конституцияға сәйкес Конституциялық сот, Жоғары аудиторлық палата және Орталық сайлау комиссиясының құрамын жасақтау құзыреті Мәжіліс, Сенат және Президент арасында теңдей бөлінген. Енді осы маңызды мемлекеттік құрылымдардың барлық мүшесі Парламенттің келісімімен ғана тағайындалуы қажет деген ұсыныс айтты Мемлекет басшысы. Бұған қоса, Жоғарғы соттың судьяларын сайлау құзыреті депутаттарға берілмек. «Бұл – билік тармақтары арасындағы тежемелік тепе-теңдік жүйесін нығайту және ұлттық парламентаризмді дамыту жолындағы маңызды қадам», - деді Президент.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:39
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 07:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















