Павлодар облысында тұрғын үйде өрттен екі бала қайтыс болды

15.01.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АЛМАТЫ, 15 қаңтар - Sputnik. Павлодар облысы Ертіс ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, төрт бала зардап шекті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

"Бүгін сағат 08:33-те Павлодар облысы "101" қызметіне Ертіс ауылында орналасқан жеке тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер үш минутта оқиға орнына жеткен. Олар келгенде тұрғын үй толығымен отқа оранған".

Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден төрт баланы алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған.

Алайда өкінішке орай кәмелетке толмаған екі бала ауруханада қайтыс болды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью