Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Президент: Парламенттік реформа аса күрделі жұмыс

Президент: Парламенттік реформа аса күрделі жұмыс

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Парламентті реформалау – Сенатты тарату деген сөз емес. Президент аталған мәселе бойынша жұмыс тобының бірінші отырысын өткізіп, бірқатар жайт бойынша ойын жеткізді.

Жалпы Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе. Сондықтан азаматтық секторда, сарапшылар ортасында және Парламентте жан-жақты талқылануы қажет. Осы мақсатқа жұмылдыру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмыс тобын құру туралы Өкімге қол қойған болатын. Бүгін алғашқы жиыны. Мемлекеттік кееңесші Ерлан Қарин жұмыс тобының міндетіне тоқталды. Парламенттік реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сол ұсыныстардың негізінде Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасы дайындалып, кейін республикалық референдумға шығарылады.  Мемлекет басшысы атап өткендей, түптеп келгенде алдағы өзгерістер мен толықтырулардың ауқымы жаңа Конституция қабылдағанмен бірдей, - деді.

Парламент қоғамға қалай пайдалы болмақ? Бұл депутаттардың дегбірін кетіріп, әлеуметтік желіні дүрліктірген сауал. Президенттің «бір палата» деген ұсынысын негзінен жұртшылық құп көрді. Тіпті референдум өткізбей-ақ қысқарта салуға құлықты. Бірақ Парламенттік реформа – елдің ертеңі, халықтың тағдырына тікелей қатысты мәселе. Сондықтан опындырмайтын ой, салмақты сарап, зерделі зерттеу керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Дегенмен Парламенттік реформа – аса күрделі жұмыс. Асығыстыққа жол беруге болмайды. Себебі бұл – еліміздің тағдырын шешетін жағдай. Бұл – мемлекеттің болашағына тікелей ықпал ететін қадам. Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс. Қазақстан – халық үніне құлақ асатын Әділетті мемлекет. Бұл – мызғымас ұстаным.

Саяси жүйені өзгерту – жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс. Оның себебін Қасым-Жомарт Тоқаев былайша түсіндірді. Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгертіледі. Сосын  кемі 10 конституциялық және қосымша 50-ден аса кодекс пен заңға түзету енгізіледі.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл мемлекеттің құрылымын қайта қалыптайды. Бұл ауқымды реформаға біз іштей даяр болуымыз керек. Сапалы құжатты әзірлеп Президентке ұсынамыз. Егер ол мақұлдаса референдумға шығарамыз. Сондықтан «е-Otinish» және «е-Gov» порталдары арқылы келіп түскен барлық ой-пікірді сараптап, зерделеу қажет.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мемлекет басшысы белгілеген үлкен ірі саяси концепция бар. Мықты Президент, Ықпалды Парламент, Есеп беретін Үкімет. Нағыз осы формуланың іске асуына бастамалардың бірі. Осы 1 жыл көлемінде талқылаулар өтеді. Мемлекет басшысы жұмыс тобына осындай үлкен маңызды міндетті артып отыр. Сондықтан талқылауларды ашық өткізуге, халықтың үнін естуге барлық күшімізді саламыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ата заңға енгізілетін әрбір өзгеріс мұқият пысықталып, дайындалуға тиіс. Әр баптың, әр норманың мән-мағынасына терең бойлаған жөн, яғни құқықтық, процедуралық мәселелерді нақты айқындап алуымыз қажет.

Бұған дейін парламенттік оппозиция туралы норма бекітілгені белгілі. Кейін мәжілістің құзіреті кеңейтілді. Бүгінде мәжіліс заң қабылдаса, Сенат мақұлдайды. Енді қоғамдағы саяси мәдениеттің едәуір өскенін ескеріп, бір палаталы Парламентке өту өткеліне де жеттік.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біріншіден, біз барлық реформаны тек эволюциялық жолмен жүргіземіз. Яғни азаматтардың сұранысы, төл ерекшелігіміз бен еліміздің түпкі мүддесі ескеріледі. Парламенттік реформа кезең-кезеңімен іске асырылып келе жатқан ауқымды саяси жаңғырудың қисынына сай келеді.

Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске сай келеді. Әлем елдерінің үштен екісінде осындай жүйе қалыптасқан.

Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бір палаталы Парламентке көшу – елімізде саяси жүйені жаңғыртудың маңызды және өзекті бағыты деп есептейміз. Бұл бастама заң шығару процесін жеңілдетіп, шешім қабылдауды жеделдетуге, демократиялық бақылауды күйшетуге мүмкіндік береді. Парламент халықтың өкілдік орны. Оның басты міндеті азаматтардың мүддесін қорғау. 

Бірақ бір палата болғанда Сенат қайтпек? Сергелдеңге түсе ме? Президент оған да пікір білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Парламентті реформалау бұл – Сенатты тарату деген сөз емес. Мұндай қате пікірге жол беруге болмайды. Біздің алдымызда тұрған мақсат – айқын. Біз өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғыртуымыз керек. Осылайша, азаматтарымыздың мүдделері мен тілек-ниетін білдіретін заң шығарушы орган мүлде жаңа сипатқа ие болады.

Халықаралық тәжірибе – бір палаталы Парламентте партиялардың көптігімен де ерекшеленеді.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Партиялардың дамуына ерекше үлес, серпін беруі тиіс. Біз де жауапкершілігімізді түсініп, бұл реформаның қойған мақсатына дейін жеткізуге және өз партияларымызды соған лайықты деңгейге дейін жеткізуге барша күшімізді саламыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Парламент кәсіби болуға тиіс. Бұл – өте маңызды міндет. Парламентті пропорциялық жүйемен, яғни партиялық тізіммен жасақтау туралы ұсыныс дәл осы міндеттен туындап отыр. Бір палаталы Парламентте партиялардың көп болуы саяси диалогты кәсіби негізде өрбітуге ынталандырады.

Алдағы уақытта e-Parlament қазіргі электрондық үкімет – e-Gov сияқты сұранысқа ие құралға айналуы мүмкін. Бір қызығы бұл популизм мен проблеманы айыруға көмектеседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жаңа жағдай партия жұмысына тың талаптар қояды. Демек популизм цифрландыру кезеңінде маңызды рөл ойнамайды, керісінше, кәсібиліктің бәсі жоғарылай түседі.

Қазір бірқатар елде «электрондық» немесе цифрлық парламент» элементтері сынақтан өтіп жатыр. Осылайша азаматтар саяси өмірге араласып, заң шығару үдерісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік алған. Бірте-бірте біз де жетеміз. Бастысы Парламенттік реформаны – парасат-пайыммен атқарып алу керек.

Авторы: Нысаналы Ығыл 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 20:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары