Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Павлодар облысы Ақсу қаласында көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен бүлдіршін көз жұмды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
11 маусымда 3 жасар бүлдіршін үшінші қабаттың терезесінен құлап, ауыр жарақат алған. Бала ауруханаға ауыр жағдайда жеткізіліп, жансақтау бөліміне түскен.
"Өкінішке қарай, дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, бала операция кезінде көз жұмды. Алған жарақаттары өте ауыр болған", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетері, жыл басынан бері Павлодар облысында үш бала терезеден құлаған.