Павлодарда ірі есірткі арнасы жойылды: мыңнан астам доза тәркіленді
Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
видеодан скриншотӨңірде полицейлер жүргізген іс-шаралар нәтижесінде ірі есірткі арнасы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті тұрғын ұсталды. Жеке тінту барысында одан сатуға дайын шамамен 60 орама табылды.
Күдіктінің пәтерін тінту кезінде полицейлер синтетикалық және психотроптық заттардың ірі партиясын анықтады.
Мамандардың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – 1,2 келі мефедрон. Сондай-ақ таразы, қаптама материалдары және қылмыстық әрекетті дәлелдейтін өзге де айғақтар алынған.
– Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция қызметкерлері жеткізу тізбегін және ықтимал сыбайластарды анықтау үшін жедел-іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, – деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚБ бастығынын м.а. Диас Қадыров.
Бүгін, 10:16
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:84
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 11:54 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















