Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Павлодар облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізген арнайы жедел іс-шаралар кешені нәтижесінде Ақсу қаласында ер адам ұсталды. Тінту барысында күдіктіден салмағы 11 келі болатын өсімдік тектес есірткі заты табылып, тәркіленді.
— Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу мақсатында жөнелту не өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды, — деп хабарлады Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Айта кетелік соңғы бес жылда Қазақстанда 400-ден астам есірткі зертханасы жойылды.