Павлодар облысында заңсыз айналымнан аса ірі мөлшерде есірткі заты тәркіленді
Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Павлодар облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізген арнайы жедел іс-шаралар кешені нәтижесінде Ақсу қаласында ер адам ұсталды. Тінту барысында күдіктіден салмағы 11 келі болатын өсімдік тектес есірткі заты табылып, тәркіленді.
— Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу мақсатында жөнелту не өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды, — деп хабарлады Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Айта кетелік соңғы бес жылда Қазақстанда 400-ден астам есірткі зертханасы жойылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:56
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Наурыз 2026 12:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















