Павлодарда ірі есірткі арнасы жойылды: мыңнан астам доза тәркіленді

28.04.2026

Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

видеодан скриншот

Өңірде полицейлер жүргізген іс-шаралар нәтижесінде ірі есірткі арнасы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті тұрғын ұсталды. Жеке тінту барысында одан сатуға дайын шамамен 60 орама табылды.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде полицейлер синтетикалық және психотроптық заттардың ірі партиясын анықтады. 

Мамандардың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – 1,2 келі мефедрон. Сондай-ақ таразы, қаптама материалдары және қылмыстық әрекетті дәлелдейтін өзге де айғақтар алынған.
– Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция қызметкерлері жеткізу тізбегін және ықтимал сыбайластарды анықтау үшін жедел-іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, – деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚБ бастығынын м.а. Диас Қадыров.

Бүгін, 10:16

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью