Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Музей осыдан бес жыл бұрын құрылыспен айналысатын «Основание» кәсіпорнының басшысы Сергей Тимофеевтің бастамасымен ашылған.
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform- Осыдан бірнеше жыл бұрын жұмыс бабымен Соколовка елді мекенінде болдым. Жергілікті мектепте музей бар екен. Өткен дәуірдің, бұрын ата-анамыз, өзіміз қолданған заттарды көргенде ерекше сезімде болдым. Бір сәтке сол балалық шағыма оралғандай әсер етті. Әр үйде қолданылмайтын, бірақ лақтырып тастауға қимайтын ескі заттар бар. Соларды жинап, бір жерге топтастырсақ, жақсы бір музей жасауға болады деген ой келді, - дейді Сергей Тимофеев.
Музей үшін компания кеңсесінен арнайы бөлме бөлінеді. Алғашында Сергей Тимофеев музейді тек құрылыс саласына қатысты құралдар мен геодезиялық аспаптарға арнамақ болады. Мұндағы ең алғашқы жәдігер - 1954 жылы шығарылған теодолит болды.
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/KazinformҚазір мұнда құрылыс саласының тарихынан сыр беретін көптеген құрал сақталған. Алайда уақыт өте келе коллекция көбейіп, түрлі тұрмыстық бұйымдар жинала бастайды. Қазір музейде ХІХ ғасырдан қалған экспонаттар да бар.
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform- Ерекше жәдігерлердің бірі – Киров атындағы зауыт аумағында орналасқан цехтарды бұзу кезінде табылған рельстер. Олардың бірінде «Сталин атындағы ұста-механикалық зауыты, 1935 жыл» деген жазу бар. Кейін сол жерден тағы біреуі - 1895 жылы Демидов зауытында жасалған рельс табылды. Ол кезде ғимараттың қабырғасын бекіту үшін құрылысқа қолданыстан шыққан рельстерді қолданған. Бұлар – құнды жәдігерлеріміздің бірі, - дейді Сергей Тимофеев.
Музейдегі тағы бір қызықты жәдігер – «венгри война плени» деген жазуы бар кірпіш. Бұл кірпіш бұрынғы ет комбинатының аумағынан табылған. Ол бір кездері кірпіш зауытында венгр соғыс тұтқындарының еңбек еткенін көрсететін тарихи дерек болып отыр.
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/KazinformБұдан бөлек музейде алуан түрлі жәдігерлер сақталған. Мұнда әр кезеңге жататын қабырға, қол сағаттар, жүздеген төсбелгі, көмірмен қыздырылатын және электр үтіктер, самауырлар жинағы, ыдыс-аяқ, майданнан жазылған хаттар, ескі телефондар, 1970 жылдардағы радиолалар, транзисторлы радиоқабылдағыштар, магнитофондар, патефондар сақталған. Көпшілігі әлі күнге дейін жұмыс істейді.
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/KazinformАл мына ірі қара малдың сүйегінен жасалған кәдесыйлар кезінде Петропавлда жасалған екен. Бүгінде ілуде бір кездесетін бұл заттар ет комбинатында жұмыс істеген цехта шығарылған.
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/KazinformФото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform- Музейдегі ең көне экспонат - 1883 жылдың желтоқсанында шыққан «Южный край» газеті. Ол Харьков қаласында баспадан шыққан және Қазақстанның солтүстігіне кездейсоқ жеткен. Бүктелген газет көне айна артынан табылды. Өте жақсы сақталған. Сонымен қатар музейде ауыл тұрмысына қатысты заттар да бар: арба дөңгелегі, жүн иіруге арналған ұршық, май шайқайтын құрал сияқты бұйымдар. Ал соғысқа дейін жасалған «Zinger» тігін машинкасымен менің атам аяқ киім тікті, - дейді Петропавл тұрғыны.
Мұнда тек фотоаппараттың ғана отызға жуық түрі бар. Сергей Петрович жас кезінде фотоға түсірумен әуестенген. Кәсіпкердің хоббиі мұнымен шектелмейді. Бүгінде ол балық аулауды, бильярд ойнауды және бау-бақша егіп, күтуді ұнатады. Тағы бір қызығушылығы – ескі орындықтарды қалпына келтіру.
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/KazinformФото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform- Ескі үйлерді бұзу кезінде қызықты жәдігерлерді тауып жатамыз. Адамдар көшкенде кейбір затты ескі деп қалдырып кетеді. Солардың бірі – орындықтар. Мен оларды қалпына келтіруді ұнатамын, - дейді Сергей Тимофеев.
Сергей Николаевичтің айтуынша, көшкен үйде жиі қалатын заттардың бірі – кітаптар. Бүгінде кеңсенің бір қабырғасы осы туындыларға толған, енді оны қарттар үйіне сыйға тартпақ.
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/KazinformЖақында кәсіпкердің коллекциясы ескі вагонмен де толықты. Бүгінде жәдігерлердің бір бөлігі осы вагонда сақталған.
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/KazinformБұған дейін елімізде үш жылға музей құрылысына мораторий жарияланғанын жазған едік.
Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform